316
шiлiктi сана қалыптастыру; 2) адамгершiлiктi сезiмдердi баулу
және дамыту; 3) iзгiлiктi мiнез-құлық ептiлiктерi мен әдеттерiн
орнықтыру.
Жалпы адамзаттық құндылықтарды қайта
тiктеудің аса қажеттiгiнен
мектептегi адамгершiлiк тәрбие
мазмұны үлкен өзгерiстерге ұшырауда.
Адам, қоғам үшiн басты құндылық - өмiр, тiршiлiк ету
– Алладан берiлген құқық, сондықтан да әр пенде үшiн
ардақты да мызғымас.
Бала өзiнің
және басқалар өмiрiне
қастандық жасау қиянат болатынын ана сүтiмен бiрге сіңiрiп,
өсуi қажет. Бүгiнгi таңда оқушылар арасында өз жанын өзi
қиюшылық белең алып бара жатқандығы аса қатерлi, қоғамды
толғандыратын құбылыс, ислам аһлағы үшiн жан қию үлкен
күнә есептеледi. Өмiрдің қай қиыншылығында да тiршiлiктің
амалын жасап, жан сақтау жолын қарастыру мiндеттi парыз.
Және бiр
жалпы адамзаттық құндылық-
еркiндiк
. Бүгiнгi
таңдағы өрiс алып жатқан демократия жағдайларында тұлға
құқықтары мен еркiндiгiне қолдау беру – маңызды шарттардың
бiрiне айналып отыр. Сонымен бiрге, демократия жолында мек-
теп түлектерiнің басым көпшiлiгiнің мәдениетi мен тәрбиелiгiнің
деңгей төмендiгi кедергiлiк етуде. Жұтаң мәдениеттi адам
қарым-қатынастың демократиялық мәнерін шектен тыс еркiн-
дiк, басқалардың сезiмi мен ар-намысын таптау деп түсiнедi.
Ал iс жүзiнде еркiндiк пен жауапкершiлiк,
еркiндiк пен тәртiп
ажыралмас ұғымдар. Жемiстi тәрбие, әсiресе кiшi жаста,
шарттарының бiрi мектеп баласының тiл алғыштығы, ере-
же-тәртiпке бағына бiлуi. Бiрақ
сөзсiз тiлалғыштықтан бала
мүмкін болғанынша тезiрек жаупкершiлiк сезiну мен саналы
қабылданған тәртiптiлiкке өтуi қажет.
Бүгiнгi таңда келесiдей адамгершiлiк сапалары: ана (қазақ)
тілін құрметтеу, ұлтжандылық, отан сүйгіштiк, борыш, ар, намыс,
парасаттылық, қайырымдылық, риясыздық өз маңыздылығын
арттыра түспесе, ешбiр кемiген емес. Алдымызда тұрған
тәрбие жүйесiнде оқушылардың жыныстық тәрбиесi мен
еңбекке баулу аса көкейкестi мәселелерге айналып отыр.
Мәселе тым көп, әсiресе
педагогтарды толғандыратын
келеңсiз құбылыстар – оқушылар арасындағы нашақорлық,
маскүнемдiк, жезөкшелiк, жыртқыштық пен жауыздық белең
алуда.
Бұлардың бәрi адамның өзiн, оның адамгершiлiк
317
аймағын, рухани және салауаттылық тұрғысынан тоздыруда.
Адамның өзiн-өзi азғындатып, жою үдерісi жүріп жатыр.
Сондықтан да адамгершiлiктi сақтап қалу талаптары басқа
мүдделердің бәрiнен де жоғары болғаны дұрыс. Бүгiнгi қоғам
алдында тұрған басты да маңызды мәселе – жас ұрпақты осы
апат аузынан аман алып қалу.
Аталған мәселелер әдептiлiк
тәрбие iстерiнің негiзiн
қалайды. Егер дене шынықтыру немесе этикалық тәрбиеде
мақсатқа жету жоғары ұйымдасқандық пен жүйелi iрiктелген
тәрбиелiк iстерге тәуелдi болса,
адамгершiлiк тәрбиесiнің
нәтижеге жетуi күрделiлеу. Бұл орайда зерделi педагогтар
пiкiрiнше, әдіс не форманың маңыздылығын әсiрелемей,
тәрбиеленушiнің жеке даралығын ескерген дұрыс. Әдептiлiк
тәрбиесiндегi
басты мақсат пен нәтиже
Достарыңызбен бөлісу: