Пікір жазғандар



бет2/73
Дата20.02.2023
өлшемі2,49 Mb.
#169403
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73
Байланысты:
Қалдықсыз технология тиімділік және сапа оқу құралы

ББК 28. 072

© Танашева М.Р., Қалабаева М.Қ., Бейсембаева Л.К.,


Убайдулаева Н.А., 2020

2
ISBN 978-601-247-310-0 © Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2020



«Ешқашан үлкен қиындықтарсыз үлкен істер болмайды» деген Вольтердің қанатты сөзін өмірлік қағидасы етіп, өзінің бүкіл саналы ғұмы- рын химия ғылымына жəне білім беруге арнаған, Қазақстандағы экологиялық білім берудің негі- зін қалаушы, Халықаралық педагогикалық білім беру академиясының академигі, химия ғылымдарының докторы, профессор, ғалым- ұстаз Алма Ғайсанқызы Сармурзина əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия факультетінде алғаш рет «Жалпы химия жəне хи- миялық экология» кафедрасын жəне университет бойынша «Жалпы университеттік экология» ма- гистратурасын ашуда үлкен жұмыстарды басшы- лыққа алды. А. Ғ. Сармурзинаның басшылығымен
«Химиктер күні» ұйымдастырылып, бұл мереке жыл сайын дəстүрлі түрде өтіп отырады. Студенттерге экологиялық білім беру саласы бойынша «Қалдық- сыз технология» курсын ұйымдастырудың негізін қалады. Сондықтан осы оқу құралы А. Ғ. Сармурзина- ның рухына арналады.
Авторлардан

АЛҒЫ СӨЗ




«Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» маман- дығында оқылатын курстардың қатарына шикізаттарды кешенді қолдану мəселесі енгізілген (аз жəне қалдықсыз технологияның негіздері, шикізат қорын үнемдеу). «Қалдықсыз технология» курсы химиялық өнеркəсіптер мен өндірістерде жұмыс істеуге кəсіптенетін химик-технолог мамандығындағы студенттерді дайындауда маңызды орын алады.
Қазіргі заман жағдайында кез келген технологияны олардың экологиялық қауіпсіздік дəрежесі бойынша, яғни түзілген қал- дықтардың мөлшері бойынша анықтайды. Ағызынды, термаль- ды қалдықтар, шығарылған газдар мен қатты қалдықтардың көп мөлшері – қолданған немесе жобаланған технологиялық сыз- баның жетілдірілмегендігінің объективті көрсеткіші болып табылады. Қоршаған ортаның өнеркəсіптік қалдықтармен ласта- нуын шикізат пен энергияны кешенді қолдану жағдайында шешуге болады.
Бұл жағдайда жетекші қызметті қалдықтардың мөлшерін азайтуға бағытталған əртүрлі технологиялық мəселелерді шеше алатын химиялық технология атқарады. Өнеркəсіптің ресурс үнемдейтін жəне аз қалдықты технологияға ауысуы, экономика- лық жəне экологиялық жағдайлардың өсу негізінде біртіндеп жүзеге асады.
Аз қалдықты, ресурс үнемдейтін, қалдықсыз технология бағытындағы оқу құралдарының болмауы студенттерге курстық жəне дипломдық жобаларды орындауда жəне бақылау жұмыс- тары мен есептерді шығаруда үлкен қиындықтар туғызады.
Ресурс үнемдеу мен қалдықсыз технология негізіндегі бұл оқу құралы алдына мынадай мақсат қояды:

  • өнеркəсіптегі шикізатты кешенді қолданудың жалпы мəсе- лелерімен жəне қалдықсыз технологияның негізгі бағыттарымен таныстыру;

  • қалдықсыз химия-технологиялық процестер саласының ғылыми зерттеу əдістерімен таныстыру;

  • қалдықтарды қайта өңдеу мен газ бен суды тазартудың экономикалық тиімділігін спецификалық есептеумен таныс- тыру;

  • қоршаған ортаны ластанудан қорғаудың экономикалық тиімділігін бағалау дағдысын қалыптастыру.

Химиялық өнеркəсіптің қазіргі заманғы дамуы оған жаңа техниканың, үздіксіз өнеркəсіптік əдістердің енгізілуіне, техно- логиялық үрдістердің оптимизациялануы мен интенсификация- лануына негізделген.
Сонымен қатар бұл оқу құралына практикалық маңызы жоғары зертханалық сабақтар енгізілген. Бұл зертханалық са- бақтарды үйрену барысында студенттер зауыт құрал-жабдық- тарын сауатты қолдана алатындай дəрежеге жетеді, шамалы мөлшердегі іс-тəжірибелік дағды қалыптасады.
Есептеу тапсырмалары мен бақылау сұрақтары ғылыми ойлау мен зерттеу дағдысын дамытады, қалдықсыз технология бойынша дəстүрлі өнімдер алудың классикалық мысалдарын сыни талдау, студентті техникалық ойлауға үйретеді, неге жəне қалай деген сұрақтарға жауап беруге қызықтырады.
Іс-тəжірибелік жұмыстардың негізгі міндеті зерттеліп отыр- ған технологиялық үрдістердің экономикалық тиімділігін есеп- теуді жүргізу мен бағалауда студенттің біліктілігін арттыратын өздік жұмыс тапсырмасын күшейту болып табылады.
Оқу құралының тəжірибелік бөліміне сұйықтың ағу тəртібін ультрадыбыстық мембраналық бөлу процесімен анықтау жол- дарының есептеу жəне практикалық жұмыстары кіргізілген. Қалдықсыз технологияны құру мен шикізатты кешенді қолдану мысалына мына үрдістер енгізілген: фосфор қышқылымен қарсы ағынды экстракциялау технологиясы, екіншілік материал- дық ресурстарды экотехнологиялық утилизациялау ЖЭС-нан шығатын газдар, шыны ұнтақтары, кальций құрамды мелио- ранттар мен өнеркəсіптік фосфорқұрамды қалдықтар негізінде дикальций фосфатты алу.
Сондықтан студенттер практикалық жұмысты орындамастан бұрын қондырғының үлгісімен, жұмыс істеу нұсқауымен, бақы- лып-өлшейтін аспаптармен өздігінен танысуы қажет.
Материалды игеру мазмұны механикалық есептеудің қол- дану мүмкіндігін өздік шығармашылық жұмысынсыз жоққа

6
шығарады. Үрдістің физика-химиялық мəнін, оның негізгі сипат- тамалары мен əртүрлі тəртіптегі қондырғының мүмкіндігін мең- гере отырып студент жұмыс нəтижесінің есебін өткізуге дайын- дала бастауы керек.
Практикалық сабақтар бойынша есепті студенттер белгілі бір түрде өткізуі керек:

  • нөмірі көрсетілген жұмыстың аты;

  • тапсырма;

  • қондырғының сызбасы;

  • өлшенген жəне теориялық есептеу шамаларының кестесі;

  • тəжірибелік мəліметтерді сызбалық өңдеу;

  • қолданылған əдебиеттер тізімі жəне қорытынды.

Оқу құралының көлемі курста қарастырылып отырған бар- лық өнеркəсіптің есептеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бермейді. Мысал ретінде химиялық жəне басқа өнеркəсіп сала- ларын жеке өндірістен аймақтық өнеркəсіптік кешендерге бір- тіндеп жеке құрудың қалдықсыз технологиялық процеске ауысу мүмкіндіктері көрсетілген.




І



ТАРАУ




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет