14
15
Көгілдір түс. Аталған түсті ұнататын жандар тылсым құбылыстарға жақын. Өзге-
лер байқамайтын күшті сезінеді, әрі көріпкелдік қасиеті бар. Әртістік қабілеттері
де зор. Достары өте көп. Отбасындағы мәселелерге назар аудармаса да, өзгелердің
қиындығын шешуге құмар. Аналарын өте қатты жақсы көреді. Жалғыздықты суқа-
ны сүймейді.
Жасыл түс Қайнап
жатқан тіршіліктің, өмірдің, көктемнің, табиғаттың түсі. Бұл
түсті таңдайтын жандар кез келген қиындықтан, өзгелердің өзіне үстемдік жүргі-
зуінен қорқады.
Сары түс. Сабыр мен аса мәдениеттіліктің көрсеткіші.
Біреуге қарыздар болған-
ды ұнатпайды. Кез келген ортаға тез бейімделіп, қиын-қыстау сәттерде батыл мі-
нез танытады.
Көпшілікті өзіне баурап, достарының көп болғанын жақсы көреді.
Сұр түс. Жеті рет өлшеп, бір рет кесетін,
әр сөзін ойланып барып айтатын, өзге-
лерге көп сенбейтін жандардың сүйікті түсі. Әдетте, өзін жарнамалап, көпшіліктің
көзайымына айналуды жөн көрмейтін жандарға тән. Ал ұшқалақ,
албырт адамдар
ұната бермейді.
Қоңыр түс. Жердің түсі. Ешкімнің жетегіне еріп кетпейтін, сөздің парқын баға-
лай білетін жандар таңдайды. Отбасылық құндылықтарды жоғары қойып, әдет-
ғұрып, салт-дәстүрді барынша қадірлейді.
Өте жұмбақ, бойында өзімшілдік қасиеті
басым жандар бұл түсті ұнатпайды.
Достарыңызбен бөлісу: