Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет38/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Джон Локк 
қуаттап, әрi қарай дамытты: “Балалармен тәрбие қатынасына 
түскен әрбiр адам, олардың табиғатын мейлiнше зерттеп, ту-
мадан берiлген нышандарын айқындауы, оларды қалай жетiл-
дiру және қалай пайдалану керек екенiн ойластыруы қажет”. 
Осы принциптің әсерiне көзi жеткен 
И.Г.Песталоций
былай 
дептi: “Қалаған ғылыми пәннің iзгi нәтижесi – адам табиғатын 
жетiлдiру, оны дамытып, мүмкін болған жоғары деңгейге 
көтеру. Ғылым дамуы емес, ал сол ғылымның арқасында 
адам табиғатының дамуы… қасиеттi мiндет. Сондықтан, адам 
табиғаты ғылымға сәйкестендiрiлмей, керiсiнше, ғылым адам 
табиғатына икемдестiрiлуi тиiс”.
Ұзақ уақыт желiсiнде табиғи сәйкестiк принципi педагоги-
кадан тыс, ұмыт қалды. Осы принципке қайта оралумен бас-
тауыш мектеп педагогикасы не ұтуы мүмкін? Бұдан бiздің 
ұтатынымыз – ең алдымен балалардың мүмкіндiктерiн түсiну. 
Бұл арқылы теңдестiрiлген оқушыларға арналған бiрдей мек-
теп бағдарламалары және мектеп пәндерiн игеру қабiлеттерi 
әртүрлі болған балалар арасындағы қайшылықтарды 
үйлестiруге болады. 
Табиғи сәйкестiк принципiн жатыдан шығарудан көп ел-
дерде тәрбие дағдарысы өрiс алды. Оқушылар денсаулығының 
төмендеуiн, адамгершiлiктің керi кетуi және психикалық 
ауытқуларды көзiмен көрген бұл елдердің педагогтары өз 
қателерiн мойындаудан қорықпай, ғасырлар таңдауынан өткен 
дәстүрлi педагогикаға қайта мойын бұрды. Бұл жөнiнде не-
мiс профессоры 
Л.Гурлитт:
“Денсаулық құнымен қолға енген 
мәдениет түкке де тұрмайды, ол мәдениетсiздiктен зияндылау, 
өмiр сүруге пайда бермейтiн дайындықты өмiр мақсаты деп 
атауға болмайды. 
Бiзге мүгедек, таркеуделi, тауық көздi
қаны жетiмсiз, жүйкесi шаршаған, сондықтан да бос белбеу 


51
де ашушаң адамдарды дүниеге келтiретiн бiздің тәрбиемiз 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет