45
денсаулығына байланысты кейбiр жағдайлардың қамтамасыз
етiлмегенiнен хабар берiп, оны қалпына келтiру үшiн шаралар
қолдану қажеттiгiн бiлдiредi. “Әлеуметтiк” орта түсiнiгi қоғамдық
құрылым, өндiрiстiк қатынастар жүйесi, өмiрдің материалдық
шарттары, өндiрiстiк және әлеуметтiк үдерiстердің жүріс си-
паты және басқа да жағдаяттарды аңдатады. Ортаның адам
қалыптасуына ықпалы қандай? Қоршаған орта маңыздылығын
барша дүние педагогтары мойындауда. Дегенмен, сол ортаның
ықпал дәрежесiн бағалауда әртүрлі көзқарас қалыптасқан.
Дерексiзденген (абстракт) орта болмайтыны белгiлi.
Нақты
қоғамдық орта, адамның нақты өмiр жағдайлары, оның
жанұясы, мектебi, достары болады. Осыдан алыс және жақын
қоршаған орта неғұрлым қолайлы жағдайларды қамтамасыз
ете алатын болса, соғұрлым адам өз дамуында жоғары
деңгейлерге көтерiледi.
Адам дамуының әсiресе
балалық шағында жанұяның
маңызы орасан. Адамның алғашқы өте қажет даму және
қалыптасу дәуiрi осы жастық шағына байланысты. Бала өзi
туып өскен және дамыған жанұяның дәл бейнесiн қайталайды.
Оның қызығулары мен қажеттерi, көзқарастары, құндылықтар
бағыты өскен отбасының сипатына тәуелдi. Осы отбасында
баланың табиғи нышандарының дамуына материалдық және
де басқа жағдайлар жасалады. Тұлғаның адамгершiлiк және
әлеуметтiк сапалары да – отбасыдан.
Қазіргі күнде
қай отбасы болсын, қиын кезеңдi басынан
кешiрiп жатыр. Ажырасқан некелер, бiржағы кемiс отбасы-
лар, әлеуметтiк кiрiптарлық пен жоқшылыққа ұшыраған бала-
лар саны ұлғаюда. Отбасы дағдарысы,
мамандардың пiкiрiн-
ше, көптеген келеңсiз қоғамдық құбылыстардың, ең алдымен
кәмелетке жетпегендер ортасындағы тәртiп бұзушылықтың
басты себебiне айналып отыр. Елдегi құқық бұзушылардың ба-
сым көпшiлiгi 14 пен 18 жас аралығындағы жасөспiрiмдер. Бұл
қоршаған орта ықпалының керi кетiп жатқанын, онымен бiрге
даму нәтижесiнің де төмендегенiн байқатады.
Не маңыздылау - қоршаған орта ма нәсiлдiк пе? Маман-
дар пiкiрi бөлiндi. Кей педагогтардың бағалауынша, барлық
шарттар арасында ортаның ықпалы 80% құрайды.
Екiншi бiр
зерттеушiлердің есебiнде, керiсiнше, 80% даму – нәсiлдiктен.
46
Негiзгi жағдаяттардың ақыл дамуына ықпалы жөнiнде ағылшын
психологы Д.Шаттлеворт (1935 ж.) келесiдей қорытынды
жасаған: – ақыл дамытушы жағдаяттардың 64% нәсiлдiк
ықпалдан;
– 16% – отбасы жағдайлары деңгейiнің айырмашы-
лығынан;
– 3% – сол отбасыдағы
балалардың тәрбие айырмашы-
лығынан;
– 17% – аралас жағдаяттардан (нәсiлдiктің ортамен бiрлiк-
тi әсерiнен).
Әр адам өзiнше дамиды. Сондықтан, әркiмге болатын
нәсiлдiк және орта ықпалдары әрқилы. Ал ендi бұл себептердің
қайсысы қаншалықты ықпал жасайтыны, олардың араласа
қандай нәтижеге әкелетiнi көп жағдаяттарға тәуелдi. Олардың
өлшемi, сипаты дәрежесiн сандық
көрсеткiшке келтiру тiптi
мүмкін емес.
Сонымен, адамның даму үдерісi мен оның нәтижесi үш
басты жағдаяттардың –
Достарыңызбен бөлісу: