Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет268/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Екiншi кезең
– әр тақырыпты игеру үдерiсiндегi ағымды тек-
серiс. Оның қызметi – оқыту-оқу барысына қозғау салу. Мұндай 
тексерудің әдістерi мен формалары сан-қилы болып, оқу 
материалының мазмұнына, оның күрделiлiгiне, оқушылардың 
жасы мен дайындық деңгейiне, оқу деңгейi мен мақсатына, 
нақты жағдайларға тәуелдi келедi.
Үшiншi кезең
– өтiлген тақырыптарды қайта тексеру 
жаңа материалдардың өтiлуiмен бiрге жүргізiлiп, игерiлген 
бiлiмдердi бекiтуге бағышталады. Мұндай тексеру тиiмдiлiгi 
нақтамалаудың басқа да әдіс және формаларымен сабақтаса 
ұйымдастырылғанында ғана көрiнедi.
Төртiншi кезең
– тұтас бөлiм не қомақты тақырып бойын-
ша игерiлген бiлiмдер мен ептiлiктердi мерзiмдi тексеруге 
бағытталады. Бұл тексерудің мақсаты – әр бөлiмге байла-
нысты өтiлген оқу материалының құрылымдық элементтерi 
арасындағы өзара ұштастық сапасын нақтамалауға арна-
лады. Мерзiмдi тексерудің басты қызметi – жүйелеу және 
қорытындылау.
Бесiншi кезең
– дидактикалық үдерiстің барша сатыларын-
да меңгерiлген бiлiм мен ептiлiктердi қорытынды тексерiске 
салу. Үлгерiмнің қорытынды жайы әр тоқсанның ақыры мен 
жыл аяғында анықталып барады. Мұндай тексерiс мақсаты 
– тоқсан не жыл бойында қойылған бағаларды қосып, орта-
ша үлгерiм ұпайын шығара салу емес. Ең алдымен, бұл – осы 
кезеңде көзделген мүддеге сай оқушының нақты сауаттылық 
деңгейiн (сапасын) айқындау.
Арнайы өткiзiлетiн бақылау түрі – бiрiгiмдi (аралас) тексерiс. 
Мұндай тексерудің жәрдемiмен оқушылардың әрқилы пәндер 
бойынша игерген бiлiм, ептiлiк және дағдыларын тәжірибелік 
мәселердi шешуге қолдана бiлу қабiлетiн нақтамалау. Әрине, 
бұл секiлдi тексерiс аумағы әзiрше шектеулi, бiрақ оқу 
бағдарламаларына бiрiгiмдi (интегратив) курстардың енуiмен 


365
мұндай нақтама әлi-ақ қажеттiгiн танытары даусыз. Бiрiгiмдi 
тексерiстің басты мiндетi – пәнаралық байланыстарды iске 
асыру сапасын нақтамалау. Бiрiгiмдi тексерудің басты қызметi 
– балалардың өтiлген барша пәндер негiзiнде құбылыс, оқиға, 
үдерiстерге түсiнiктеме бере алу қабiлетiн ашу.
Педагог оқушының нақты бағасын қоя отырып, оған негiз-
деме беруi шарт. Әлбетте, мұндайда қателiктер де, субъектив 
бағалау да болуы мүмкін. Мұғалiм субъективизмiнің себептерi 
де әрқилы: мысалы, “сүйікті” оқушы, алдыңғы партада отырған 
шәкiрт, жазуы көрiктi оқушы, т.с.с. – ұпайлары жоғары келедi. 
Тiлдiк дарыны кем оқушылар қайткен күнде де төмен бағаға 
таңылады. 
Ауызекi және жазба бақылау формалары жөнiнде әңгіме 
қозғалғанда әрдайым жазба жұмыстар тараптарлары 
басымдылық танытады. Ауызекi бағалау шапшаң жауап беру-
ге, тiл ұстартуға көмекшi болғанымен, шынайылылыққа әдiл 
негiз бола бермейдi. Ал жазба тексеру шынайы бағалауға негiз 
бере отырып, оқушының қисынды ойлауы мен нақты мақсат 
бағытында пiкiр жүргізу қабiлетiн дамытады. Жазба бақылау 
кезiнде оқушының ой жинақтылығы жоғары, тапсырма мәнiне 
тереңiрек енедi, жауап баламаларын ойластырып, әртүрлі 
шешiм жолдарын түзедi. Жазба бақылау оқушыны өз ойын дәл, 
үйлесiмдi әрi байланысқан күйде өрнектеуге тәрбиелейдi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет