Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева



Pdf көрінісі
бет38/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

адамның 
бойында оның рухани өмірінің негіздері, оның ойлау қабілетінің, 
оның ақылға салу, зерттеу және пайымдау қабілетінің негіздері 
табиғи үйлесімді болып қалай дамиды?
Мұндай ойлау 
қабілетінің дамуы заттарды сезім мүшелерімен қабылдау бары-
сында алған әсерден басталады, себебі заттар біздің ішкі және 
сыртқы сезімдерімізді қозғап, біздің ақылымызға тән өзі дамуға 
талпынысын қоздырып, оған жан бітіреді. 
Ойлау қабілетіміздің өзі дамуға талпынысы сезім арқылы 
қабылдауға жан бітіреді, сезім арқылы қабылдау өзінің таби-
ғатына қарай ең алдымен қабылдаған заттардан туған әсерді 
санамен түсінуге, яғни сезім арқылы тануға алып келеді. Сөйтіп, 


82 
ол сезім мүшелерімен қабылдау барысында алған 
әсерді білдіру
қажеттігін туғызады. Ең алдымен, ымның қажеттігі пайда 
болады, бірақ сонымен бір мезгілде адамға көбірек тән қажеттігі 
пайда болғандықтан сөйлеу 
қабілетінің
қажеттігі сезіледі, ол 
дамығаннан кейін мұндай жағдайда бірден ымды пайдалану 
қажеттілігі жойылады. 
Адамның ойлау қабілетін қалыптастыруға қажетті, маңызы 
зор сөйлеу қабілетін ең алдымен адам табиғатының қосымша 
күші деп қарауымыз керек, оның басты міндеті – сезім мүшелері-
мен қабылдау барысында алған білімді ойдағыдай сіңіріп алуға 
көмектесу. Ол басынан бастап сезім мүшелері арқылы алынған, 
әдетте сөйлеу қабілетінің алдында жүретін білімнің өсіп, кеңеюі-
мен тығыз байланыста болғанда ғана табиғи үйлесімді етіп айта 
алмайды. Адам не туралы айтса да, сол туралы ол тек білгенде 
ғана айта алады. Нені үстірт білсе, сол туралы ол үстірт қана 
айтады; нені дұрыс білмесе, сол туралы айтқаны дұрыс болмай-
ды; басынан бастап ақиқат болған нәрсе бүгінге дейін солай 
болып келе жатыр. 
Ана тілі
мен кез келген басқа тілді 
үйренудің табиғи үйлесім-
ділігі
сезім арқылы алған біліммен тығыз байланысты, ал олар-
дың ең бастыларын үйренудің табиғи үйлесімді барысы табиғат-
тың жолдарына сәйкес келу керек, табиғаттың сол жолдары 
бойынша сезім мүшелерімен қабылдау арқылы алынған әсер 
білімге айналады. Ана тілін үйренуге біз осы тұрғыдан келетін 
болсақ, адамның көптеген маңызды белгілері баяу және бірте-
бірте біздің сезімнен тұратын, өздерінің шыққан жері болған 
табиғатымыздың хайуандық қасиеттерінен дамитыны секілді, 
туған тілді меңгеру де сөйлесу органдарына қатысты болсын, 
тілдің өзін меңгеруге қатысты болсын, дәл солай және баяу 
жүзеге асатынын байқаймыз. Бала сөйлеу органдары жетіліп 
болғанша, сөйлей алмайды. Өмірді жаңа бастағанда, ол әлі 
ештеңе білмейді, сондықтан онда бір нәрсе туралы 
айтсам 
деген ниет те
болмайды. Бірдеңе айтсам деген тілек пен қабілет 
сезім мүшелері арқылы алған білімі өскен сайын бірте-бірте 
дами береді. Табиғатта нәрестені сөйлеуге үйрететін басқа жол 
жоқ, сондықтан тәрбиелеу өнері сол мақсатқа жетуге көмек-
тесіп, баламен бірге асықпай осы жолды жүріп өтеді. Сонымен 
бірге тәрбиелеу өнері баланың айналасынан немесе сөйлеу 


83 
органдары айта алатын әр түрлі дыбыстардан туатын алған 
әсерінен пайда болған бір нәрселердің бала үшін қызықтысын, 
оны ынталандыратындарын қосақтап беріп отыруға тырысу 
керек.
Баланы сөйлеуге үйрету үшін шешесі балаға табиғат өзінің 
бар кереметімен әсер ететіндей, оның органдары еститіндей, 
көретіндей, сезетіндей және тағы басқалай мүмкіндік жасауы 
керек. Балада бірте-бірте көріп, есітіп, иіскеп және татып біліп 
тұрмын деген ішкі түйсік ояна бастаған сайын, осы әсерлерін 
білдіретін сөздерді білсем-ай шіркін, соларды пайдалансам деген 
тілек пайда болады, басқаша айтқанда, осы туралы сөйлеп 
үйренсем деген тілек күшейе түседі және осы білігін меңгеру 
қабілеті арта береді. Шешесі дыбыстардың тартымдылығын осы 
мақсатқа пайдалануға тиіс. Ол баласын тезірек сөйлеуге үйретуге 
мүдделі болса, ал ол бұған сөз жоқ мүдделі, сөйлететін дыбыстар-
ды баласының құлағына біресе қаттырақ, біресе жайлап, бірде 
әндетіп, енді бірде күлкісімен және тағы басқалай, әрдайым 
әрқалай, ойнақы, көңілді етіп құйқылжытып жеткізуге тиіс, 
сонда бала сөз жоқ шешесінің артынан қайталап, былдырлап 
отырғысы келетін болады. Сонымен бірге шешесі сөздерді 
айтқан сайын, олардың атауы баланың есінде қалу үшін, оның 
бойындағы сол заттардан алған әсерді қоздырып, оған жан бітіріп 
отыру керек. Баланың сол заттарды сезім мүшелерімен елестеткі-
зіп, сол суретті есінде қалдыру керек. Бала сол заттарды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет