82
қызықпайтын балалардың оқуы мен тәрбиесiнде қандай да
айырмашылықтың қажетi жоқ. Бастауыш мектептi бiтiрген
адам жалпы, баршаға бiрдей бiлiмдiлiк және тәрбиелiлiк
стандартымен сипатталады.
Бұл тұрғыдан Гегельдің мына пiкiрi өте дәлелдi:
“Адамдардың өзiндiк ерекшелiктерiн аса жоғары бағалаудың
қажетi жоқ. Керiсiнше, ұстаз әр оқушының даралығын мұқият
зерттеуi қажет, оған икемдесiп дамытуы керек деген пiкiр бос сөз,
оның ешқандай негiздемесi жоқ. Мұндай қызметке тәрбиешiнің
уақыты да жетпейдi. Ерекшелiк отбасында қабылдануы мүмкін,
ал мектепте өмiр белгiлi ережеге, жалпыға бiрдей тәртiпке
сәйкестендiрiледi. Бұл жерде балаларды өз даралығынан
ажыратып, жалпы талаптарды орындауды үйренуге, жалпы
бiлiм нәтижесiн игеруге бағыттау қажет. Осылайша баланың
жандүниесiн қайта құру – тәрбиенің мән-мағынасы”.
Жаңаланған педагогика бұл мәселе бойынша басқаша
бағыттан ой сараптайды: тәрбие балалардың даралық ерек-
шелiгiн ескеруi және оларды пайдалануы қажет. Педагогиканың
маңызды принциптерiнің бiрi ретiнде
Достарыңызбен бөлісу: