Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов


адам мақсатқа жетудің құралы емес



Pdf көрінісі
бет61/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

адам мақсатқа жетудің құралы емес, 
тұлғаның өзi – сол мақсат. 
Педагогика тарихы - тәрбие мақсаттарының пайда болуы, 
жасауы, және жойылуының ұзақ та шырғаланды тiзбегi. Осы-
дан, тәрбие мақсаттарының түбегейлi тұрақты болмайты-
нын түсiнемiз, сондай-ақ, формальды дерексiзденген, барша 
кезеңдер мен халықтардың бәрiне бiрдей қолданымға түсетiн 
мақсаттардың да болуы мүмкін емес. Тәрбие мақсаттары 
қозғалысты, өзгермелi, нақты тарихи сипатқа ие. 
Тәрбие 
мақсаттары жол-жөнекей, кездейсоқ, өзінен- өзi немесе жеке 
адамдардың тiлек-ниетiмен пайда болмайды. Қоғамдық даму 
тарихының айғақтағанындай, тәрбие мақсаттары бiрнеше өте 
маңызды себептермен орайлас. Тәрбие мақсаттарын таңдауда 
және оларды белгiлеу мен iске қосуда табиғаттың, қоғамның, 
адамның шынайы даму заңдылықтарын арқау ету мiндеттi. 
Тәрбие мақсаттарын таңдауға ықпал жасайтын жағдаяттар 
қандай болуы мүмкін? Жоғарыда ескерiлген саясат, мемле-
кет идеологиясы сияқты танымал шарттарға қосымша аса 
маңызды болып келетiндерi 
қоғам қажеттiктерi
. Тәрбие 
мақсаты әрдайым өсiп келе жатқан әулеттi қоғамдық, өндiрiстiк, 
отбасылық қызметтердi орындауға дайындық болған қоғам 
қажеттiгiне орайлас белгiленедi. Қоғам қажеттiгi өндiрiс 
тәсiлдерi, яғни өндiрiс күштерiнің даму деңгейi және өндiрiстiк 
қатынастардың сипатына тәуелдi. Сондықтан, тәрбие мақсаты 
негiзiнен қоғам дамуындағы жетiстiк деңгейге сай болып, сол 
деңгеймен белгiленiп, өндiрiс тәсiлдерiнің өзгеруiмен ауы-
сып барады. Тәрбиенің мақсаты мен сипаты әрдайым белгiлi 
қоғамдық-экономикалық сатыға тән болған 
өндiрiс күштерiнің 
даму деңгейiне
және экономикалық өндiрiс қатынастарының 
типiне сәйкес болады. 
Өндiрiс тәсiлдерiнен басқа тәрбие мақсатына ықпал жа-
саушы жағдаяттар да баршылық. Олардың арасында - 
ғылыми-техникалық және әлеуметтiк даму қарқыны, қоғамның 
экономикалық мүмкіндiктерi, педагогикалық теория мен 


90
тәжірибенің даму деңгейi, оқу-тәрбие мекемелерi, тәрбиешiлерi 
және мұғалiмдерiнің мүмкіндiктерi, т.б. – тәрбиеге өз әсер-
ықпалын тигiзiп отырады. Тәрбие мақсаттары төңірегiндегi 
күрес ежелгi дүниеден басталған. Ежелгi ойшылдар тәрбие 
мақсаты қайырымдылық (добродетель) болуы тиiс деген-
дi қолдаған, бiрақ ненi қайырымдылыққа санау қажет – бұл 
бойынша пiкiр қайшылығы бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет