Мұхамеджан
Тынышбаев
тұңғыш теміржолшы;
Әлихан Бөкейханов
қазақ үкіметінің тұңғыш төрағасы;
Санжар
Асфендияров
Мәскеу мемлекеттік университетінің тұңғыш қазақ профес-
соры, Қазақ университетінің тұңғыш ректоры, қазақтың
тұңғыш полиглот ғалымы;
Қажымұқан
Мұңайтпасов
қазақтың тұңғыш кәсіби палуаны, әлем чемпионы атанған
тұңғыш қазақ;
Нәзір Төреқұлов
тұңғыш қазақ баспагері, КСРО-дағы тұңғыш қазақ елшісі;
Мұхамеджан
Қарабаев
тұңғыш қазақ кәсіби дәрігері;
Бақытжан
Қаратаев
қазақтың тұңғыш заңгері, Мемлекеттік Дума депутаты ретін-
де патша үкіметінің қазақ жеріндегі аграрлық саясатын ашық
сынға алып, сөз сөйлеген тұңғыш қазақ;
Әлкей Марғұлан
тұңғыш қазақ археологы;
Ескендір
Тынышбаев
тұңғыш қазақ кинооператоры;
Ахмет Жұбанов
тұңғыш қазақ кәсіби музыканты, кәсіби музыка мәде-
ниетінің негізін қалаушы, тұңғыш қазақ дирижеры, Құрман-
ғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының тұңғыш
ректоры;
Нұрсұлу Тапалова
қазақтың тұңғыш балеринасы;
Шоқыр Бөлтекұлы
қазақтың тұңғыш боксшысы;
Шәкір Жексенбаев
тұңғыш қазақ генералы;
Төлеу Бәсенов
тұңғыш қазақ сәулетшісі;
Хиуаз Доспанова
қазақ қыздары арасынан шыққан тұңғыш ұшқыш;
Әмен Қайдаров
тұңғыш қазақ мультфильмінің авторы.
Жұптық жұмыс
«Тұлғаларды танимыз ба?» ойынын ұйымдастыру. Екі адамнан жұп құрап,
біріншісі екі тірек сөз арқылы тұлға туралы мәлімет береді, екіншісі табу керек. Кейін
керісінше жалғаса береді.
Тарихтағы тұңғыш тұлғалардың бірін алып, презентация дайындаңыз. Презента-
ция мазмұнында қамтылуы керек:
1. Тұлғаның өмірінен қызықты деректер (оның қызығушылығы, отбасы, т.б);
2. Жұмыс атқарған саласы (қай салада тұңғыш, еңбектері, т.б);
3. Бүгін қоғамдағы аталған тұлғаның танымалдылығы (Жастар ол тұлғаны тани
ма, біле ме (анкета, видеоинтервью, т.б);
4. Қазіргі таңдағы тұлға есімінің дәріптелуі (оның атында көше, мектеп, мемо-
риалдық мұражайы бар ма, т.б).
Достарыңызбен бөлісу: |