Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет143/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Түсiнiктiлiк принципi
Түсiнiктiлiк принципi оқытудың көп ғасырлық тәжiрибесi 
талаптарынан туындайды: бұл, бiр жағынан – оқушылардың 
жастық даму заңдылықтарына байланысты келсе, екiн-
шi жағынан – дидактикалық үдерiстi оқушылардың даму 
деңгейiмен сәйкестендiре ұйымдастыру және iске асыруға 
тәуелдi. Бала өзiнің ойлау деңгейiне, жинақтаған бiлiмi, ептiлiгi, 
ойлау тәсiлдерiне сәйкес келген дүниенi ғана түсiне алады. 
Түсiнiктiлiк принципiн iске асыруды, өз уақытында 
Я.А.Коменский өрнектеген классикалық ережелер: жеңiлден-
қиынға, белгiлiден-белгiсiзге, қарапайымнан-күрделiге өту. 
Қазіргі заман оқу теориясы мен тәжірибесі түсiнiмдi оқытуда 
мiндеттi болған ережелер тiзiмiн кеңейте түстi: 
– Өтiлуге тиiс материалдардың бәрi әр жас қабылдауына 
сәйкес реттестiрiлiп, ұсынылуы тиiс. 
– Оқушы санасы қандай да пәндi қабылдауға дайын болуы 
қажет екендiгiн ұмытпаңыз. 
– Оқыту барысында балалардың табиғи мүмкіндiктерiн, 
олардың дайындығы мен даму деңгейiн арқау етіңiз. 
Балалардың өмiр тәжiрибесiн, қызығуларын, бейiмдiлiгiн, даму 
ерекшелiктерiн зерттеңiз және оқытуда ескеріңiз. 
– Оқу мазмұны және тәсiлдерi балалар дамуынан бiр шама 
алда жүретіндей болсын. 
– Оқушылардың әртүрлі топтарындағы оқу ерекшелiктерiн 
назарға алыңыз. Бiр тектi мүмкіндiктерi бар балаларды жiктеулi 
топтарға бiрiктiріңiз. 


195
– Оқу үдерісін тиiмдi қарқында жүргізіңiз, бiрақ күштi 
оқушыларды аяқтан тартпайтындай, сонымен бiрге орташа 
және үлгерiмi төмен оқушылардың дамуына тиiмдi ықпал жа-
сайтындай етiп ұйымдастырыңыз. 
– Оқу жұмысы белгiлi дәрежеде күш салуды қажет етедi. 
Олай болмаса, балалар жұмыс орындауға дағдылана алмайды. 
Оқушылар әрдайым өз мүмкіндiктерiнен төмен оқу қарқынын 
қалайды. Осыны ескерумен мұғалiм әр оқу жағдайына сәйкес 
оқу желiсiн тиянақты әрi нақты белгiлеп барғаны жөн. 
– Педагогиканың және психологияның жаңа жетiстiктерiн 
пайдаланыңыз: нақты бiлiмдер мен ептiлiктердi кiшi көлемдегi 
материалдар жәрдемiмен қалыптастырып барыңыз, ал 
қорытынды бiлiмдердi қалыптастыруда – iрiленген бiлiм топта-
рын (блоктарын) пайдаланыңыз. 
– Сабақ барысында ұқсастықты, салыстыруды, беттес-
тiрудi, қайшылықтарды кең қолданыңыз. Жаңа және күрделi 
материалды өтуде күштi оқушыларды қатыстырыңыз, ал бекiту 
жұмыстарына – орташа және төмен оқушыларды тартыңыз. 
– Жаңа ұғымды енгiзу бiр сабақтың танымдық мiндеттерi-
мен ғана байланыстырылмай, бүкiл өтiлген оқу жүйесiне негiз-
делуi тиiс. 
– 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет