Берiктiк принципi
Бұл принципте келесiдей заңдылықтар анықталған: бiлiм
мазмұнын игеру және оқушылардың танымдық күш-қуатының
дамуы – оқу үдерiсiнің бiр-бiрiне байланысқан екi тарапы;
игерiлген оқу материалының берiктiгi ақылға сай жағдаяттарға,
яғни бұл материалдың мазмұны мен құрлымына ғана тәуелдi
болып қоймай, оқушылардың сол пәнге, материалға, мұғалiмге
деген субъектив қатынастарына да орайлас; игерiлген бiлiмнің
берiк болуы оқуды ұйымдастыруға, әрқилы оқу түрлері мен
әдістерiн пайдалануға, сондай-ақ оқу мерзiмiне байланысты
келедi; оқушылар жады таңдамалы сипатқа ие: қандай да ма-
териал оларды маңыздылығымен қызықтырса, сол материал
берiк орнығады және ұзақ сақталады.
Игерiлген бiлiмдердің бекуiне жәрдемшi оқу iс-әрекетiн
түсiнуден дәстүрлi оқу жүйесiне жаңа ережелердi ендiру
мүмкіндiктері ашылды:
– Қазіргі заман оқуында ес мүмкіндiктерiнен гөрi ойлау
қабiлетi көбiрек iске қосылады. Сондықтан аса қажеттi болмаған
бiлiмдiк материалдарды жаттауға сарп етпей, балалардың күш-
қуатын үнемдеңiз, ес жүктемесiн ойлау әрекетiне кедергi болар
дәрежеде арттырмаңыз.
– Қате қабылданған немесе түсiнiксiз материалдардың есте
бекуiне жол қоймаңыз. Бала әр уақыт саналы игерiлген және
түсiнген бiлiмiн ғана есте сақтайтын болсын.
– Қосалқы сипатқа ие материалды жаттаудан балалар-
ды құтқару үшiн, оларды әрқилы анықтама кiтаптарымен,
сөздіктермен, әмбебап ақпарат құралдарымен пайдалануға
үйретіңiз.
– Есте сақтауға қажет материал қысқа да нұсқа болуы тиiс.
Оқушының өзi ойланып, жеңiл есiне келтiретiндерiнің бәрiн
жатталатын материалдар қатарынан шығарып тастаңыз.
– Есіңiзде болсын, өтiлгендi ұмыту үдерісi оқу жұмысы бiт-
кен бойда қарқынды жүреді, сондықтан қайталаулар уақыты
мен жиiлiгi ұмытудың психологиялық заңдылықтарымен
сәйкестендiрiлуi қажет.
192
– Қайталаулар жиiлiгi оқушының ұмыту жағдайларына
сәйкес болуы тиiс. Қайталаулардың көбi жаңа материалдың
өтiлу iзiмен, яғни ақпараттың ең көп жойылатын мезетiнде
ұйымдастырылып, ал кейiн бұл бекiту жұмыстары бiрте-бiрте
кемидi, бiрақ толық тоқтатылмайды.
– Оқушыларды өз мүмкіндiктерiне сәйкес күш салып, жұмыс
iстеуге үйретіңiз. Ерiншектiкке жол бермей, тиiмдi iс-әрекет
желiсiн қалыптастырыңыз.
– Алдын-ала оқу үдерісiне аса қажет екi сапаны – қызығу
мен ұнамды қатынас қалыптастырмай, жаңа материал өтудi
бастамаңыз.
– Оқу материалын ұсынуға назар салуды ұмытпаңыз. Өзара
қисынды байланыстағы бiлiмдер мен нанымдар жеке-дара,
тұтастығы жоқ ақпараттарға қарағанда, берiк игерiледi.
– Оқу қарқыны төмендегенiн байқаудан, кейiн қалдырмастан
оның себебiн анықтаңыз. Бұл жағдайдағы себептер түрі келесi-
дей болуы мүмкін: оқу барысына қызығушылықтың болмауы
және шаршау. Оларды қайта қалпына келтiрудің жолдарын
iздестiріңiз. Оқу барысын жасанды жолмен жеделдетпеңiз.
– Оқушылардың ырықты зейiнiн аса жүктемеңiз; тiкелей тап-
сырмалар және көрсетпе беруге құштар болмаңыз. Балаларды
өз кеңестеріңiздi тыңдап, құлақ салуға үйретіңiз. Оларды өте
қызықтырған жәйттер жөнiнде ұстамдылықпен әңгімелеңiз.
Сабақта балаларды оқу жұмысына елiктiргендей материал-
дарды байыппен пайдаланыңыз. Кезектi тәрбие “уағызының”
орнына – әзiл, ертегi, өнеге хадистер, аңыз-әңгімелер
пайдаланыңыз. Балалар сiздi түсiнерi сөзсiз.
– Оқушылардың бiрiн-бiрi оқыту жүйесiн кең пайдаланыңыз,
әрi оны үлкен ептiлiкпен бағдарлап барыңыз. Мұғалiм ұзақ
уақытын сарп етiп, қалыптастыра алмаған баланың кейбiр
қасиеттерi осы бiрiн-бiрi оқытуда кенеттен жеңiл әрi жылдам
пайда болады.
– Оқушылардың жады қабiлетiн дамытыңыз, есте қалдыруды
жеңiлдетушi әрқилы тәсiлдердi пайдалануға үйретіңiз.
– Оқылғанның бәрiн саналы, терең және берiк игертуге
тырыспаңыз, оқушы ең басты деген ақпараттарды игеруге күш
салсын, бұл бұдан былайғы оқуды жалғастырудың негiзi.
193
– Күнi iлгерi ұнамды сеп-түрткілер қалыптастырмай, жаңа
материалды өтуге кiрiспеңiз. Бала санасына күштеп енгiзiлген
бiлiм ұзақ сақталмайды.
– Оқу логикасын сақтаңыз, өйткенi өзара қисынды
байланысқан бiлiмдер берiк игерiледi.
– Өтiлген материалдарды қайталау мен бекiтуде оқушы жа-
дын ғана дамытып қоймастан, оның ой-өрiсi мен сезiмдерiнің
белсендiлiгiн көтеруге тырысыңыз.
– Бiлiмдердi түсiндiру және бекiту жұмыстарын жүргізумен
бiрге жаңа мысалдар енгiзiп, нақтылаушы қорытындылар кел-
тiрiп, жарқын көрнекi құралдар пайдаланып, олардың ауқымын
кеңейтуге көңіл аударыңыз.
– Материалдарды қайталауда алғашқы танысу са-
бағындағыдай емес, жаңа жүйелердi пайдалануға тырысыңыз.
Оқушыларды өтiлген материал қорын жаңа тұрғыдан талдауға,
салыстыруға үйретiп, өз пiкiрлерiн бiлдiруге мүмкіндiк беріңiз.
– Оқу берiктiгiн қамтамасыз ету үшiн қызықты баяндау
тәсiлдерiн, көрнекi құралдарды, техникалық оқу жабдықтарын,
дидактикалық ойындарды қолданыңыз.
– Жаңа материалды өту барысында оны бұрын игерiлген-
дерiмен байланыстырыңыз, өткендердi жаңа материалдарға
қоса қайталаңыз. Оқу тапсырмаларыңыз бiрдейiне жеңiл әрi
бiртектi болмасын: олар балаларды тез шаршатып, даму ба-
рысына кедергi болуы мүмкін. Жаттығуларыңыздың бәрi мән-
мағыналы болуына назар аударыңыз. Белсендi ой мен саналы
шешiм iздестiрудi, нәтижелердi берiлген шарттармен салысты-
руды қажет еткен жаттығуларды орындау тиiмдi келедi.
– Жаттығу алдын ненi және қалай орындауды, жұмыс
нәтижесiне қандай талаптар қойылатынын жете түсiндiріңiз,
өрнек, үлгi жұмыстарын жүргізіңiз.
– Жаттығулар барысында оқушыларды шаршатып алатын-
дай ауыр жүктемелерге душар етпеңiз.
– Оқушылардың дамуындағы өзгерiстердi анықтау үшiн
ғылыми негiзделген нақтамалық тәсiлдер түрін, шараларын
және бақылау әдістерiн қолданыңыз: тек осылай ғана оқу
нәтижесiнің тиiмдiлiгiн көтеруге, оның нәтижелiлiгiн мақсатты
бағдарлап баруға болады.
194
– Оқушы еңбегiн бағалаумен байланысты жағдаяттарды ес-
тен шығармаңыз: қалаған iс-қызметке саналы және жауапкерлi
қатынас қалыптастыруға мән беріңiз, өз еңбегiнің желiсi мен
нәтижелерiн бақылап баруға үйретіңiз.
– Бiлiмдердi бекiтудің маңызды формасы – оқушылардың
өзiндiк қайталаулары. Мұндай жұмыстарға қолдау-қуаттау
берiп, жиi ұйымдастырылуына жәрдем етіңiз. Балалардың
сабақтан қалуына, дәрiстерден бас тартуы мен онда жұмыссыз
отыруына тиым салыңыз, себебi бұл бiлiм және ептiлiктердің
берiк игерiлуiне нұқсан келтiредi.
Достарыңызбен бөлісу: |