Пікір жазғандар


ӨНЕРКƏСІПТІК ЖƏНЕ ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУ



бет3/73
Дата20.02.2023
өлшемі2,49 Mb.
#169403
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73
Байланысты:
Қалдықсыз технология тиімділік және сапа оқу құралы

ӨНЕРКƏСІПТІК ЖƏНЕ ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУ,


ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖƏНЕ УТИЛИЗАЦИЯЛАУ

Бүгінгі таңда Жер қыртысынан шамамен 100 млрд т кен, отын, құрылыс материалдары алынады. Егіс алқаптарына 92 млрд т минералды тыңайтқыштар жəне 2 млн т улы химикат- тар тарайды. Жыл сайын 6,07 млн га жердің топырағы жарамсыз болып қалады.


Атмосфераға 200 млн т көп көмірсутек, 146 млн т күкірт диоксиді, 53 млн т азот оксиді, 250 млн т шаң-тозаң бөлінеді. Əлемдік мұхит кеңістігіне жыл сайын 3 млн т тазартылмаған су ағызындылары келіп түседі.
Өнеркəсіптің əртүрлі салаларының, солардың ішінде метал- лургиялық, целлюлоза-қағаздық, энергетика жəне басқа өндіріс салаларының бірден ұлғаюы қалдықтар мөлшерінің бірден көбеюіне əкеледі. Ағызынды сулардың, термальды қалдықтар- дың, атмосфераға шығарылған газдар мен қатты қалдықтар мөлшерінің көп болуы – қолданып отырған немесе жобаланып отырған технологиялық сызбаның жетілмегендігін көрсетеді.
Қоршаған орта ластануының алдын алу мəселесі адамзат қоғамын қалыпты дамытуда динамикалық шешімді талап етеді. Басқа жағынан алғанда бүгінгі таңда химиялық өнеркəсіпсіз халықты тамақтық өнімдермен қамтамасыз ете алмайды. Себебі, минералды тыңайтқыштар, гербицидтер жəне пестицидтер, азықтық қоспалар ауыл шаруашылық өнімдерінің өнімділігін арттырады. Химиялық өнеркəсіп табиғатқа кері əсерін тигізетін
сала болғанымен, бүгінгі таңда оның өнімінсіз табиғатты қорғау іс-шараларын өткізу мүмкін емес. Жекелеп айтсақ, тек химиялық өнеркəсіп қана ағызынды сулар мен ауыз суларын тазартатын реагенттерді, коагулянттарды, флокулянттарды, сорбенттерді, ион алмастырғыш шайырлар мен басқа материалдарды өндіреді. Газдардан тазарту үшін сіңіргіштік қабілеті бар барлық мүмкін болатын ерітінділерді, активтелген көмірді жəне басқа сорбент- терді, сонымен қатар катализаторларды қолданады.
Химиялық өнеркəсіптің алдында автокөліктерден жəне басқа да қатынас көліктерінен бөлінетін газдарды сіңіру жəне бейтарап- тауға арналған катализаторлар мен сорбенттердің көп мөлшерін шығару жайында өте үлкен мəселе тұр.
Табиғи заттарды химиялық өнеркəсіп өнімдерімен алмас- тыру биосфераны қорғаудың жаңа мəселелерін туындатады, себебі химиялық қосылыстар табиғи қосылыстармен салыстыр- ғанда тұрақты болады. Мысалы, синтетикалық пластмассалар мен жуғыш заттарды алуға болады. Оларсыз қазіргі кезде еш- нəрсе істеуге болмайды, бірақ оларды тазарту мен қайта өңдеу үшін арнайы əдістер қажет. Сонымен қатар химиялық өнеркəсіп қалдықтарының қарқынды өсуіне байланысты тұрмыс қалдық- тарының да айтарлықтай көп мөлшері пайда бола бастады. Олар пластмасса, синтетикалық шайырлар, үлдірлер, химиялық талшықтардан жасалған заттар. Бұл заттар белгілі бір қолдану мерзімінен кейін өзінің құндылығын жойып, оларды қалдыққа тастауға тура келеді. Сондықтан химия өнеркəсіптерінің одан ары дамуы, қайта қалпына келмейтін табиғи ресурстарды қол- дануды қысқарту мақсатында, қалдықтардың барлық түрін қайта өңдеу мен жоюда ондағы белгілі əдістерді дамытып жəне жаңа əдістерді жасауға тəуелді болады.
Қалдықсыз өнеркəсіптің даму талдауын бір ғана салаға шоғырландыруға болмайды, керісінше саудалық өнім өнеркəсі- бінің бүкіл цикліне бағдарлау керек. Мысалы, тағамдық өнімдер өнеркəсібінің жүйесін қарастырайық (1-сурет).
Тағамдық өнімдер өнеркəсібінің дамуы тыңайтқыш жəне өсімдіктерді қорғайтын химиялық заттарды пайдаланумен ты- ғыз байланысты.
Бірақ, химиялық заттар өнеркəсібі қалдықтың өте көп мөл- шерін бөле жүреді, яғни өз кезегінде ол топыраққа ене отырып, ауылшаруашылық өнімдерінің өнімділігін төмендетеді.
Тағамдық өнімдердің өнеркəсібі де басқа өнеркəсіптік қалдық- тар сияқты ағызынды судың айтарлықтай мөлшерін бөледі.
Қант зауыттарындағы суды қолданудың орташа мөлшері өңделетін қызылша массасына байланысты 80%-ға дейін жетеді, немесе өндірілетін 1 тонна қантқа 60 м3 су кетеді.
1 тонна ашытқы өндіруге жұмсалатын судың мөлшері 100 м3 құраса, 1 тонна картопты спиртке айналдыру үшін 25 м3-тан көп су жұмсалады. Тіпті консервілеу өнеркəсібіндегі шыны ыдыстарды жууға жұмсалатын жуғыш ерітінділердің мөлшері 1 л сыйым- дылыққа 1,25 литрден көп болады. БПК мөлшері осындай көп суларды табиғи су қорларына жіберу қоршаған ортаға экологиялық қауіп тудырады. Дегенмен ағызынды суларды толық тазартып жəне тұнбаларын органо-минералды тыңайтқыштарға айналдыру қауіпті эффектіні азайтады немесе толығымен бейтараптайды.
Өнеркəсіпті қалыпты функционерлеу үшін (1-сурет) құрал- жабдықтар мен электр энергиясы қажет. Құрал-жабдықтар жасау өнеркəсібі металлургия сатысынан өтеді. Ал металлургия өнеркə- сібі қалдықтың айтарлықтай көп мөлшерін бөледі. Ол қалдықтар- дың көпшілігі жер ресурстарына əсер етеді. Мысалы, алюминийді бокситтен алу өнеркəсібінде глиноземнің əр тоннасынан 1-2,5 тоннаға дейін қож алынады, ал сол қожды сақтау орындары үлкен аудан көлемін алып жатыр. Электр энергиясының көп мөлшерін минералды отындарды жағатын ЖЭО өндіреді. Қуаты 1000 МВт болатын құрамында 2,5% күкірті бар көмірмен жанатын бір жылу электр станциясы ауа бассейніне жылына 400 мың тонна күкіртті ангидридті бөледі.
Минералды тыңайтқыштар, кальцинирленген жəне каустика- лық сода, күкірт қышқылы, фосфор өнеркəсіптерінен қалдықтың өте көп мөлшері бөлінеді. Шикізатты кешенді түрде қолдану дəрежесін жоғарылату тек химиялық өнеркəсіпте ғана емес басқа салаларда да маңызды, атап айтқанда, қара жəне түсті металлур- гияда, құрылыс материалдары өнеркəсібінде жəне т.б. салаларда маңызды өнімдер алуға мүмкіндік береді.
Мысалы, апатитті-нефелинді кеннен фосфат шикізатымен қатар портландцемент, титандиоксидін, глинозем, сода, фторлы қосылыстар жəне сирек-жер элементтердің қосылыстарын алуға болады.
Қалдықта



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет