Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов


материалды ұсынып бару, оның оқу үдерісін басқару



Pdf көрінісі
бет41/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

материалды ұсынып бару, оның оқу үдерісін басқару. 
Осы-
дан, дұрыс қойылған тәрбиеде оқушы педагогикалық ықпалдың 
тек нысаны ғана емес, ол сонымен бiрге өз тәрбиесiн белсендi 
өз қолына алған – субъект. 
Iс-әрекет сияқты тұлға белсендiлiгi де таңдамалы сипатқа 
ие. Тұлғаның дамуы кез келген әсерден болмайды, солардың 
iшiнде адамның өз қажетiне сай келген, оның тұлғасына 
жарасымды болған, шынайы болмысқа деген оның жеке 
көзқарастарына сәйкес ықпал болса ғана, бала дамуы 
қарқынды жүреді. 
Тұлғаның белсендiлiгi дамудың тек алғышарты емес, 
оның нәтижесi де. Қоғамдық белсендi, ынталы, шығармашыл 


54
және өзi мен төңірегiндегi қатысқан адамдардың бәрiне бiр-
дей жақсылық пен қуаныш беретiн тұлға қалыптастырушы 
тәрбие ғана әрдайым өз мақсатына жетiп отырады. Саналы, 
педагогикалық сынақтан өтiп, ұйымдастырылған оқушы iс-
әрекетi белсендiлiктің қай түрін де қамтамасыз ете алады. Өсiп 
келе жатқан адамға толық iс-әрекет мүмкіндiгiн ашып беру, өз 
күш-қуатын белсендi қолдануға қажет әрекет тәсiлдерiмен 
қаруландыру, тұлғалық ерекшелiктердi жете зерттеу және әр 
тұлғаның болмысындағы табиғаттан берiлген нышандар мен 
дарындылықты мейлiнше жайып салу – әрбiр тұлғаның даму 
үдерісін ақылгөйлiкпен бағыттаушы ұстаз-педагогтың өз ар-
намысы мен қоғам алдындағы борышы. Сонымен, оқушы 
дамуының маңызды жағдаяттарының бiрi – оның 
меншiктi 
өз әрекет – қызметi
. Мұғалiм қаншама жақсы бола берсiн, 
өз үстiнде еңбектенбеген оқушы көздеген мақсатына жете ал-
майды. Әрқандай iс-әрекет оқушы ықыласымен орындалып, 
шартты түрде белсендi болуы қажет. Орындаған iсiнен шәкiрт 
ләззат және қанағат табуы лазым. Белсендi iс ешқашан шар-
шатпайды. 
Даму нақтамасы
Педагогикалық тәжірибеде оқушының даму деңгейiне 
байланысты жетiстiктердi дер уақытында зерттеп тұру қажеттiгi 
күннен-күнге үлкен маңызға ие болуда. Бұл қажеттiк тұлғаның 
қалыптасу үдерісін тиiмдi басқару үшiн, ондағы жүріп жатқан 
өзгерiстердің тереңдiгiн, қарқыны мен ерекшелiктерiн бiлу 
керектiгiнен туындаған. К.Д.Ушинскийдің: “Егер педагогика 
адамды 
барша
тараптан тәрбиелегiсi келсе, онда ол сол 
адамды ең алдымен жан-жақты бiлуi шарт” – деп өз уақытында 
нақтаманың нақты оқу-тәрбие үдерiсiндегi маңызын баса 
көрсеткен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет