337
тәжiрибесiне және тәрбиеленушi көңілiнің ашықтығына тәуелдi.
Кейде тiптi әйгiлi мамандардың өздерi төңірегiндегілерден
оқшауланып, “iштей тынған” тәрбиеленушiнi дұрыс түсiне ал-
май, қиналады. Мұндай жағдайдың болатын себебi – баланың
iшкi қалпы оның сырттай белгiлерiне сәйкес келмейдi, iшкi жан
дүние мен оның сырттай көрiну тәсiлдерi өзара үйлеспеген.
Және бiр ескертетiн жәйiт - ұзақ уақыт бастауыш сыныптарда
қызмет еткен мұғалiмдерде тұрақты қабылдау және бағалау
өлшемдері бекидi. Бұл арада тәрбиешi тұрғысынан мәндi
деп есептелген кiшi жастағы оқушыларда аса көп кездесетiн
типтiк өзгешiлiктер көрiнiс табады, әлбетте, мұндай бекiген
өлшем-шектер баланы түсiну үдерісін жеңiлдетедi, алайда
типтiк қатарға “сыймайтын” балаларды тануда үлкен кедергiлiк
етедi. Бүгiнгi таңда бiздің дәстүрлi сана-сезiмдiк қалыбымызға
сыйыспайтын балалар саны көбеюде, сондықтан мұғалiмдер-
дің өз өлшем-шектерiнің құрсауында қала бермегенi дұрыс.
Икемшiл, ауыспалы, қозғалмалы болған жөн.
Зерттеулер айғақтағандай, мұғалiм екi-үш баланы ғана
түбегейлi түсiнуi мүмкін, 10-12 оқушының мiнез-құлығынан
қажеттi деңгейде жалпы хабары болуы мүмкін. Ал қалған
оқушыларды қабылдау мен бағалауда үйреншiктi елiктеме
әдісiмiздi қолданамыз (“баяғыда сондай едің, бүгiн не қарық
дейсің!”, “Ол оны бiлмейдi, бұны да оңдырмас! ж.т.б.). Егер
бала-бақшада не сыныпта бала саны шектен тыс көп болса,
не iстеймiз. Мұндайда бiрден бiр көмекшi құрал –
Достарыңызбен бөлісу: