Жоғарыда көрсетілген компоненттермен бірге фосфогипс құрамында магний, кремний жəне сирек металдар болады. 1 т фосфор қышқылында 100% Р2О5 есептегенде 4,5-8,4 т дейін фос- фогипс түзіледі (3,6-6,2 т құрғақ затқа есептегенде).
Фосфогипсті сортаң топырақтарды мелиорациялауда, цемент, күкірт қышқылын алу өнеркəсіптерінде қолданады. Фосфогипс- тің мұндай қолдануы табиғи гипс, колчедан жəне ізбестас сияқты дəстүрлі шикізаттарды, сондай-ақ сақтауға кететін шығындарды үнемдеуге мүмкіндік береді. Фосфогипсті жоғарыда көрсетілген өнімдерге қайта өңдеу барысында өнеркəсіптерді эксплуата- циялау мен құруда айтарлықтай шығындар болады. Бірақ есеп- теулердің көрсетуі бойынша бұл кеткен шығындар дəстүрлі шикізаттан алынған өнімдерге қарағанда аз кететіндігін көрсе- теді. Оны утилизациялау химиялық қалдықсыз технологияда ең маңызды мəселелердің бірі болып отыр.
Ереже бойынша барлық технологиялық сызбалар фосфорды шикізаттың басқа компоненттерімен бөлуді қарастырады (каль- ций, магний, фтор, кремний, темір, сирек металдар).
Қазіргі таңда минералды тыңайтқыштар мен фосфор құрамды өнімдерді алу өнеркəсібінің технологиясын жетілдіруде екі негізгі бағыт жүзеге асырылған:
жоғары сапалы өнімдерді алу үшін минералды шикізатты энергия технологиялық принциптерге кешендік қайта өңдеуді қамтамасыз ететін принципиалды жаңа үрдістерді құру;
түзілген қалдықтарды тазарту мен залалсыздандырудың əдістерін зерттеу.
Қарастырып отырған өнеркəсіптің атмосфера мен су қой- маларын ластайтын негізгі қалдықтары – фтор жəне аммиак қосылыстары болады. Олар қоршаған ортаға реакторлар мен буландырғыш жəне кептіргіш қондырғылардан газтүрінде келіп түседі. Сонымен қатар газды шаймалайтын қондырғылардан, қатты қалдықтардан, ең алдымен фосфогипс пен тыңайтқыш- тардың өздерінен келіп түседі. Шығарылған газдардың ішіндегі ең улылары фтор қосылыстары мен кремний фториді болып табылады. Оларды газдардан ұстап қалу тек ауа бассейнін тазар- ту үшін ғана емес, фтордың көптеген өнеркəсіп салаларында, атап айтқанда, ядролық энергетика, түсті металлургия, шыны, органи- калық синтез өнеркəсіптерінде кеңінен қолдануына байланысты маңызды болып табылады. Фосфор шикізатынан тыңайтқыш, фосфор қышқылы, азықтық фосфаттар, элементтік фосфор алуда негізгі улы қалдық фтор болып табылады. Қайта өңдеуге қолда- натын шикізаттың құрамында 1-4 % фтор болады.
Шикізатты қайта өңдеуде фтор дайын өнімнің құрамында да, қалдықтың құрамында да болады (газдар, ағызынды сулар жəне қатты өнімдер). Жай жəне қоссуперфосфат, фосфор қышқылын шығаратын өнеркəсіп орындары газ тазартқыш қондырғылармен жабдықталған. Ол фтор қосылыстарының көп мөлшерін ұстап қалады. Олардан кейін фторидтердің əртүрлі өнімдерін алады. Атап айтқанда: калий, натрий, кремний, аммоний, алюминий, магний, кальций фторидтері жəне т.б.
Ағынды əдіспен жай суперфосфат, қос суперфосфат алу, жартылай гидратты əдіспен экстракциялық фосфор қышқылын алу өнеркəсіптерінен, сондай-ақ экстракциялық фосфор қышқы- лын буландырудан түзілген кремний фтор құрамды газдардан бүгінгі таңда əртүрлі фторқұрамды тұздарды (Nа2SiF6, NaF, KF, (NН4)SiF6, NН4F, AIF3 жəне т.б.) алудың өнеркəсіптік өндірістері меңгерілуде.
Фтордан тазарту жолдарын одан ары зерттеу фтордың бө- лінудəрежесінжоғарылатумақсатындағы технологияны жетіл- діруге арналған. Фтор қосылыстарынан тазарту дəрежесін жоға- рылату үшін фторды газ тəрізді қосылыстар түрінде бөлінуге мүмкіндік беретін əдістер қолданылады. Мысалы кремний диок- сидін қосу, өте терең вакуум құру жəне үрдіс температурасын
жоғарылату, ерітіндіден тұндыру арқылы бөлу, экстракциялау, сорбциялау.
Фосфор шикізатының құрамындағы фторды кетіру мен фторсыз өнім алу жұмыстары келесі негізгі бағыттан тұрады:
– шикізаттыыдыратуғадайындаусатысында фторды бөліп алу (механикалық, термиялық, химиялық жəне басқа əдістер);
экстракциялық фосфор қышқылын тыңайтқышқа немесе азықтық фосфаттарға қайта өңдеу алдында басқа қоспалардан тазартумен бір мезгілде фторсыздандыру үрдісін құру;
фосфатшикізатыназот қышқылымен ыдыратуда алынған азот-фосфорқышқылды ерітіндіден фторды бөліп алу;
фосфаттытермиялықөңдеукезіндефтордыбөліпалу;
фосфатшикізатынфтордантазартудабөлінетін аралық фтор өнімдерін қалдықсыз қайта өңдеу əдістерін зерттеу.
Фосфор құрамды шикізатты қайта өңдеудің əртүрлі əдістеріндегі фтор туралы мəліметтер төменде 3-кестеде көрсетілген.