Пікір жазғандар



бет4/73
Дата20.02.2023
өлшемі2,49 Mb.
#169403
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73
Байланысты:
Қалдықсыз технология тиімділік және сапа оқу құралы

Өнімділікті төмендету
Ауыл- шаруашылы қ өнімдерінң өнеркəсібі



Қалды Қалды
Қалды Қалды
Қалды


Негізгі химиялық өнімдер H2SO4,


Машина құрылысы Металлургия (конструкциялық материалд
Энергетика


  1. сурет. Ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу өнеркəсібіндегі негізгі салалардың əсер ету сызбасы

Пиритті күйелердің мөлшерінің азаюы олардан сирек жəне түсті металдардың қосылыстарының бөлінуіне жəне қара металлургия үшін темір окатыштерін алуға байланысты болса, фосфогипс көлемін қысқарту – одан цемент, күкірт қышқылын жəне байланыстырғыш материалдар алуға байланысты болады.
Осылайша химия зауыттары біртіндеп тек бір ғана саланы емес, бүкіл химиялық өнеркəсіпті толығымен қанағаттандыруға негізделген құрылысты жетілдіруді талап ететін кешендік кəсіпорындарға айналады. Барлық елдерде табиғи ресурстарды қолдануды қысқартуға, екіншілік материалдық жəне энергетика- лық ресурстарды қолдануға ұмтылу өнеркəсіптік өндірістердің құрылымын едəуір өзгертеді.


Қалдықтардың классификациясы


Химиялық өнеркəсіптердің құрамына 30-дан астам кəсіпорын салалары кіреді. Атап айтқанда: азот, хлор, сода, фосфор, калий, йод-бромды жəне химиялық-фотографиялық сала, минералды тыңайтқыштар өнеркəсібі, органикалық бояғыштар жəне күрделі органикалық синтез өнімдері, талшық, пластмасса, тұрмыстық химия тауарлары жəне т.б. Жоғарыда атап өткен салалардың көпшілігі жылына миллиондаған тонна өнім шығарады. Көптеген өнеркəсіп орындарының технологиясы өте күрделі болады. Өндіріс барысында олар əртүрлі қалдықтар шығарады. Ол қалдықтардың біраз бөлігі қолданылады немесе бір жерге жинақталады, немесе бөлінген газдармен, ағызынды сулармен немесе қатты қалдық- тармен бірге кетеді. Химиялық өнеркəсіп орындарынан шығатын қалдықтардың жалпы алғанда 1200-ден астам атаулары бар, олардың тек 30%-ға ғана толығымен немесе жекелей қолданылады. 1-кестеде химиялық өнеркəсіптің кейбір кəсіпорындары жиі шығаратын бейорганикалық қосылыстардың өнеркəсіптік
қалдықтары көрсетілген.
Химиялық өнеркəсіптердің шексіз көбеюі түзілген қалдық- тар көлемінің көбеюіне жəне оларды бір жерде жинақтап сақтау, концентрлеу, утилизациялау, жəне залалсыздандырудың шы- ғындарына алып келеді. Түзілген қалдықтардың бағалы компо- ненттері бар үлкен көлемінің айтарлықтай бөлігі өнеркəсіп аймағына қайтадан қайтарылады. Қалдықтарды кешендік қол-
дану мақсатының жоспарын жасағанда, сол қалдықтың көлемі мен оның болашағы туралы дұрыс бағыт жасау керек. Бұл қалдықты утилизациялау мен оған жұмсалатын капиталдық шығынды анықтауға мүмкіндік береді.
1-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет