Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева



Pdf көрінісі
бет28/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

Қорқыныштың болмауы 
Менің қарамағымдағы адамдардың креативтілігінің себеп-
тері неде екенін түсіндіруде мен мына шешімге келдім: көпшілігі 
салыстырмалы түрде қорқыныштың болмауымен байланысты. 
Олар мәдениет ережелеріне аз қатыстырылған, яғни олар кім не 
айтады, нені талап етеді немесе қоршағандар не үшін күледі 
дегеннен аз қорқады. Дәл осы өзінің «Мен»-інің тереңдігін 
түсінуі болмысты қабылдауды таза, ал құлықтарын аяқасты 
етеді. Мұндай адамдар өз ойларынан қорықпайды, олар адам-
дардың күлкісі не жақтырмаушылығынан сескенбейді. Олар 
эмоцияның билігіне беріле алады, невроздың көріністері бар жай 
адамдар, керісінше, көбінесе өздерінің ішкі жан дүниесіндегі 
қорқыныш қабырғасымен қоршалған. Олар өзінің тереңдегі
 
«Meн»-
імен риза емес және қоршағандар да солай ойлайды деп 
қорқады. 
Мен мынадай тұжырымға келдім: менің қарамағымдағы 
адамдардың креативтілігі – олардың тұтастық және интеграл-
дануының өнімдері; ол өзін-өзі қабылдау дегенмен парапар. Жай 
адамдардың ішкі қалпы мен оны ұстап және қадағалап тұрған 
күштердің арасындағы тартыс өзін-өзі кемелдендірген тұлғалар-
ға тән емес. Соның салдары ретінде оларда өмір қуанышы мен 
креативті көрсету үшін көп күш қалады. Олар өзін өздерінен 
қорғауға көп уақыт және күш жұмсамайды. 
«Шыңына жеткен күйзелістер» 
«Шыңына жеткен күйзелістерге» байланысты жақында 
жасалған зерттеулер бұрынғы қорытындыларды нақтылауға 
және байытуға көмегін тигізді. Олардың өмірінде қандай күйзе-
лістер ең әсерлі болғанын анықтау үшін мен көп адамдарды (тек 
cay ғана емес) сұрап шықтым. Басында ол шығармашылық, эсте-
тикалық күйзелістерге, махаббат тебіреністеріне, инсайтты бас-
тан кешіру, оргазм, сиқырлы күйзелістерге арналған арнайы 
әдебиетте сипатталған когнитивті өзгерістердің біртұтас теория-
сын құруға талпыныс еді. Осы құбылыстардың бәріне мен ортақ 
«шыңына жеткен күйзелістер» терминін қолдандым. Менің 
ойымша, бұл барлық күйзелістердің адамды және оның дүниеге 
деген көзқарасын өзгертулері ұқсас. Осы өзгерістердің бәрі, мен 
сипаттаған, өзін-өзі кемелденумен жиі қатар көрінетінін немесе 


66 
адамның ішкі тұтастығын иеленуіне мүмкіндік беретінін байқау 
мені аса таңғалдырды. 
Солай болып шықты. Бірақ, өкінішке орай, бұл кезде де 
маған бірнеше ыңғайлы және үйреншікті тұжырымдардан бас 
тартуға тура келді. Біріншіден, Чарльз Моррис айтып кеткен 
Шелдон рухындағы конституциялық айырмашылықтардың ма-
ңызын мойындауға тура келді. Адамдардың әр түрі «шыңына 
жеткен күйзелістерді» әрқилы ситуацияларда басынан кешіреді. 
Соған қарамастан бұл күйзелістер ұқсас түрде сипатталады. Бір 
әйелдің бала тууды Букенің ғарыштық сананы сипаттаған 
сөздерімен айтқанында, мен керемет таң болдым. Хаксли әр түрлі 
мәдениеттер мен дәуірлердегі сиқырлы күйзелістерді жалпыла-
ған. Жизелин шығармашылық үдерісті сипаттаса, Сузуки дзэн-
дердің медитациялық күйзелістері туралы айтады. Мен денсау-
лық типтері және т.б. осы сияқты креативтіліктің де типтері бар 
екенін түсіндім. 
Сонымен бірге бұл тақырыптан шығатын негізгі қорытынды 
тұлғаның ішкі тұтастығы, яғни адам мен қоршаған әлемнің 
үйлесімі. Бұл жағдайларға адам біртұтас болады, қарама-қай-
шылықтар уақытша кетеді; ішкі тартыс тоқтатылады, онда 
жеңуші не жеңілгендер болмайды. Осындай күйдегі адам күйзе-
лістерге неғұрлым ашық, аяқастылығы күштілеу, ол толық әре-
кеттер жасайды, бұның бәрі өзін-өзі кемелдендіруге байланысты 
креативтіліктің маңызды ерекшеліктері. 
«Шыңына жеткен күйзелістердің» бір аспектісі толықтай
қысқа мерзімге болса да, қорқыныш, мазасыздықтың, бақылау-
дың, қорғаныстың жойылуы, қорғаныстан бас тарту болып табы-
лады. Ыдырау қорқынышы, инстинктің билігіне түсу қорқынышы, 
өлім мен аурудан қорқу жоғалады немесе оны жеңу мүмкіндігі 
болады. Мұндай күй бұрын қорқынышпен бұзылған қабылдаудың 
күшеюіне алып келеді. Яғни бұл мақтаныш, рақат және өзін-өзі 
көрсетудің таза түрі деп ойлауға болады. Бірақ бұл шындықта 
орын алады, сондықтан біз фрейдистік «рақат принциптері» мен 
«шындық принциптерінің» бірігулері туралы айта аламыз. 
Бұл қорқыныштардың бәрі біздің тереңдегі «Менімізде» 
негізделеді. Күйзелістердің ең шыңындағы үдерістерде біз олар- 
дан қорқу немесе оларды қадағалаудың орнына, тереңдегі 
«Менімізді» қабылдаймыз. 


67 
Бірақ әлем ғана емес, сонымен қатар адам да тұтас және 
іштей үйлесімде бола алады, ол өзі-өзіне келеді, ол ерекше, 
қайталанбас болады. Сол арқылы оның аяқастылығы және экс-
прессивтілігі танылады. Ол бар нәрсеге көп күш, жігер жұмсамай 
қол жеткізеді. Бұл кездері адам дарыны ерекше байқалады, ол әр 
істі тиянақты істейді, ал түбінде оның бойындағы бар қасиеттері 
ашылады. Бар нәрсе ешқандай қиындықсыз келеді, сондықтан ол 
қуаныш пен күлкі әкеледі. Ол бұрын жасай алмайтын жұмысты 
істей алатынына көзі жеткізеді. 
Қысқаша айтқанда, адам тұтастықта, бірлікте тым ерекше 
болады, ол өзін ерекше тиімді көрсете алады. Ол ерлік пен күшке 
ие болады. 
Жалпы сұралғандардың көбісі өздерінің ең ауыр күйзеліс-
терін еске түсіре алғандықтан, мен мынадай тұжырымға келдім: 
көп адамдардың уақытша интеграцияға мүмкіндіктері бар және 
тіпті өзін-өзі кемелдендіруге дайын, яғни оған байланысты креа-
тивтілікті таныта алады (әрине, сұралғандар санының аздығы 
мен топтың кездейсоқ сипатын ұмытпау керек). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет