Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева


Ұжымды ұйымдастырудың құрылымдары



Pdf көрінісі
бет68/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

Ұжымды ұйымдастырудың құрылымдары 
Балалар мекемелерінде ұжымды ұйымдастыру түрлі ұста-
нымға сүйенеді. Балалар мектептің түріне қарай топтарға бөлінуі 
мүмкін: бұл жағдайда интернат мекемелерде оларға ұйықтайтын 
бөлме, сыныптар мен басқа да бөлмелер беріледі. Оның өзіндік 
пайдасы бар: балалардың жастарына, дамуына қарай бөлінеді, 
сол себепті де оларға сабаққа дайындалуға жеңіл әрі ыңғайлы 
болады, оқу құралдары мен оқулықтарды бірге пайдаланып, арт-
та қалған оқушыларға көмектеседі. Бірақ оның көптеген кемші-
ліктері бар: бұлайша ұйымдасқан алғашқы ұжымдардың мектеп-
тегі қызығушылықтары мектептің аясынан шықпай, тар шеңбер-
де тұйықталып қалады, еңбек пен өндіріс мәселелерінен тыс 
қалады, мекеменің жалпы шаруашылық өркендеуіне аралас-
пайды.
Тәрбиеленушілерді ұйымдастыруда бастауыш ұжым басқа 
да ұстанымдарды басшылыққа алуы мүмкін, нақтылап айтсақ:
– өндірістік ұстаным бойынша;

жасына қарай, т.б. Ф.Э. Дзержинский атындағы коммуна-
да бастауыш ұжымды ұйымдастыруда ұжымның өндіріс-
тік белгісі негізгі болып саналды.
Бұл жағдайда келесі ережелерді басшылыққа алу керек:
а) барлық тәрбиеленушілер жасақтарға бөлінеді және өнді-
рісте де жасақ құрамында болады;
ә) жасақ құрамы 7 мен 15 адамнан тұрады. Жасақта 15-тен 
артық адам болмауы керек. Тәжірибе көрсеткендей, бастауыш 
ұйым құрамында шамадан көп адам болса, аға тәрбиешінің 
басқаруын қиындатады, ол әлсіз болады, аға тәрбиеші жасақ 
мүшелерінің барлығын қамти алмайды;
б) егер тәрбиеленушілер өндірісте екі ауысымда жұмыс істе-
се, олар бірін-бірі ауыстыратындай етіп екі ауысымға қойған дұ-
рыс;
в) станоктар аз болса, бірінші және екінші ауысым тәрбие-
ленушілерінен тұратын жасақтар құруға болады, бірақ бұл форма 
ыңғайсыздау, себебі бұл жағдайда бірінші ауысымдағы балалар 
екінші ауысымдағы балалармен өндірісте кездесе алмайды;
г) өндіріс жағдайы мүмкіндік берсе, кейбір реттерде алмас-
пайтын, яғни бір бөлшектерді басынан аяғына дейін өздері жа-
сайтын жасақтарды құрған жөн;


168 
ғ) әрбір жасақтың ұйықтайтын бөлмесі бөлек немесе қатар 
орналасқан ұйықтайтын бөлмелерде орналастырылуы керек;
ж) асханада жасақтар бірге болады.
Бастауыш ұжымды өндірістік белгісіне қарай ұйымдасты-
руда олардың жас айырмашылығын ескерусіз қалдыруға бол-
майды. Ұжымы мықты әрі жақсы ұйымдастырылмаған және 
дұрыс тәртіп жағдайы қалыптаспаған мекемелерде 10-14 жас 
аралығын қамтитын кіші жастағы бастауыш ұжымдар бір бөлек 
ұйымдастырылуы керек; тек кейбір жағдайларда ғана жекелеген 
балаларды ересектердің жасағына қосуға болады, бірақ бұл 
жағдайда мынадай жекелеген жағдайларды айрықша тексеріп 
алған жөн: кіші жастағы бала кімнің қарауында болады, жасақ 
оны қалай қабылдады, оның жасақтағы өмірі мен жұмысына 
нақты кім жауап береді, оған кім ерекше қамқорлық көрсетуі 
керек.
Егер пионер ұйымы болса, әр жасақта пионерлік топтардың 
болуы қажет. Егер пионерлер балдырғандардың барлық жасағы-
на жеткілікті болса, арнайы пионерлік жасақтың болғаны абзал. 
Үлкендердің жасағындағы комсомолдар күші де дәл осылай 
ұйымдасуы керек. Жеке комсомолдар жасағы тек әр жасақта аз 
дегенде 25-30 % комсомол болған кезде ғана жасақталады.
Бұл белсенділерге де қатысты: белсенділер жекелеген 
жасақтар мен ұйықтайтын бөлмелерде шоғырланбауы керек, 
олар барлық жасақтарды біріктіруі керек. Белсенділер құрамын 
артта қалған жасақтарға арнайы жіберу керек.
Ұжым берік ұйымдасып, бір тәртіпке келгенде, сондай-ақ 
нақты күн тәртібі мен жақсы дәстүрлер қалыптасқан кезде ғана 
жас мөлшерлері аралас жасақтарды ұйымдастыру өте пайдалы 
болады.
Ф.Э. Дзержинский атындағы коммунада бастауыш ұжымдар 
– жасақтар әр түрлі жастағылардың басын біріктіру ұстанымы 
бойынша жасақталған. Бұлайша ұйымдасқан ұжымның үлкен 
тәрбиелік ықпалы бар – түрлі жастағы балалар жақын, тығыз 
араласады, үздіксіз тәжірибе жинап, жоғары буынның тәжірибе-
сін кейінгіге беруге табиғи жағдай жасалады, кішкентайлары 
түрлі мәліметтер алады, жүріп-тұру әдебін меңгереді, жұмысқа 
деген ептілікті қалыптастырады, үлкендерді және олардың бе-
делін сыйлауға үйренеді. Өзінен кішілерге қамқор болу және 


169 
жауап беру үлкендердің ойынша кеңес азаматына қажетті қасиет-
терді тәрбиелейді: адамға ерекше ілтипат көрсету, қайырым-
дылық және талапшылдық, әрине, болашақ отағасына керекті 
қасиеттермен, т.б. Бұл күрделі тәрбие үдерісі жақсы ұйымдасқан 
ұжымда артық күш-жігерді қажет етпейді, тек үнемі нәзік бай-
қалатын әсерлер мен балалардың қылықтарын, қатынастарын 
таратып талдап отыру керек.
Бірақ үлкендер мен кішкентайлардың мұндай қарым-қаты-
нас стилі тәрбие үдерісін ұйымдастырудың әлдеқайда жоғары 
формасы болып табылады, сол себепті де білікті әрі парасатты 
педагогикалық басқаруды және ықпалды талап етеді.
Мүмкіндігінше жасақ құрамының өзгермеуін қадағалау 
керек, жасақ мүшелері ұжымда тату болуға үйренеді. Бір жұмыс 
орнынан екінші жерге жиі ауыстыра беру өндірістік үдеріске ғана 
емес, балалардың ұжымын да бұзады. Бастауыш ұжымды бір 
құрамда не тым аз уақытқа, не тым уақытқа сақтау күллі тәрбие 
үдерісі үшін шешуші рөл атқарады. Сондықтан балалардың бір 
орыннан екінші орынға ауысуы барынша сирек болған жөн.
Қалай болғанда да ұжымның өндірістік бөлінуі кезінде бұл-
жымайтын ереже бар: егер тәрбиеленуші бір жерден екінші 
жұмыс орнына ауысса, ол бір жасақтан екінші жасаққа ауысуы 
тиіс, яғни ұйықтайтын бөлмесін де, асханадағы орнын да ауыс-
тыру керек деген сөз.
Мектепте, әрине, балалар сынып бойынша немесе курс 
бойынша ұйымдасады. Дзержинский атындағы коммунада бұл 
ережелер тек мектеп қабырғасында оқу барысында немесе 
кешкісін сабаққа дайындық кезінде қолданылады.
Ұжымның тұрмыстағы өзін-өзі ұстауымен түбегейлі айналы-
су керек. Егер өндірісте және мектепте ұйымдасып, ал былайғы 
өмірде қалай болса солай жүретін болса, тәрбиенің нәтижесі 
әрдайым төмен болады. Интернаты бар мекемелерде ұйықтайтын 
бөлмеге тек жатақхана ретінде қарамау керек. Ұйықтайтын 
бөлме еңбек, шаруашылық және саяси тәрбие берудің қосымша 
формасына айналуы тиіс, бөлмедегі балалар өздерінің мектептегі 
табыстарын, өндірістегі жетістіктерін, сәтсіздіктерін, еңбектегі 
күрестерімен, өндірістегі қайнаған мәселелермен, жалпы ұжым-
ның нәтижелерімен, жеңістерімен бөлісетін ортаға айналуы 
керек.


170 
Егер бұл байланыс ұйымдастырылмаса, ұйықтайтын бөлме 
әдетте қарсылығы аз және талабы төмен жерлерде – жалған 
рақаттану мен көңіл көтеру, тіпті кейде әлеуметтік ортаға қарсы 
байланыстар мен қылықтар орын алатын өзге байланыстардың өз 
бетімен қосылатын жеріне айналады.
Міне сол себепті де тұрмыстың дұрыс ұйымдастырылуына 
ерекше көңіл бөліп, балаларды жасақ бойынша орналастыру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет