Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет52/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Ж.Ж.Руссо:
“Тәрбиенің 
үйлесiмдi болуы – бала өз қалауымен еркiн шұғылданса ғана 


77
мүмкін, ал бұл қалау тәрбиешi қалауымен байланысты”. Бала 
мiнезi шәлкес. Өз мiнезiнің қандай да бiр ерекшелiктерiнен 
ажыралуды оның өзi қаламаса, оны бұл қасиеттен айыру тiптi 
мүмкін емес. Сондықтан, жеке-дара еркiндiктің алғашқы бел-
сендi көрiнiстерiн тәрбиелеу – балада дербестiк қалыптастыру 
бағытында жүруi тиiс.
Баланың сыртқы қылық-әрекетi оның iшкi жан дүниесiне 
ықпал етедi. Ал бұл iшкi дүниеге тiкелей әсер ету мүмкіндiктерi 
болмағандықтан, баланы қиын жағдайларда басылмауға, тiке 
қарауға, өзiн байсалды да ұстамды басқаруға үйрету маңызды 
келедi. Саналы байсалдылық - рухани күш белгiсi. Iшкi жан 
дүниесiн жаттықтыру неғұрлым ерте басталса, одан түсер пай-
да да молдау келедi. Кез келген ескертулерге қарсы тұру, ай-
дан-анық нәрсемен келiспеу – баланы тiкелей ертеңгi өсекшiл, 
тентек, майдашыл ересек кейiпiне жетелейдi. Сондықтан, 
бастауыш мектепте балаларды өз қате-кемшiлiктерiн танып, 
мойындауға үйреткен зиян болмайды. 
Бастауыш мектеп өз шәкiрттерiн саналы ұйымдастырылған, 
әл-қуатына сай 
өндiрiстiк еңбекке
араластырып баруы тиiс. 
Мұндай тәрбиеден тұлғада қалыптасатын әлеуметтiк қасиет-
сапалар барша тұрғыдан аса қажеттi де маңызды келедi. Ба-
лалар орындап жататын жұмыстар өзiндiк қызмет сипатында 
болады, ересектерге немесе жоғары сынып оқушыларына 
жәрдем түрінде де ұйымдастырылуы мүмкін. Еңбектің ойын-
мен ұштасуы нәтижелi келедi: мұндайда балалардың өзiндiк 
ынтасы, дербес iс-әрекетi, сайыс құмарлығы, жоғары шектерi-
мен байқалады. Кiшi оқушылардың жарқын да тосын нәрсеге 
ұмтылысы, ғажайып дүниенi тану құмарлығы, қозғалысты бел-
сендiлiгi – мұның бәрi саналы, пайда келтiретiндей және ойын 
ләззатына бөлейтiндей сипатта қанағаттандырылуы тиiс. 
Мiнезi ауыспалы кiшi жастағы оқушы - қатаң бақылауды 
талап етедi. Осыдан сыныптағы балалардың санын азайтып, 
мұғалiмге өз шәкiрттерiн жете танып, жеке-дара және тұлғалық 
бағытты тәрбиенi кеңiрек пайдалануға мүмкіндiк жасау – 
бүкiл әлем мектеп тәжірибесінде және педагогикасында тез 
шешiм күткен көкейкестi мәселе. Қазіргі заман тәрбиешiсiнің 
қызметiнде нақтаманың орны оқу мен тәрбиенің өзінен де 


78
маңыздылау. Егер тәрбиеленушiнi бiлмейтiн болсақ, онда 
тәрбиеге тiптi кiрiспеген абзал, себебi одан келер зиянды қайта 
жөндеу үлкен қиыншылық. 
Кiшi мектеп жасындағы оқушылардың дамуы - өте күрделi 
және қарама-қарсылықты үдеріс. Бұл жаста өсiп келе жатқан 
адам көп нәрсенi түсiнiп алуы қажет, ал бұл үшiн оның әрбiр 
күнiн барынша тиiмдi пайдалану керекті. Бұл жастағы негiз-
гi мiндет - қоршаған дүниенi, яғни табиғатты, адамаралық 
қатынастарды – түсiну. Бастауыш мектеп кезеңiнде барша 
ақыл-парасаттық, әлеуметтiк және адамгершiлiк қасиеттер 
қарқынды дамып, олардың көбi бұдан былайғы өмiр бойында 
өзгерiссiз бекидi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет