340
жаманмын” деген пiкiр ұялайды, ал мұның салдары қалаған
келеңсiз әрекет-қылықтарға дайын тұру. Өз басының қадiрiн
бiлмейтiн, өзiн-өзi сыйлай бiлмейтiн адамнан не күтуге болады?
Өзiндiк бағам мен өзіне деген құрмет деңгейiнің кем болуы жан,
көңіл жайсыздығынан дискомфорт туындайды. Ал мұның бас-
ты себебi – үлкендер немқұрайлылығы мен қайырымсыздығы.
Ересектер баланы көзіне де iлмейдi, оны қолдамайды, табы-
сына орай тиiстi мақтау-мадағын беруге ерiнедi, тiптi оның
қажет екенiн сезбейдi де. Осыны көрiп өскен бала, өз қадiрiн
қайдан бiлсiн? Осыдан бала бүкiл әлемге өкпелi де наразы,
ендi ол өзiн төңірегiндегiлерге болған өшпендiлiлiгiмен қорғай
бастайды.
Тәрбие аймағындағы мұндай сырқаттан құтылудың ең
әсерлi жолы - қайырымдылық, әлпеш, мейiр. Ал егер “Мен”
әбден тозған болса, аталған емнен қайыр жоқ. Тереңдей
күйреген “Мендi” ешқандай табыс қызықтырмайды, өзi жөнiнде
жүрттың не деп жатқанын тiптi де елемейдi. Болар iстің бәрiне
күнi iлгерi белiн бекем буып, дайын тұрады. Тәрбие, дәлiрек
айтсақ – өзiндiк тәрбие қиыншылығының асқынуы мұғалiм үшiн
жеңiл соқпайды: ендi оның алдында “Менi” өзгерген баланың
бағамдау және мiнез-құлық елiктемелерiн түбегейлi ауыстыру
мiндетi тұр, яғни ол оң талаптарға сай бұрын соңды болмаған
жаңа, “Мен” қалыптастыруы тиiс. Ал бұл қаншалықты жүйке
мен уақыт керек ететiнiн өзіңiз шамалай беріңiз.
Баланың
Достарыңызбен бөлісу: