И.П.Павлов
жүйке жүйесiнің үш
негiзгi қасиетiн (күшi, қозғалмалылығы, тепе-теңдiгi) және осы
қасиеттердің төрт негiзгi бiрiгiмiн ажыратқан:
– күштi, қозғалмалы, ауыспалы - “ұстамсыз” тип;
– күштi, тұрақты, қозғалмалы - “тiршең, ұстамды” тип;
– күштi, тұрақты, жәй қозғалысты - “байсалды” тип;
– “әлсiз” тип;
Әр тип нақты темперамент түріне сәйкес келедi: “ұстамсыз”
– холерик, “тiршең” – сангвиник, “байсалды” – флегматик,
“әлсiз” – меланхолик. Әлбетте, ата-аналар да, педагогтар
да өз балалары мен оқушыларын темпераментi бойынша
таңдамайды, бәрiн де тәрбиелеу қажет, бiрақ, әрқайсысын – өз
алдына. Мектепке дейiнгi жаста темперамент айқын көрiне
қоймайды. Бұл кезеңнің өзіне тән ерекшелiгi: қозу және теже-
лу үдерістерінің әлсiз болуы; олардың тепе-теңдiгiнің болма-
уы; жоғары сезiмталдығы; көңіл кейiптерiнің тез қайта орнығуы.
Баланы дұрыс тәрбиелеу үшiн ата-аналар мен тәрбиешiлер
жүйке үдерістерінің
тiршiлiк қуат
күштерiн: ұзаққа созылған
ауыр жұмысты орындауда жұмыс қабiлетiн сақтай бiлу, тұрақты
және жеткiлiктi дәрежеде ұнамды көңіл-күй кейiпiн сақтау, таныс
емес және қолайсыз жағдайларда батылдық көрсете алу, ты-
ныш немесе шулы жағдайларда да бiрдей тұрақты зейiн ұстау,
т.б. есепке алып отыруы қажет. Баланың жүйке жүйесiнің күшi
(не әлсiздiгi) жөнiнде оның
ұйқысынан
(ұйқыға тез берiлуi, ұйқы
тыныштығы, берiктiгi),
күш қуатын тез
(жәй)
жинақтауынан,
аштыққа шыдамдылығынан
(жылауы, шарбаяшылығы не-
месе көңілдiлiк сақтауы, байсалдылығы) байқауға болады.
Сабырлылық
белгiсiн баланың келесi қасиеттерiнен бiлу
мүмкін: ұстамдылық, шыдамдылық, байсалдылық, қозғалыс
пен көңіл кейпiндегi бiркелкiлiк, олардағы оқтын-оқтын көрiнетiн
қауырт бәсеңдеу мен көтеріңкiлiктің болмауы, сөйлеудегi
енжарлық. Жүйке үдерiстер
қозғалмалылығын
адамның барша
жаңалықтарға тез назар аударуы, өмiрлiк елiктемелердi (сте-
реотиптердi) шапшаң өзгерiске келтiруi, бейтаныс адамдармен
жылдам икемге келiп, олармен тiл табысуы, бiр iстен екiншiсiне
ойланып тұрмастан тез ауыса алуы, және т.б. бiлуге болады.
71
Мектеп жасына дейiнгi баланың
мiнезi
әлi қалыптасу
жолында. Мiнез, негiзiнде, жоғары жүйке әрекеттерiнің
сипатына байланысты келедi, ал жүйке жүйесi даму
жағдайында
болатындықтан,
баланың
қандай
болып
жетiлетiнiн тек болжастыру ғана мүмкін. Көп мысал, көптеген
дерек келтiруге болады, бiрақ шындық қорытындысы жалғыз-
ақ:
мiнез – бұл қалыптасудың нәтижесi, ол мың да бiр үлкендi-
кiшiлi әсерлердің құрамасы.
Қалыптасқан мiнезде 5-6 жастағы
баланың қандай қасиет белгiлерi қалатыны – Жаратқанға ғана
аян. Дегенмен, бiз белгiлi типтегi мiнездi қалыптастырғымыз
келсе, сол мақсатты көздеп, ұйымдастырылған тәрбие алып
баруымыз шарт. Бұл күнде қоғам мен мектептегi күрделi
мәселелердің бiрi –
жалғыз перзенттi отбасы
. Мұндай
жағдайда баланың бiрнеше артықшылығы бар: барлық
жақсылық соған, үлкендердің бәрi оны мәпелейдi, ал бұл оның
дамуына ұнамды ықпал жасайды, бала мейірiмге бөленiп, еш
бiр қайғысыз, қағанағы қарық, өзіне деген бағасы “таудай”
болып өседi. Дегенмен, жалғыз перзенттi отбасының қиналатын
жағдайлары да аз емес: мұндағы бала жасына жетпей “ересек”
көзқарастар мен әдеттерге үйiршең келедi, оның жеке-дара
және өзiмшiл (эгоистiк) қасиеттерi анық көрiне, қалыптасады,
ол есеюдің көптеген қуаныштарынан хабарсыз болады. Мұндай
отбасынан шыққан бала басты адамилық сапа – төңірегiндегi
басқалармен қатынас жасау қабiлетiнен ажыралады. Мұндай
отбасыларда баланы қатер, қайғыдан сақтандырушы жағдайлар
көп жасалады. Әлбетте, оны бұлайынша қорғау мүмкін. Бiрақ
– қашанға дейiн. Сондықтан, баланы нақты өмiр, тұрмыстық
жағдайларға дайындаудың шараларын орындау қажет. Оны
қайғыруға да, қиналуға да үйретiп, жеңiлiстер мен қателiктерге
де шыдамдылықпен төзе бiлуге баулу керек.
Бала тек өзi ғана басынан өткiзген
сезiмдердi
байқауға
қабiлеттi. Басқаның көңіл толғанысы оған жат, белгiсiз.
қорқыныш, ұят, тәуелдiлiк, қуаныш, ауыртпалық – бәрi де бала
өмiрiнің серiгi, бiрақ олардың не екенiн өз басынан өткiзгенде
түсiнедi. Жағымсыз жағдайлардан жасанды қорғаудың қажетi
жоқ. Өмiрдi өзгертiп болмайды, сондықтан оған шынайы дайын-
далу керек.
72
Мектеп жасына дейiнгi балалардың тән-дене дамуының
негiзгi мiндетi әрi бұл жас кезеңiнің барша мәнi – ойын, ойын
ұйымдастыру. 5-6 жасар бала сотқар да қызбалы келедi.
Баланың төбелескiштiгiн қолдамаңыз, бiрақ оны шектемеңiз де.
Бұл жастағы баланың көңіл-күйi басқарымды келедi - қаласа
жылайды, не асыр салып секiредi, көңілi келген кезде ыңырсып
отырып алады, не рахатқа балқып, жатып алады, ал осының
бәрiн ол шын көңілiмен iстейдi.
Бұл жас кезеңiнің басты мiндетi – баланы қоршаған
дүниемен таныстырып, сөз, сөйлеу әлемiне бойлату. 7 жасқа
дейiн адам қалай сөйлеп үйренсе, өмiрбойы сол тiл қолдану
қалпымен өтедi. Баланы кемсiтпей, үлкенмен қалай әңгіме
сұхбат құратын болсаңыз, онымен де солай тiлдесудi дағдыға
айналдырыңыз. Табиғат аясына шығып, онымен өсiмдiктану,
жануартану және топырақ, тау-тас негiздерiн зерттеңiз.
Баланың еркiн байламаңыз, есіңiзде болсын, оқып үйренудің
ең басты тетiгi – ойын. Қыз балалар бұл жаста байсалдылау
келедi, сондықтан олармен көбiрек ойланып, қатынас жасау
қажет.
Мектеп жасына дейiнгi аралық бала дамуының қарқынды
кезеңiне тұспа-тұс келедi. Бұл жастағы бала сезiмтал, адам-
гершiлiк және әлеуметтiк қылық ережелерiн, жаңа iс-әрекет
түрлерін қабылдауға жоғары қабiлеттi. Бұл жастағы балалардың
көпшiлiгi жүйелi оқу мақсаттары мен тәсiлдерiн игеруге дайын.
Әрекеттің басты түрі – ойын,ол арқылы бала өзiнің танымдық
және әлеуметтiк қажеттерiн қамтамасыз етiп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |