Педагогикалық үдеріс тиiмдiлiгiнің заңдылықты
шарттары
- 1. Педагогикалық үдерiстің ұдайы қозғалысты (ди-
намичность) болуы. 2. Тұлға дамуының тiкелей педагогикалық
үдеріспен байланыстылығы. 3. Оқу-тәрбие үдерiсiнiң
басқарымды болуы. 4. Педагогикалық үдерiсте сезiмдiк, ақыл-
ес және тәжірибелік әрекет-қимылдардың бiрлікті iске асып
баруы. 5. Сырттай педагогикалық және iштей танымдық iс-
әрекеттердің үйлесiмдi байланысқа түсуi және т.б.
Педагогикалық үдерiстің негiзгi ұйымдасу және iске
асу принциптерi
– 1. Тәрбие тұтастығын сақтау. 2. Тәрбие
үздiксiздiгi. 3. Мақсат бағдарлылығы. 4. Педагогтар мен
тәрбиеленушiлердің бiрлiктi әрекеттестiгi. 5. Табиғи сәйкестiктi
ескеру. 6. Мәдени сәйкестiктi сақтау. 7. Тәрбиенің iс-әрекеттiк
және ұжымдық болуы. 8. Оқу мен тәрбиенің бiрiздiлiгi және
жүйелiлiгi. 9. Тәрбие әдістерi мен тәсiлдерiн тәрбие мақсаты
мен мазмұнына сәйкестендiрiп бару.
Педагогикалық үдерiстің құрылым бiрлiктерi
– 1.
Мақсаттық. 2. Мазмұндық. 3. Iс-әрекеттiк. 4. Нәтижелiк. 5.
Әлеуметтiк, қоғамдық.
87
“Бiз
де
мәдениеттi
елдердің
жастарындай
болайық,
жабыла
ғылым үйренейiк, елдi алға бастыруға,
басқалармен теңестiруге қызмет
етейік … Дау-шардың заманы өттi,
кеттi, көз ашып, сөз қосатын уақыт
жеттi. Ел болуды ойласақ, өнер-бiлiмдi
қуып, әдiлет жолын iздейiк».
С.Торайғыров
Тәрбие мақсаты
Тәрбие мақсаты
– тәрбие қызметi бағытталған соңғы
нәтиже.
Мақсат
– бұл барлық күш-қуаттың қосылуымен орын-
далатын болашақ. Қалаған тәрбие – мейлi ол кiшкене бiр елен-
бес iс болсын, мейлi кең көлемдегi мемлекеттiк бағдарлама
болсын - қай жағдайда да нақты мақсатты көздейдi; бағытсыз
тәрбие болмайды. Тәрбиенің мазмұны, ұйымдасуы, формала-
ры мен әдістерi – бәрi мақсатқа тәуелдi келедi. Осыдан, тәрбие
мақсаты, мәселесі педагогикадағы аса маңыздылардың бiрi.
Өздерiнің iс-әрекетiнде мектеп және тәрбиешiлер неге ұмтылуы
тиiс, қандай нәтижелердi қолға кiргiзуi керек – бұл сұрақтар
оқу-тәрбие аймағында қай уақытта да өзектiлiгiн жойған емес.
Тәрбие мақсаттары
жалпы
және
жеке-дара
болып бөлiнедi.
Бiрiншi жағдайдағы мақсаттың көздегенi
барша адамдарға
тән қасиет-сапаларды қалыптастыру, екiншiде –
дара адам
тәрбиесiн көздейдi. Өрелі педагогика жалпы және жеке-дара
мақсаттардың бiрлiгi мен бiрiгiмiн қолдап-қуаттайды.
Мақсат тәрбиенің жалпы ұмтылыс бағытын бiлдiредi.
Тәжірибелік iске асыруда ол нақты мiндеттер жүйесi түрінде
көрiнедi. Мақсат пен мiндеттер өзара бүтiн мен бөлiктің, жүйе
және оның элементтерi сипатындағы қатынаста болады.
Сондықтан, тәрбие мақсатының мәнi – бұл
тәрбие арқылы
шешiлетiн мiндеттер жүйесi
деген анықтамамен де ашылуы
мүмкін. Тәрбие мiндеттерi, әдетте, өте көп болады. Олар нақты
және жалпы түрге жiктеледi. Дегенмен, өз алдына жекеленген
тәрбиелiк жүйе шеңберiнде мақсат бiреу. Бiр орында, белгiлi
88
бiр уақыт аралығында тәрбиенің әрқилы мақсаттарды көздеуi
мүмкін емес. Мақсат – тәрбиелiк жүйенің сипатын айқындаушы
элемент. Осы мақсаттарға және оларға жету құрал, шаралары-
на байланысты бiр жүйе екiншi бiреулерiнен ажырайды.
Қазіргі заманда тәрбие мақсаттарының және оларды iске
асырушы тәрбиелiк жүйелердің
көп түрлілiгi
қабылданған.
Бұл жүйелердің әрқайсысы өз мақсатымен танылып, ал сол
мақсатты iс жүзiнде орындау белгiлi шарттар мен жабдықтарды
қажет етедi. Мақсаттар арасындағы өзгешелiктер де шексiз:
адамның кейбiр сапаларындағы еленбес өзгерiстерден онда
болып қалатын түбегейлi тұлғалық ауысуларға дейiн. Мақсат
көп түрлілiгi тәрбиенің өте күрделi болатындығының және бiр
айғағы.
Тәрбие мақсаттарының мән-мағынасы неде? Олардың
басты ұмтылысы қоғам қабылдаған тәрбиелiк мұраттарға
жету. Бiздің бүгiнгi қоғамымыздағы мұрат – бұл
кемелденген,
жан-жақты және үйлесiмдi дамыған адам
. Ескеретiн жәйт,
мақсаттар идеялдық, әлi санадағы болжамдарға негiзделiп,
белгiленгенiмен, олар шындықты, нақты тұрмыстық қажеттiктен
тәжірибелік iске айналады. Сондықтан, олардың қалыптасуына
шынайы себептер мен олардың орындалу мүмкіндiктерi өз
таңбасын салады. Мақсаттардың
жалпы бағыт-бағдарының
айқындалуына келесi жағдаяттар өз ықпалын тигiзедi: ағза
жетiлуiндегi физиологиялық заңдылықтар, адамдардың
психикалық дамуы, философиялық және педагогикалық
ойлардың жетiстiгi, қоғамдық мәдениет деңгейi. Педагогикалық
жүйе мүмкіндiктерi аталғандардың қолдану шеңберiн анықтап
отырады.
Тәрбиенің мемлекеттiк жүйесiнде мақсатты белгiлеушi бас-
ты жағдаят – бұл
идеология, мемлекет саясаты.
Әлемде,
мейлi ең демократияшыл болсын, соның өзiнде қалыптасқан
қоғамдық қатынастарды нығайтуға бағытталмаған, саясат пен
идеологиядан ажыраған мектеп тәрбиесi мақсаттарын ұстанған
бiрде-бiр мемлекет болмайды. Мемлекеттiк емес оқу-тәрбие
мекемелерiнде мақсат жеке тапсырыс берушiлердің талапта-
рымен реттеледi, жалпы бағыт-бағдары да солар арқылы бел-
гiленедi. Бiрақ, бұлай болғанның өзiнде де тәрбиенің ұлттық
ерекшелiктерi мен салт-дәстүрлерi сақталады.
89
Соңғы дәуiрдегi әлемдiк педагогикада тәрбиенің саясат-
тан, идеологиядан тәуелсiздiк идеясы бой тiктеп келедi. Осы-
дан, тәрбиенің мақсаты жалпы адамзаттық өмiр заңдарына,
қажеттерiне, құқықтары мен еркiндiгiне орай белгiленуi шарт.
Бұл көзқарастан,
Достарыңызбен бөлісу: |