Пікір жазғандар: Базарбаева З. Филология ғылымдарының докторы, профессор Байтелиева Ж



Pdf көрінісі
бет15/159
Дата29.10.2022
өлшемі17,97 Mb.
#155535
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   159
Байланысты:
Qazaq til Абнасырова Р. (6)

СӨЙЛЕСІМ
Сұхбатты оқып шығыңыз.
Бауыржан Момышұлымен сұхбат
– Намыс, ар-ұят туралы айтқанда, сіздің сөздеріңіз еске түседі.
Сіздің түйсігіңіздегі намыс деген не?
– Намыс – азаматтың алтын туы.
– Ал осы намыстың өлшемі қайсы?
– Әке-шешесін сыйлаған балада ғана намыс болады. Оларды ұялтпайын,
сүйегіне таңба түсірмейін, ата-анамды, ағайын-жұртымды жерге қаратпайын 
дейді.
– Қандай адамды ардақтайсыз?
– Ардақты ананы қадірлеймін. Ары бар азаматты ардақтаймын. Талабы бар жасты 
құрметтеймін.
– Нені жақсы көресіз?
– Қазақтың қонақжайлығын жақсы көремін. Қазақтың досқа деген мейірбан-
дығын ұнатамын. Жастардың ата-аналары алдындағы перзенттік борышқа адал-
дығын ардақтаймын.
– Отаншылдық, Отан қорғау, патрио-
тизм, ұлтты сүю… Осы ұғымдар жайлы 
сіздің ұққаныңыз не?
– Отаншылдық – әр адамға керекті ең 
ұлы қасиет. Ал отаншылдық өз үйіңнен 
басталады. Кімде-кім ата-анасын ардақта-
са, сол ата-анадан бірге туған бауырлары-
мен тату болса, өзінің өскен ауыл, қаласын, 
туған ұлтын сыйлап, қадірлесе сол адам 
отаншыл болады. Өйткені, өз әке-шешесін 
ардақтамаған, өзгенің ата-анасын құрмет-
темейді. Өз ауылының тасын сыйламаған, 
өзге ауылдың тауын қадірлемейді. Ата-анасын сыйлаған шәкірт сабағын да жақсы 
оқиды, тәртібін де дұрыс ұстайды, шаруакер, адал, әділ болып өседі. Іс деген осы
патриотизм осыдан басталады.
(Қазақ тілі мен әдебиеті, «Назарбаев Зияткерлік мектептері»)
Сіз Бауыржан Момышұлына қандай сұрақтар қояр едіңіз?
ТЫҢДАЛЫМ
Әнді мұқият тыңдаңыздар.
Әлия 
Сөзін жазған: Бәкір Тәжібаев 
Әнін жазған: Сейдолла Бәйтереков 
Қобда, Нева суларын сүйіп өскен, 
Әсем гүлін құшаққа жиып өскен. 
Аққу құстың бейнебір баласындай
Сұлу сазды, жастықтың күйін кешкен.
Қайырмасы: 
Әлия – ару қызы сен халқымның, 
Әлия – батыр қызы сен халқымның, 
Ерке құсы сен даламның! 
Саған белгі орнаттық мәрмәр тастан, 
Саған күнде қызыққан мөлдір аспан. 
Саған күнде жазылған көркем дастан
Саған күнде құшағын көктем ашқан. 
Қайырмасы: 
Әлия – ару қызы сен халқымның, 
Әлия – батыр қызы сен халқымның, 
Ерке құсы сен даламның! 
Шолпан жұлдыз – өзіңсің шоқтай жарық, 
Көз алмаймыз көркіңнен, тоқтай қалып. 
Туған жердің төсінде мәңгілікке, 
Тұр ғой сенің жүрегің оттай жанып. 
Қайырмасы: 
Әлия – ару қызы сен халқымның, 
Әлия – батыр қызы сен халқымның, 
Ерке құсы сен даламның! 


20
21


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет