Байланысты: Қалдықсыз технология тиімділік және сапа оқу құралы
тапсырма.
Бастапқы қоспаның массалық шығынын есептеу:
GF = VFPF,
мұндағы: PF бастапқы қоспаның тығыздығы А жəне В компо- ненттерінің араластыру көлемінің аддитивтілігіне сəйкес келесі қатынас бойынша анықтауға болады:
PF = PAPB (1+XF)/(PB +PAXF).
Бірінші еріткіштің массалық шығыны: GА мына теңдеуден алуға болады:
34-сурет. Экстракциялық қондырғы:
1, 11 – суға арналған бактар; 2, 12 –ТБФ-ке арналған бактар; 3, 4 – ротамерлер;
5 – экстрактор, 6 – сифонды түтік; 7, 8 – реттегіш вентилдер;
9 – көру жарықтары; 10, 13 – насостар (сорғыштар), П1, П2 – сынамалар, ағындар – 1 ТБФ; 11 – су (экстрагент жəне экстракт), 1, 11 – ауа мен буды атмосфераға шығару
Бірлік уақыт ішіндегі экстрагентпен бөлінген Н3РО4 мөлшері мына теңдеу бойынша есептеледі:
М = GC (YF – YS).
Масса тасымалдаудың көлемдік коэффициенті KYV теңдеу бойынша есептейді:
M = KYVY кг/м3с. кг/кг.
Бөліну дəрежесі мына теңдеу бойынша есептеледі: h = (XF
XF) / XP
тапсырма.
Толық өткізу есебін дайындау, барлық тапсырмаларды ескере отырып жəне тепе-теңдік графигін тұрғызу, сонымен қатар келесі сұрақтарға жауап беру.
Сұйық экстракция дегеніміз не? Экстракт деген не? Рафинат деген не?
Неліктен фазалар арасында масса алмасу жүзеге асырылады? Масса алмасуға қандай факторлар əсер етеді?
Роторлы-белдемелі экстрактордың жұмысын жəне өзіңізге таныс басқа аппараттардың конструкцияларын сипаттаңыз.
Масса алмасудың орташа қозғалыс күшін есептеу үшін қандай өлшемдер қолдануға болады?
Тасымалдау бірлігі дегеніміз не? Бұл ұғымның физикалық мағынасы қандай?
Тасымалдау биіктігінің бірлігі дегеніміз не? Оны анықтау үшін қандай өлшемдер қажет?
Таралу коэффициенті дегенміз не?
Қондырғыны қалай құрастыру керек жəне оны жұмыс қалпына қалай келтіреді?
Өзінің құрамы бойынша экстрактор арқылы жеңіл жəне ауыр фазалар қозғалыс мөлшері бойынша қалай өзгереді?
Шығынның көбеюі арқылы жұмыс сызығының орны қалай өзгереді: а) бастапқы, б) экстрагенттің?
Рафинат фазасы бойынша масса тасымалдау күшін, масса тасымалдау коэффициентін KYV, рафинат фазасы бойынша жалпы тасымалдау бірлігінің биіктігін қалай анықтауға болады?
Тасымалдау бірлігінің биіктігіне гидродинамикалық жағ- дай қалай əсер етеді?