Қалдық мөлшерін анықтау
Қалдықтарды минералды шикізатқа химиялық қайта өңдеу- дегі мөлшерін жай суперфосфат өнеркəсібінің мысалымен қарастырайық. Суперфосфатты алу үшін табиғи фосфаттағы фторапатит түріндегі (3Ca3PO4·2CaF2) суда ерімейтін ортофосфор қышқылының бейтарап тұзын ерігіш қышқыл тұзға айнал- дырады, яғни монокальцийфосфатқа Са(Н2РО4)2 айналады.
Технологиялық процесс келесі негізгі операциялардан тұрады:
ұнтақталған фосфатты белгілі концентрациядағы күкірт қышқылымен араластыру;
суперфосфатты пульпаны камерада қатайту;
сурет. Алматы қаласына тəн өнеркəсіптік қалдықтарды классификациялау
суперфосфатты қоймада сақтау үшін қатайтылған өнімді камерадан шығару;
суперфосфатты одан ары өңдеу (бейтараптау, түйіршіктеу). Апатитті күкірт қышқылымен ыдырату реакциясы төменде-
гідей болуы мүмкін:
2Ca5(PO4)3F2 + 7H2SO4 + 6,5H2O =
= 3Ca(H2PO4)2·H2O + 2CaSO4·0,5H2O + 2HF
Түйіршіктелген суперфосфатты алу процесінің материалдық балансы 4-суретте көрсетілген.
Апатитті концентратта шамамен 3% фтор болады. Күкірт қышқылымен ыдырату процесінде фторсутек бөлінеді. Ол фторсутек шикізат құрамындағы кремниймен əрекеттесіп, газ фазасына негізінен кремний фториді түрінде бөлінеді. Фтордың негізгі мөлшері араластырғыштар мен камераларда (бастапқы- ның 35-37%) бірінші сатыда бөлінеді. Шығарылған газдардың құрамындағы фтордың мөлшері 12-25 г/м3 құрайды. Суперфос- фатты кептіру кезінде қосымша SiF4 + 2HF эквимольді қоспа түріндегі 10-13% фтор бөлінеді.
Сонымен қатар фтордың біраз мөлшері (2-3%) суперфосфатты қоймада сақтау кезінде бөлінеді. Газ фазасына шамамен жалпы 50% фтор бөлінеді. Ал қалған мөлшері дайын өнімде қалады.
Газ тəрізді фторидтердің (98-99%) ұсталған біраз бөлігін сəйкес тұздарды алу үшін қайта өңдеуге жібереді. Ал ұсталма- ған бөлігі басқа газдармен бірге атмосфераға жіберіледі. Супер- фосфат өнеркəсібінде шикізаттың біраз бөлігі, күкірт қышқылы, басқа реагенттер жəне дайын өнім қайтымсыз жоғалады. Кел- тірілген мысалдардан экономикалық жағынан тиімді өнім алу үшін екіншілік материалдық ресурстардың шығын мөлшерін өнімнің барлық түрлері бойынша есептеу қажет. Мөлшерді бағалау барысында екіншілік материалдық ресурстардың шығу көзін, қазіргі заманғы күйін жəне қолдану болашағын анықтау қажет. Сонымен қатар ЕМР көлеміне (технологиялық, ұйымдас- тырушылық, экономикалық) жəне олардың қолдану дəрежесіне талдау жасап, екіншілік ресурстардың əртүрлі түзілу көздерін жəне қолдану аймақтарының жылдық жəне болшақтағы жос-
парларын есептеу керек. Өнім алу үшін қолданатын қалдықтың мөлшері мына формуламен есептеледі:
Ни=НСр.
Мұндағы С – қалдық түзілетін өнеркəсіптегі немесе қайта өңдеудегі шикізаттың немесе өнімнің көлемі кг, м2, м3; р – қол- дануға жарамды өлшемсіз коэффициент (əрбір нақты жағдайда бұл коэффициентті қолдану бағытына тəуелді қайта өңдеуге жарамдылығына сай анықтау қажет).
ЕМР қолдану деңгейін жоғарылату үшін қалдықтан өнім алудың жүйесін жетілдірудің маңызы жоғары.
Қалдықты шикізатқа жəне материалға механикалық қайта өңдеудің бағасы, қайта өңделетін шикізат пен толыққанды мате- риалдың бағасын бағаға қайта есептеу коэффициентінің көмегі- мен, яғни оларды қолдану дəрежесінің жарамдылығы бойынша анықтайды.
Бірақ экономикалық тиімділікті есептеуде қалдықты қайта өңдеу орнына тасымалдау жəне жинақтауына байланысты шығындарды міндетті түрде ескеру қажет. Кейбір жағдайларда қалдықты қайта өңдеу орнына тасымалдау мүмкін емес. Мұндай қалдықтарға мысалы, химиялық өнеркəсіптердің əртүрлі сала- ларындағы газ тəрізді қалдықтар жатады.
Қалдықты материалдық өнеркəсіп аймағында қолдану мына- дай экономикалық тиімділіктерге:
дайындаушы негізгі өнімнің нəтижесінде қалдықтарды тасымалдау шығынымен, сондай-ақ өнімдерді қалдықтан реали- зациялау кірісіне;
қалдықтарды тұтынушы – қалдық пен дəстүрлі материал- дар шикізаттарының бағаларының айырмашылығы нəтижесінде, тасымалдау шығындарының төмендеуіне қол жеткізуге мүмкін- дік береді.
Екіншілік материалдық ресурстарды қайта өңдеудің тиімді- лігі қалдықтар түзілетін өнеркəсіптің тек сол саласында ғана емес, халық шаруашылығының басқа салалары үшін де маңызды.
Апатитті
92,5%-тік H2SO4
414 кг
Су
149 кг
Газ жəне су булары
50 кг
1067 кг
СО2
18 кг
1057 кг
1084 кг
10 кг
45 кг
Су
174 кг
Газ жəне су булары
Газ жəне су булары
258 кг
Түйіршіктелген суперфосфат
1000 кг
141 7 кг
1591 кг
Кептіру
1333 кг
Ұсақ фракция
333 кг
Ірі фракция
267 кг Ұнтақталған суперфосфат
267
сурет. Түйіршіктелген суперфосфат алу процесіндегі материалдық баланс
Айтарлықтай тиімділік пайдалы қазбалардың кен орын- дарын табуға қаржы жұмсамай-ақ шикізат базасын кеңейту, жер бетін қалдықтардан тазарту, өнімнің өзіндік құнын төмендету, өнеркəсіп қалдықтарының қоршаған ортаға кері əсерін азайту болып табылады.
Қазіргі кезде екіншілік материалдық ресурстардың көлемі анықталып, оларды өнеркəсіпте қолдануға жоспар жасау үшін көптеген əдістері зерттелген.
Əдістің мазмұны:
екіншілік материалдық ресурстарды классификациялау жəне оларды өңдеу;
осы ресурстардың түзілуі мен шығын мөлшерін анықтау реті;
баға қою үшін бағыт беру, есепті ұйымдастыру, қалдық- тарды қолдануды жоспарлау, екіншілік ресурстарды қолдану- дың экономикалық тиімділігін анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |