171
Командирдің жұмысы жетекші мен ұжымның сенімін арқа-
лаған жауапкершілігі ауыр жұмыс болып есептеледі.
Командирдің өндірістегі басты міндеті – өндірістік жоспар-
дың орындалуын қадағалау және стахановшылардың қозғалысы-
на екпін беру. Осы міндетті шешу үшін ол барлық бағытта жұ-
мыстар жүргізуі керек, олар: стахановшылар қозғалысы, тәртіп,
матриалдармен қамтамасыз ету, уақытты босқа өткізу және
жұмысқа келмеу жағдайларын болдырмау, жақсы құрал, жақсы
инструктаж, жұмыс орнын
ұйымдастыру, арнайы киіммен жаб-
дықтау, дұрыс норма қалыптастыру, іс қағаздарын дұрыс жүр-
гізу.
Шешілуі маңызды кедергілер мен кемшіліктер туралы
командир инструктормен,
цех бастығымен ақылдасып, мекеме
жетекшісіне немесе оның көмекшісіне баяндап отыруы керек,
жасақтың жалпы мәжілістерінде немесе өндірістік мәжілістерде
талқылауға ұсынып отыруы қажет.
Бірақ мұндай талқылаулар мен мәжілістер жұмыс уақытын-
да болмауы үшін жұмыс уақытында ешбір тәрбиеленуші станок-
ты тастап кетіп қалмауы үшін ол ең батыл шешімдерді қабылдай
алуы керек.
Командирдің өзінің станогының
жанында жұмыс орны бо-
луы тиіс. Командирлік жұмысы үшін оған өндірістік табысының
10-20 %-ы қосымша төленеді.
Командир инструкторды алмастырмауы тиіс, инструктор-
дың тікелей міндетіне өндірістегі техникалық үдерісті басқару
кіреді.
Тұрмыста (ұйықтайтын бөлмеде)
командир де жасақтың
үлкені, жауаптысы болып есептеледі. Жасақтағы тәрбиелену-
шілердің арасынан командирдің көмекшісі белгіленеді. Сондай-
ақ жасақта спорт ұйымдастырушысы да белгіленуі керек. Бұған
үміткерлерді жасақ анықтайды немесе командирдің өзінің
ұсынуымен педагогтардың жетекшісімен және Командирлер
кеңесімен бекітіліп қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: