Нәсiлдiк және қоршаған орта
Дамудың қай қырлары адамның өзіне тәуелдi және қай
тараптары сыртқы жағдайларға, жағдаяттарға байланысты?
Дамуды айқындаушы
себептер тобы
–
жағдайлар
деп атала-
ды, ал сол қарапайым себептердің iшiндегi ең маңызды,
мәндi
себеп – жағдаят
(фактор) деп аталады. Даму үдерісi мен
оның нәтижесiне әсер етушi жалпы жағдайлар мен жағдаяттар
қандай?
Белгiлi болғандай, адамның даму үдерісi мен оның нәтижесi
үш өзектi жағдаяттардың бiрлiктi әрекетiмен жасалады, олар
–
нәсiлдiк, қоршаған орта және тәрбие
. Негiзге “нәсiлдiк”
деп аталатын адамның тума, табиғи ерекшелiктерi алынады.
42
Нәсiлдiк
– бұл атадан балаға берiлетiн тұрақты сапалар мен
ерекшелiктер. Нәсiлдiктi тасушы – биологиялық ген (грек сөзі
–
туындатушы
). Ағза қасиеттерi табиғат жаратқан гендiк
рәміздерде өрнектелiп, белгiлi ақпарат күйiнде тiршiлiк өкiлi
тәнiнде сақталатынын және бiрден бiрге ауысып баратынын
бүгiнгi ғылым дәлелдеп отыр.
Генетика
– адам дамуының
нәсiлдiк бағдарлама құпияларын ашып, жариялады. Адамның
нәсiлдiк бағдарламасы адамды адам кейпiнде танытатын жал-
пы, сонымен бiрге әрбiр адамның басқаға ұқсамас өзгешiлiгiн
бiлдiретiн айрықша
детерминантты
(себепті) және
ауыспа-
лы
бөлiктердi өз iшiне алады. Нәсiлдiк бағдарламаның
себеп-
ті
бөлiгi адамзаттың ұрпақ жалғастыру және адам тегiне тән
нышандарды – сөйлеу, тiк жүру, еңбек iс-әрекетi, ойлау, т.б. -
қамтамасыз етедi. Атадан балаға адамның сыртқы белгiлерi:
дене құрылысы, шаш, көз, терi түстерi – ауысады. Қан тобы,
резус-фактор, ағзадағы ақуыздардың әртүрлі бiрiгiмi қатаң
генетикалық бағдарламаға тәуелдi түзiлген.
Адамның жүйке жүйесi, мiнезi, психикалық үдерiстердің
өту ерекшелiгi осы нәсiлдiк қасиеттер тобынан. Ата-аналар
тәнiнде болған жүйке жүйесiнің кемшiлiктерi, олардың арасын-
да психикалық күйзелiс, сырқаттар – патологиялық ауытқулар
ұрпақтан ұрпаққа өтiп отырады. Сондай-ақ, қан ауырулары (ге-
мофилия), қан диабетi, кейбiр эндокриндiк бұзылыстар, мыса-
лы – ергежейлiлiк нәсiлдiк сипатқа ие. Ұрпаққа ауыр зиян кел-
тiретiн жағдаяттардың бiр тобы – ата-аналардың алкагольдiк
және нашақорлық зиянды әдеттерiнен.
Нәсiлдiк бағдарламаның
ауыспалы
бөлiмi адамға тiршiлiк
жағдайларының өзгермелi шарттарына икемдесiп баруы-
на көмегiн тигiзедi. Нәсiлдiк бағдарлама жетiлдiре алмаған
адамның сапа-қасиеттерi өмiр бойы жүріп жататын
тәрбиемен
толықтырылады. Бағдарламаның бұл бөлiгiн әрбiр адам
өз бетiнше дамыта алады. Осылайша табиғат әрбiр адамға
өзiндiк даму және өзiндiк жетiлу жолымен өзiнің адамилық
мүмкіндiктерiн iске асыруға жол ашады. Сонымен, тәрбие
қажеттiгi адамға оның табиғатынан берiлген. Балалар өз ата-
аналарынан ненi мұра етiп алады – ақыл әрекетiне дайын
қабiлеттердi ме немесе қабiлеттердi дамыту үшiн қажет мүмкін
болған нышандарды ма? Эксперименталды зерттеулерде
43
топталған деректердi талдау бұл сұрақтарға нақты бiр жауап
мүмкіндiгiн бердi:
нәсiлдiктен өтетiн қабiлеттер емес, тек
қана – нышандар.
Әулетке өткен нышан кейiн дамуы да мүмкін
немесе қолайлы жағдайлар болмаса, өшiп кетуi де ықтимал.
Бәрi жағдайға байланысты: егер адамның нәсiлдiк бастаула-
ры нақты қабiлетке өту мүмкіндiктерiне кез болса және тұрмыс
шарттары, тәрбиесi, адам мен қоғамның қажеттерi орынды
үйлесiм тапса, нышан қабiлет деңгейiнен көрiнедi.
Барша қалыпты адамдар табиғатынан өзiнің ақыл және
танымдық күштерiн дамыту мүмкіндiгiне ие, сонымен бiрге шек-
сiз рухани дамуға қабiлеттi. Жоғары жүйке қызметi типтерiндегi
айырмашылық ойлау үдерістерінің жүрісiн ғана өзгертуi мүмкін,
ал ақыл-парасат әрекеттерi деңгейiне олардың ешқандай әсерi
жоқ. Солай да болса, бүкiл дүние педагогтары нышандардың
ақыл-ой қабiлеттерiнің дамуына кедергi де болатынын
айғақтайды. Мысалы, маскүнемдерден туған балалардың бас
миындағы енжар жасушалар, нашақорларда болатын гендiк
құрылым бұзылыстары, кейбiр нәсiлдiк психикалық сырқаттар
- қабiлеттердің орнығуына көп кедергi келтiредi. Шылымкеш
ата-аналардан туған балалар өкпе ауруына шалдыққыш ке-
ледi.
Ақыл-ой әрекетiне негiз –
жалпы
нышандармен бiрге
ар-
найы
нышандар да ұрпақтан ұрпаққа берiледi. Белгiлi iс-әрекет
түріне адамды қалыптастырудың бастауы осы арнайы нышан-
дарда. Егер адамға қажеттi жағдайлар жасалса, арнайы ны-
шандар ерте жастан-ақ белгiлi болады. Мұндай нышандар:
ән-күй, сурет өнерi, математика, ленгвистика, спорт және т.б.
үлкен маңызға ие.
Биологиялық нәсiлдiктен басқа адам дамуына үлкен ықпал
жасайтын және бiр жағдаят – бұл
әлеуметтiк
нәсiлдiк. Осы
нәсiлдiкке орай дүниеге жаңа келген адам өз ата-аналарынан
және төңірегiндегiлерден олардың әлеуметтiк-психологиялық
тәжiрибесiн (тiл, әдет, мiнез бiтiстерi, адамгершiлiк сапала-
ры, т.б). белсендi игеруге қабiлеттi. Әсiресе қызықтыратыны
– моральдық нышандардың нәсiлдiкпен берiлуi. Көп заман-
нан берi адам тумадан жауыз да, қайырымды да, мырза да,
сараң да емес, - деген тұжырым қалыптасқан. Бала өз ата-
44
аналарынан олардың моральдық сапаларын қабылдап - ұры
не қарақшы болып, өспейдi.
Ендеше, нелiктен көп ғалымдар “тума жыртқыштық” те-
ориясын ұстанады? Осыдан ғасырлар тұңғиығынан бiзге
дейiн жеткен – “алма ағашынан ұзап түспейдi” – деген мақал
әдiл ме? Бүгiнгi таңда ғалым педагогтардың көбi адамның
iзгiлiк қасиеттерi биологиялық негiзге ие деген пiкiрге ойы-
сып отыр. Адамдар қайырымды немесе ашулы, адал немесе
өтiрiкшi, адамның жыртқыштығы, қайырымсыздығы, ашкөздiгi
табиғаттан берiлген (М.Монтессори, К.Лоренц, Э.Фромм,
А.Мичерлик, т.б.).
Адамның тұлға болып жетiлуi
әлеуметтену,
яғни басқа
адамдармен қарым-қатынасқа келу үдерісiнен,
адамзат
қоғамынан тыс рухани, әлеуметтiк, психикалық дамуы
мүмкін
емес. Маугли жөнiндегi аңыз-ертегiнi есіңiзге түсiріңiз.
Нәсiлдiктен басқа адам дамуына үлкен ықпал
қоршаған ор-
тадан.
Орта – бұл даму жүріп жатқан шынайы болмыс, дүние.
Тұлғаның қалыптасуына әрқилы
сыртқы жағдайлар
, солардың
iшiнде географиялық, әлеуметтiк, мектеп, отбасы жағдаяттары
себепшi болады. Олардың кейбiреулерi белгiлi аймақтың бар-
ша балаларына тиiстi болса (географиялық жағдаят), екiншi
бiреулерi – жасаған ортаға байланысты (айталық, қала немесе
ауыл) ал үшiншi біреуi – кейбiр әлеуметтiк топтағы балаларға
маңызды, төртiншi жағдаяттар – бүкiл халықтың жалпы
жақсарған өмiрiмен байланысты (соғыс және күйзелiс жылда-
ры ең алдымен балалар қиыншылығын тудырады).
Араласу қатынастарына байланысты
Достарыңызбен бөлісу: |