Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет146/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Көңіл-күй ескеру принципi
Көңіл-күй ескеру принципi бала табиғатының дамуы мен 
оның iс-әрекетiне байланысты туындайды. Ұнамды көңіл-
күйден адам жаны нәр алады, ой өрiсi сәуелелене түседi, оқу 
жеңiл, жылдам және жағымды сезiммен қабылданады. Егер 
оқушының кiтап оқуға зауқы болмаса, оны ауыр да азапты 
еңбек сипатында қабылдаса, одан табысты нәтиже күтудің 
өзi болымсыз iс. Сондықтан да оқу алдында баланың ұнамды 
көңіл-күйiн көтерiп, оны қуанышты оқиға ретiнде қабылданатын 
дәрiс жұмысына дайындау қажет. Ұнамды қатынас болмаған 
жерде оқу үдерісi өз ықпалының жартысын жояды. Ықыласы 
болмаған адамды оқыту – бос әурешiлiк. Көңілiн қорқыныш, 
өшпендiлiк, жеккөрушiлiк жайлаған баланы оқыту оның сана-
сына шынайы болмыс деректерiн зорлап ендiрумен бiрдей. 
Мұндай жолмен қабылданған бiлiм ұзаққа бармай ұмытылады, 
одан келер пайда болымсыз. Сондықтан педагогтар бар ше-
берлiгiн қосып, мектептегі оқу еңбегi мен бiлiм тартымдылығын 
көтеруге ат салысады. Олар бала елiктегендей ғажайып кейiп, 
перiлерден бiрде кем болмаған ұлағатты тұлға бейнесiн жа-
сайды. Бала жанын сенiм шуағымен жылытып, оның алғашқы 
қадамдарына қолдау көрсетедi. Мектеп өмiрiн мұғалiмдер 
жарқын да қызықты iстер, оқиғалармен толтырып отырса, 
олардың бәрi балалық шақтың балдәуренi секiлдi оқушы есiн-
де ұзаққа сақталады. Оқудың көңіл-күй принципiнің талаптары 
осы. Ал бұл талаптарды iске асыруда мұғалiмнің мiндеттерi:
– Әр сабаққа дайындалу барысында оқушылардың ұнамды 
көңіл-күйiн қалыптастыру мен қолдау жолдарын ойластыру. 
Алдағы оқу жұмысы неғұрлым зерiктiргендей әрқилы болса, 
оқу материалы неғұрлым құрғақ әрi абстракт келсе, ұнамды 
көңіл-күйдің болуына пайда етудің мүмкіндiктерiн iздестiрiп 
бағу.


199
– Сынып босағасын көңіл жадыратар кейiппен аттап, ба-
лалармен әзiлдесе, оларды жiгерлендiретiндей сөз тауып, 
сабақты бастау.
– Демократиялық қарым-қатынас мәнерін ғана ұстану.
– Балалар болмысына, олардың iстерiне қызыға қатынас 
жасап, араласып бару.
– Сыныпта қапелiнде болып қалатын дау-дамайды әрқашан 
сабырлы, айқайсыз, тұрпайы және намысқа тиер сөздерсiз 
шешу.
– Күдер үзгендей әрi қиын жағдайлардан шығу үшiн орайы 
келген әзiл-қалжыңды пайдалану. 
– Сабақтың әсем, бейнелi, көңілдi өткiзiлуi үшiн оқу әрекетін 
танымдық ойындар, жарыстар, конкурстар мен сайыстарға 
толтыра жүргізу.
– Кiшi оқушының ойлауын оның сезiмдерi мен толғаныста-
рынан ажыратпау: оқу-тәрбие үдерісінің эмоционал көрiктi болу 
қажеттiгi – бала ойының даму заңдылықтарынан туындаған 
талап.
– Әрдайымғы көңіл-күй көтеретiндей сәттерден ұнамды 
қалыпта өтетiн тұрақты кейiп жағдайларына өту.
– Оқу материалдары, оқу әдістерi мен танымдық еңбек 
ұйымдастыру формаларының ұнамды көңіл-күй молшылығын 
пайдалану.
– Оқушыларды жаңа материалды жарқын көңілмен қабыл-
дауға дайындау.
– Қызығушылыққа кедергi болар жәйттерден сақтаныңыз, 
ол үшін жаттанды материалдарды кемiтуге, құрғақ сөзді 
жұмыстарды қысқартуға, сабақ қарқынын бәсеңдетуге, жұмыс 
ұйымдастырудағы келеңсiздiктерге, мадақтау мен бағалауда 
бiр формаға танылып қалмауға, бала толғаныстарының елен-
беуiне жол бермеңіз.
– Балалардың шынайы табыс толғанысын басынан кешiп, 
оның нәтижелерiмен қуантудың қамын жасау.
– Жақсы орындалған жұмыстан алған қанағат сезiмiн бекiту.
– Қатынас тiлiнің шабытты, бейнелеу мәнерлiлiгi, сөз 
көркемдiгi, әсемдiгi мен тазалығына мән берiп, қадағалау.


200
– Тосын, елiктiргендей тәсiлдермен балаларды оқу тап-
сырмаларына қызықтырып, олардың көңіл көтеріңкiлiгiн 
қамтамасыз ету.
– Мүмкін болғанынша дәрiстер мен сыныптан тыс сабақ-
тарды табиғат аясында өткiзу.
– Сабақ барысында, сыныптан тыс оқу жұмыстарында 
жағымды көңіл-күй шарттарын жасау үшiн ән-күйді пайдалану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет