Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева


оқу мен еңбектің өзара байланыстылығы және өзара



Pdf көрінісі
бет72/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

оқу мен еңбектің өзара байланыстылығы және өзара 
тәуелділігі.
Біздің тәрбие жұмысымыздың жүйесі – бала азаматтық ойлар 
мен істердің әлемінде өмір сүретінінде, осы істер және олар 
туралы ойларда оның қуаныштары мен реніштерінің басты 
қайнар бұлағы жатыр. Егер бала тұтынушы ғана боламын деп 
өссе, егер балалық шақтан бастап біз өмір сүрген ортаның бір 
жағын: ол туралы қоғам ойлайды, аға ұрпақ жас ұрпақ жетімсіз-
дік көрмеуі үшін қамқорлық жасаса, азамат тәрбиелеп шығару 
қиынға соғады. Жас адамның балалық шағында, әсіресе жасөспі-
рім шағында әлемді бұрынғысынан жақсарту тілегі туғанда ғана 
азаматтық сезім оянады. 
Жеті жасар балалар оқушы қатарына қосылады. Біз оларға 
әлемді көрсетіп, түсіндіреміз, ұғындырамыз. Мынау – жүзім 
егісі: оның бұтақтары ауыр жемістен майысып тұр. Мынау – 
қалың егін: онда күздік бидай көгеріп тұр, – дейміз. Бидай піседі, 
балалар ауырлаған масақ бастарын көреді, комбайншының егін 
жинағанын, колхоз алқабындағы тау-тау үйілген дәнді байқайды. 


177 
Ал егістік жерден екі жүз адымдай жерде, көресіңдер ме, балалар, 
құнарсыз сазды жер жатқанын. Тіпті бұл жерге қурай да өспейді. 
Бұл не сонда? Құнарлы жердің арасында құнарсыз жер қайдан 
жатыр? 
Бұл – құнарсыз жер. Бірнеше жылдар бұрын ол қазіргі бидай 
көгеріп тұрған жердей құнарлы болған. Топырақты дұрыс 
жыртпаған, жаңбыр қара топырақты біртіндеп жуа берген, 
сөйтіп, егістік жер құнарсызданған. 
Біз оқыту мен тәрбиенің тұтастығын кішкентай адамға әле-
мді көру қобалжу мен қамқорлықтан басталуын, баланы тебірен-
дірген алғашқы азаматтық құштарлық – бұлай болмау керек 
деген ойдан басталуынан көреміз. Осы ой – салғыртық, қырсыз-
дық, ысырапшылдыққа төзбеушілік сезімін оятып, кішкентай 
адамды білек сыбанып іске кірісуге жұмылдырса екен. Біз 
балаларда барлық егістік жер осылай болуы мүмкін деген ой 
туады деп қауіптенбейміз. Керісінше, біз балалардың санасында 
егер жерді күтпесе, барлық егістік жер де жарамсыз болып қалуы 
мүмкін деген ойды бекітуге тырысамыз. Кішкене балаларға 
біздің заманымызда табиғат байлығы сарқылмас қазына болмай 
қалғандығын жете түсіну қиын, бұл ой кейін есейген шақтарында 
біртіндеп қалыптасады. Қазір кішкентай кездерінде оларды 
ойландырып, тебірендіретін болсын, егістік жер жап-жақсы болу-
шы еді, енді міне жарамай қалыпты, бұл адамды толғандырады, 
бұлай болмауы керек! – деуге жетелейік. 
Құнарсыз батпақты жер маңына қызғалдақ ектік. Гүлденген 
қызғалдақ даласы қасында жарамсыз болып қалған тақыр жер. 
Балаларда бір уақытта осыны көрсін, әлемді көру үйрейлену мен 
қам жеуден басталсын, кішкене азаматтың еңбекке құмарлығы 
пайда болсын. Баланың еңбектенгісі келуі өте күрделі, нәзік 
нәрсе. Бұл – баланың жан дүниесінде бұлай болуға тиіс емес 
деген ой түпкілікті орныққанда ғана пайда болады. Азаматтық 
тәрбие кішкене адамның әлемді жақсы жағынан көргісі келуімен 
рухтана түседі. Жарамсыз егістік болмауы тиіс. Егер үрейлену, 
қам жеу, реніш болмаса, әлемді жақсы жағынан көруге құш-
тарлық тумақ емес. 
Егер кішкентай адам қуанышқа өз еңбегімен жетіп, ие болса 
ғана, оны шын мәнінде түсінетін болады. Бұл – тәрбиенің ең 
басты заңдылықтарының бірі. Азаматтық мақтаныш, еңбек қуа- 


178 
нышы әлемді ақылы және қолымен танып меңгеріп, үрейленуді, 
тынымсыздануды танымаған адамның қолына ілікпейді. 
Қызғалдақ егілген жер жанында көп жылдық еңбек баста-
лады. Оның тәрбиелік мәні де сонда – ол көп жылға және бала-
лық шақта басталады да, бала әлемді тани бастайды, алғашқы 
ақиқаттармен қатар оның санасына қалай болу және олай бол-
мауға тиіс деген сенім пайда болады. Кішкене адамды қызғалдақ 
егілген жер болу, ал жарамсыз қалған жер болмау керек деген ой 
тынышсыздандырады. Жарамсыз жерге жан бітуі тиіс, осы ой 
ынта-ұмтылысты рухтандырады. Балалардың көп жылдық ең-
бегінің нәтижесінде құнарлы топырақ жер пайда болады. Клас-
тағы отыз адамның әрбіреуі он шаршы метрден құнарсыз жерді 
алады. Үш жүз шаршы метр, гектардың үш жүзден бір бөлігі. 
Мүмкін, ересек адамдар, біздер үшін бұл ойыншық іспеттес 
көрінуі мүмкін, ал балалар үшін – бұл үлкен еңбек. Оның құнды-
лығының өзі – ойдың іспен астасуы, осындай жағдайда ғана 
рухани өмір пайда болмақ. Адам қиыншылыққа тап болмай, ол 
оның рухани өмірінің негізіне айналмайынша оған бой ұрмайды. 
Жалпы игілік үшін еңбек ету рухани өмірге енуге тиіс – 
балалық, жасөспірім, жастық шақтағы азаматтық тәрбиенің мәні 
де осында. Жарамсыз қалған далаға гүл егіп, гүлденген жерге 
айналдырудың тәрбиелік мәні де бала үшін еңбектің сүйетін іске 
айналуында, өйткені ол арқылы әлем жақсарады. Егер ауыр, 
қиын іс құштар іске айналса, адам еңбекке жан-тәнімен бері- 
леді. 
Оқу еңбекпен жан-жақты байланыс болады. Білім еңбек ету 
үшін азық болады және ол адамның барлық өмірінде маңызды 
рөл атқарады. Бірақ адамгершілік байланыстың маңызы шешуші 
болып табылады. Өзінің белсенді әрекетінің барлық саласында 
адам еңбеккер болуы тиіс. Ол еңбек қарым-қатынасында азамат 
болғанда ғана оқуда да нағыз еңбеккер болады. Мектеп өмірінің 
негізгі педагогикалық үдерістердің өзара тәуелділігі және өзара 
шарттылығы көрінетін негіз – біртұтас тәрбиелеуші күш-педа-
гогикалық коллектив. 
Тәрбие – баланың үнемі рухани жақтан байып отыруы. 
Оқушылар тек сабақта ғана тәрбиеленбейді. Біздің педагогика-
лық коллектив тәрбиенің анықтамасының бірі төмендегідей 
болуы мүмкін, – дейді, тәрбие – бұл тәрбиеші мен тәрбиелену- 


179 
шілердің рухани өмірінің біртұтастығы, олардың армандарының, 
ұмтылыстарының, ынталарының, ойларының, қобалжуларының 
біртұтастығы. Адамға адамгершілік мәдениетті, идеялық сенімді, 
көзқарастарды жеткізу, қоғамда өмір сүруді үйрету, моральдық-
этикалық принциптерді бекіту – мұның бәрі тәрбиеші мен 
тәрбиеленушінің пікірлес деп сезінетін рухани тұтастығының 
сатысын талап етеді. Бұл рухани бірлік сатысына тек қана сабақта 
жетуге мүмкін бе? Жоқ. Тәрбиенің мәнін білдіретін рухани 
өмірдің бірлігі педагог сабақ берумен қатар, тәрбиеленушілер 
коллективінің мүшесі болғанда ғана жасалады. Ол осы коллек-
тивтің іс-әрекетімен шұғылданған, өз тәрбиеленушілерімен 
ортақ мүдделері бар. Біздің мектепте 32 педагог бар, олардың 
әрқайсысы бір, екі кейде үш коллективтің басшысы, тәрбиешісі. 
Педагогтар көзқарасынша, ол – басқарушы, тәрбиеші, ал оқушы-
лар үшін ол өздері сияқты қызықты істермен шұғылданатын 
жолдасы, пікірлесі. Оқушылардың рухани өмірі бірнеше кол-
лективте өтеді. Әрбір оқушы екі, үш коллективтің өміріне қаты-
сады. Осы коллективтердің бірінде оның ұстазы, аға жолдасы – 
мұғалім. 
Сіз әр жастағы балалар оқитын мектептің директорысыз 
дейік. Бұл қиындық келтіреді әрі тәрбие жұмысын жеңілдетеді 
де. Жастары әркелкі коллектив мектеп басшысын жастары үлкен-
дері мен кішілердің арасындағы ақыл-ой, адамгершілік, эстети-
калық, шығармашылық қатынастардың көп жақты болуына 
үнемі қамқорлық жасауға итермелейді. Сөз мектеп басқарудың 
өте маңызды және қиын проблемасы – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет