Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов


Кiшi мектеп жасындағы баланың дамуы



Pdf көрінісі
бет50/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Кiшi мектеп жасындағы баланың дамуы
6 жасқа орайласқанда бала, негiзiнен, жүйелi мектептiк 
оқуға дайын. Мектеп босағасынан аттайын деп тұрған кешегi 
сәби ендi тұлғалық танымға жетiстi, себебi ол бұл кезеңде өз 
қылық-әрекетiне баға бере алады, өзiн басқалармен салысты-
ра бiледi. Мектепке дейiнгi шақтың соңына онда бiрнеше жаңа 
психикалық қасиеттер қалыптасады: 
– қоғамдық татымды iс-әрекетке ұмтылу;
– өз қылық-әрекетiне басшылық жасау;
– қарапайым қорытынды шығара бiлу;
– жетiлген сөз бен тiлдi орынды қолдану;


73
– өз төңірегiндегi адамдар мен байланыс жасап, қызмет ба-
бында араласу.
Бала 6–7 жасқа келгенде, оның алдында 
ең алғашқы
үлкен 
өзгерiс туындайды. Мектеп жасы кезеңiне өту баланың iс-
әрекетiне, басқа адамдармен қатынасына, тiлдесу әрекеттерiне 
түбегейлi жаңалықтар әкеледi. Ендi баланың басты қызметi 
– оқу, осыдан өмiр барысы өзгередi, жаңа мiндеттер пайда бо-
лады, баланың басқалармен қатынастары да жаңаланады. 
Қазіргі кезеңдегi бiрiншi сынып оқушыларының ерекшелiгi 
– мұғалiммен қатынасындағы шектен тыс “демократизм”, 
қылықтарының ырықсыздығы, өз әрекеттерiн мектеп талап-
тарымен сәйкестендiре алмауы. Мұндай ебедейсiздiктер ендi 
оқуға келген балалардың бәрiне тән, бiрақ, мұғалiмдердің 
байқағанындай, тiптi бiрiншi сыныптың ақырына бүгiнгi 
оқушыларда талаптарға деген қандай да қарсылықтар бой тiк-
теуде. “Қажет”, “болмайды”, “ақырына дейiн бiтiр” – деген талап-
тар, ересектердің тиянақты зорлауынан соң ғана қабылданып 
жатады. Мұның өзi балалармен қатынас кейпiн өзгерту, олар-
менен жұмсақтау, адамилық (гуманды) байланыстарға келу 
қажеттiгiн туындатып тұрған жоқ па? 
Бүгiнгi бiрiншi сынып оқушысы, мұғалiмдер айғақтағандай, 
бұдан он жыл бұрынғы өз қатарларынан көптеген мiнез 
бiтiстерiмен ажыралады. Қоғамның әлеуметтiк қарама-
қарсылықтары асқынған, балалыққа сыймайтын теледидар 
жойқыны жаулаған, имандылық пен инабаттықтың кемiген, 
бұғаусыз еркiндiк шарпыған кезең жағдайларында өскен бала 
бұл үдерiстер астарында жатқан жақсы мен жамандықтың 
бәрiн талғаусыз өз бойына сіңiредi. Шектен тыс түсiнiксiз және 
қажетi жоқ ақпараттармен бойын да, ойын да толтырған бала, 
әлбетте, жете дамыған, осыдан өз сезiмдерiн бiлдiруде үлкен 
еркiндiкке құштар келедi. Адамдар арасында елеулi жiк пайда 
болды. Ал балалар мұны көрiп те, түсiнiп те жүр. Мектеп ендi 
олардың ұлғая түскен талаптарын қанағаттандыруда елеулi 
қиыншылықтарға тап болуда. Тәрбие осы өзгерiстер iзiмен 
үлгерiп, өз мiндеттерiн қайта қарастыруы қажет. 
Кiшi мектеп жасындағы балалар биологиялық тұрғыдан 
екiншi
даму кезеңiне өтедi: бой өсуi бәсеңдейдi, салмағы 
қосыла бастайды, денесi сүйектенедi, бiрақ үдеріс мұнымен 


74
аяқталмайды. Бұлшық еттер жүйесi қарқынды дамуда болады. 
Осыдан, майда, нәзiк қимылдарды орындау қабiлеттерi пайда 
болып, бала тез жазу дағдыларына жетiседi. Бала ағзасының 
барлық ұлпалары (ткани) даму жағдайында болады. 
Кiшi мектеп жасында жүйке жүйесi жетiлiп барады, бас миi 
үлкен жарымшарларының қызметтерi қарқынды дамып, дара-
лана бастайды, ми қабығының талдау және бiрiктiру қызметтерi 
күшейе түседi. Кiшi мектеп жасындағы баланың бас миi салмақ 
жағынан үлкендердің миiмен теңдесiп, орта есеппен 1400 г. 
дейiн ұлғаяды. Баланың
психикасы
шапшаң дами бастайды, 
қозу және тежелу үдерістерінің арақатынастары өзгередi: теже-
лу үдерісi күшейе түседi, бiрақ қозу үдерісi әлi де болса басым-
дау, осыдан – кiшi мектеп оқушысының тұрақты шыдамдылығы 
кем, сабырлылық оған әлi тән емес. Сезiм ағзаларының дәлдiк 
қызметi көтерiледi. Мектепке дейiнгi кезең балаларымен 
салыстырғанда, кiшi мектеп оқушыларының сезiмталдығы: 
түр-түске – 45% артық, буын-бұлшық сезiмталдығы 50% 
жақсарады, көз-көру ұқыбы – 80% артады (А.Н.Леонтьев). 
Кiшi мектеп жасындағы оқушының 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет