ҚЫЗЫЛОРДА (Ақмешіт). Қызылорда 1853 жылға дейін Ақмешіт аталып, Қо-
қандық шағын қамал болды. Орыс әскерлері келген соң оған Перовск деген ат
берілді. 1925 жылы Қазақ АССР-ының астанасы болуымен байланысты Қызылорда
аталды. Қызылорданың атын ақ маржан күріші мен қауын-қарбызы дүниежүзіне
танытты.
ӨСКЕМЕН. Өскемен қаласының іргесі 1820 жылы әскери қамал ретінде қалан-
ды, 1869 жылы Семей облысына қарайтын уездік қала болып белгіленді. Мұнда
өнеркәсіп орындарынан қорғасын-мырыш комбинаты, Өскемен титан-магний
комбинаты, Өскемен су электр станциясы бар.
ПЕТРОПАВЛ (Қызылжар). Қала Новоишим шекаралық шебінің Есіл өзенімен
қиылысатын жерінде Петр мен Павлдың бекінісі ретінде салынған. Ол 1807 жыл-
дан қала деп атала бастады. Қазір Петропавл – астықты аймақтың орталығы.
АТЫРАУ. Қазақстандағы ескі қалалардың бірі. Оның іргесі 1640 жылы қаланды.
Қаланың Гурьев аталуы орыс көпесі Михаил Гурьевтің есімімен байланысты. Аты-
рау тұрғындары мұнай өндіру, балық аулау, химия өнеркәсібі, машина жасау және
металл, құрылыс материалдарын өндірумен айналысады. 1995 жылы Гурьев аты
Атырау болып өзгертілді.
ТАРАЗ. XVIII ғасырдың соңынан бастап Әулиеата атанған бұл қала 1938 жылы
қазақтың халық ақыны Жамбылдың құрметіне Жамбылдың есімімен аталды. Өт-
кен 1996 жылы Жамбыл аты өзгеріп, бұрынғы Тараз атына қайта көшті. Бұл қалада
Қарахан мазары, Айша бибі күмбезі, Бабаджа хатун кесенесі, әйгілі Тараз монша-
сы бар.
ШЫМКЕНТ. Қазақстанның оңтүстігіндегі тоғыз
жолдың торабында (көп жолдың түйіскен жерінде)
орналасқан қала. Халқының саны, нарықтық ма-
ңызы жағынан үшінші орындағы ірі қала. Шымкент
ХІІ ғасырда Жетісу мен Қытайға баратын жолдың
(Жібек жолы) үстіне салынған. Қоқан хандығының
құрамынан 1864 жылы бөлініп шығып, басқа қазақ
жерлерімен бірге патшалық Ресейдің қол астына қарады.
• Қазақстанның тағы қандай ірі және көне қалалары айтылмады деп ой-