157
лық интеллектісі функцияларының қосылып, жинақталып, осы
кезеңде жаңа формаға енуі арқылы көрінеді.
Сонымен, Ш. Бюлер теориясы өзінің жоққа шығарып
отырған теориясына ғана қатысты емес, тіпті өзінің тұжырымдап
отырған теориясының тек негативті, сондай-ақ позитивті бөлімі-
не де қайшы келетіндігін байқаймыз. Керісінше, жасөспірім
ойлауында мүлде жаңа, яғни үш жастағы балада жоқ күрделі
синтетикалық формалар қалыптасып қана қоймай, өтпелі кезеңде
үш жастағы балада бар қарапайым формалар қайтадан жаңа
негіздерге өзгеріп, өсіп болып қана қоймай, олардың пайда
болу күші мен ескі формалар мүлде жаңа негізбен қайта құры-
лады.
Жоғарыдағы айтқан пікірлерді қорыта отырып, біз дәстүрлі
теорияның маңызды әдіснамалық арқауы – жасөспірімнің ойлау
мазмұнындағы өзгеріс пен оның интеллектілік операциялар
эволюциясының қозғалысындағы кандай да бір маңызды өзге-
рісті мойындамау, ойлау мазмұны мен формасының дамуына
өзгеріс енгізе алмау ішкі қарама-қайшылығында жатқанын айта
аламыз. Үйлеспеушілік, біз көрсетуге тырысқанымыздай, мінез-
құлықтағы екі бағытты ажырата алмаудан туындап отыр. Ол –
қарапайым функциялар мен жоғары психикалық функциялардың
дамуы. Біз енді алынған нәтижелерді қорытындылай отырып,
өзіміздің барлық уақытта сыни зерттеулерімізді бағыттап оты-
ратын басты ойымызды айта аламыз.
А.С. Макаренко 12 жасында Полтава
губерниясының Крюков қаласындағы төрт
кластық училищесіне оқуға түседі. Содан
кейін 1905 жылы мұғалімдер курсын
бітіріп, халық мұғалімі атағын алады.
Оқытушылық жұмысын ол әкесі істеп
жүрген зауыттың жанындағы темір жол
мектебінен бастайды, бірақ артынша екі
кластық темір жол училищесіне ауысады.
1911 жылы Херсон губерниясындағы До-
линская станциясына еріксіз ауысады. Мұн-
да 3 жылдай темір жол мектебінде істе-
йді. 1914 жылы Полтавадағы жоғарғы
Достарыңызбен бөлісу: