Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет45/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Л.С. Выготский
Жастық кезеңдер ретi
Тән-дене, сондай-ақ ақыл дамуы адамның жастық 
кезеңдерiмен тығыз байланыста екендiгi ежелгi дәуiрден белгiлi 
болған. Бұл өзінен-өзi айқын шындық дәлелдi қажет етпейдi: 
адам неғұрлым ұзақ өмiр сүрсе – бойы өседi, денесi қатаяды, 
жастың келуiмен даналық қонады, тәжiрибе топталады, бiлiм 
қоры ұлғаяды. Әр 
жас кезеңiнің өзіне тән
дене, психикалық 
және әлеуметтiк 
даму деңгейi болады.
Әлбетте, бұл сәйкестiк 
жалпы және тұтастай жас кезеңдерiне тура келедi, ал нақты 
адамның дамуы қандай да ауытқулармен қабаттаса жүруi 
мүмкін. Даму үдерісін дұрыс басқару үшiн педагогтар ертеден-
ақ, адам өмiрiнің кезеңдерiн белгiлi уақыт топтарына жiктеуге 
тырысқан. Бұл iспен өз замандарында ғалым-педагогтар: Ко-
менский, Штрац, Бюллер, Горлок, Левитов, Эльконин, Пршиго-
да, Ванек, Шванцара және т.б. айналысып, жастық кезеңдерге 
бөлiстiрудің бiрнеше ондаған сұлбасын ұсынған. Солардың 
iшiнде педагогтардың көпшiлiгiнің қолдауын тапқан бiр сұлбаға 
назар аударайық. 
Кезеңге бөлiстiру жас ерекшелiктерiне негiзделедi. 
Жастық 
ерекшелiктер
– деп нақты өмiр дәуiрiне 
тән
анатомиялық, 
физиологиялық және психологиялық сапаларды атаймыз. 
Жастық ерекшелiктер мәнi адамның тән - дене дамуынан айқын 
көрiнедi. Бойдың өсуi, салмақ қосылуы, алғашқы тiстердің 
пайда болуы, кейiн олардың түсiп, ауысуы, жыныстық жетiлу 
және басқа да биологиялық үдерiстер елеусiз ауытқуларымен 
әртүрлі жас кезеңдерiнде жүріп жатады. Адамның биологиялық 
және рухани дамуы өзара тығыз байланыста болғандықтан, 
психикалық аймақтағы өзгерiстер де белгiлi жас кезеңдерiне 
сәйкес келедi. Биологиялық өзгерiстер сияқты қатаң белгiлi 
бiр жас кезеңiне сәйкес болмаса да, әлеуметтiк пiсiп-жетiлу 


62
көрiнiс бередi, тұлғаның рухани даму динамикасы да өз кезе-
гiмен орындалып жатады. Осылардың бәрi адам дамуы мен 
оның жастық кезеңдерiн белгiлi сатыларға бөлуде табиғи негiз 
қызметiн атқарады. 
Дамудың толық кезеңдестiгi (периодизациясы) адамның 
бүкiл өмiрiн белгiлi дәуiрлерiмен қоса қамтиды. Ал шама-
лап (частичные) сатыларға бөлу нақты ғылым саласын 
қызықтырған өмiрдің бiр бөлiгiн өз iшiне алады. Бастауыш 
мектеп педагогикасын баланың мектепке дейiнгi және кiшi мек-
теп жасындағы өмiр және даму кезеңдерi қызықтырады. Бұл 
баланың туылғанынан он, он бiр жасқа дейiнгi өмiр аралығы. 
Психология аймағында да балалардың психикалық даму 
кезеңдерiн айырады, бiрақ психологиялық кезеңдерге бөлу 
педагогикалық жас кезеңдерiмен бiрдей сәйкес бола бермейдi, 
себебi психика дамуы ананың жатырында басталады, ал бала 
тәрбиесi оның дүниеге келген мезетiнен басталады. Бала да-
муы ерекшелiктерiн әр жас кезеңiне байланыстыра түсiну үшiн 
төмендегi салыстырма кестеге назар аударыңыз:
Психологиялық кезеңдер
Педагогикалық кезеңдер
1. Ана жатырындағы кезең
1. Сәбилiк 
(өмiрдің бiрiншi жылы)
2. Дүниеге келу кезеңi
(өмiрдің алғашқы 6 аптасы)
2. Бала-бақшаға дейiнгi жас кезеңi 
(1-ден 3 жасқа дейiн )
3. Емiзу кезеңi 
(1 жасқа дейiн)
3. Мектепке дейiнгi жас кезеңi
(3-6 жасқа дейiн)
4. Еңбектеу кезеңi 
(1-3 жасқа дейiн) 
Кiшi мектеп алды жас кезеңi
(3-4 жас аралығы)
5. Мектеп алды жас кезеңi
(3-6 жасқа дейiн)
Орта мектеп алды жас кезеңi 
(4-5 жас аралығы) 
6. Кiшi мектеп жасы (6-11 жас)
Жоғары мектеп алды жас кезеңi
(5-6 жас аралығы) 
7. Жыныстық жетiлу кезеңi (11-15 
жас)
4. Кiшi мектеп жас кезеңi 
(6-10 жас аралығы)
8. Бозбалалық жас 
(15-20 жас)
5. Орта мектеп жас кезеңi 
(10-15 жас аралығы) 
6. Жоғары мектеп жас кезеңi
(15-18 жас аралығы).


63
Педагогикалық кезеңдерге бөлудің негiзiн, бiр жағынан, 
дене және психикалық даму сатылары құраса, екiншi жағынан, 
бұл тәрбие жүріп жатқан жағдайларға байланысты келедi. 
Жүйке-жүйесiн және дене мүшелерiн бiрiктiрген ағзаның 
биологиялық пiсiп жетiлуi және онымен бiрге жүретін танымдық 
қабiлеттердің даму сатылары өз бетiнше жасайтын шынайы, 
табиғи құбылыс болса, ал саналы құрылған тәрбие үдерісi жас 
кезеңдерi ерекшелiктерiне икемдесуi және оларға негiзделуi 
қажет. Педагогикада дамудың жастық сатыларын мойында-
мау әрекеттерi де болған. Тiптi, орайлас әдістеме табылса, 
қалаған 3-4 жастағы баланы жоғары математикаға, басқа да 
дерексiз (абстракт) түсiнiктерге үйретiп, кез-келген әлеуметтiк
тәжiрибенi, бiлiмдердi, тәжірибелік ептiлiктер мен дағдыларды 
игертуге болады деген теориялар да пайда болған. Бiрақ 
бұл мүмкін емес. Бәлкiм, бала өте күрделi сөздердi де дұрыс 
айтуға үйренер, бiрақ оның мағынасын ұғуға оған әлi ерте. 
Жас кезеңдерi шектеулерiн осы күнгi балалардың шапшаң 
дамуы мен олардың сөздік және түсiнiк қорының кеңдiгiмен 
шатастыруға болмайды. Бұл құбылыс әлеуметтiк дамудың 
жеделдеуiмен, әрқилы ақпараттық дерек көздерiне кең жол 
ашылуымен, балалардың көп нәрседен хабардар болуымен 
түсiндiрiледi. Даму үдерiсiнің жеделдеу мүмкіндiктерi кеңеюде, 
бiрақ шексiз емес. Жас кезеңi дамуды мезгiлiнен тыс жазды-
рып жiбермей, өз билiгiн таңады. Бұл саладағы ықпал жа-
саушы заңдылықтар даму мүмкіндiктерiнің шама-шарқын 
белгiлеп бередi. Оқу-тәрбие жұмысында балалардың жас 
ерекшелiктерiн ескерудi өз заманында Я.А.Коменский талап 
еткен. Әр нәрсенің табиғатта өз мезетiнде болатынындай, 
тәрбие де өз кезегiмен – уақытында және ретiмен алып ба-
рылуы тиiс. Сол жағдайда ғана адамға iзгiлiк сапалар табиғи 
жұғысты келiп, ақыл есiнің жетiлуiне байланысты ол болмыс 
шындығын толық, мән-мағынасымен түсiнедi. “Игерiлуi қажет 
болғандардың бәрi жас сатыларына сәйкес бөлiнiп, әр жас 
кезеңiне түсiнiктiлерi ғана оқып-үйрену үшiн ұсынылуы шарт” 
– деп жазған Я.А.Коменский.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет