Байланысты: Қалдықсыз технология тиімділік және сапа оқу құралы
Материалдымеңгеругежəнеқайталауғаарналғансұрақтар Сызбаны қолдана отырып ауыл шараушылық өнімдеріне қайта өңдеуде басқа өнеркəсіп салаларының қалай əсер ететіндігін сипаттаңыз (1-сурет).
Өнеркəсіптік қалдықтарды классификациялаудың негізгі принциптерін атаңыз.
Қалдықтардың қандай түрлері өнеркəсіптік қалдықтарға жатады?
Қалдықтың қандай түрлері тұтыныс қалдықтары болып табылады?
Қандай қалдықтардың түзілуі бастапқы материалдардың физика- химиялық өзгерісімен қатар жүреді?
Екіншілік материалдық ресурстарды қандай белгілері бойынша клас- сификациялау қажет?
Өнеркəсіптік кəсіпорындардағы қалдықтың мөлшерін анықтайтын формулаға қандай көрсеткіштер енгізілген?
Қалдықтарды қайта өңдеу бойынша комбинаттар мен жүйені жинақ- таудың сипаттамасын келтіріңіз.
Үлкен қалаларға тəн қалдықтарды қандай көрсеткіштері бойынша классификациялайды?
Алматы сияқты кəсіпорында қалаға тəн қалдықтардың түрлерін санаңыз. Өз көзқарасыңыз бойынша Алматы қаласындағы қалдықтардың қандай түрлерін екіншілік материалдық ресурсқа жатқызуға болады?
Үлкен қалаларға қалдықтардың жиналуының, тасымалдануының жəне қайта өңдеудің сызбасын жасаңыз (мысалы Алматы, Астана қалалары үшін).
Улы жəне радиоактивті қалдықтарды сақтау жəне қайта өңдеу, залал- сыздандырудың ерекшеліктерін көрсетіңіз.
23
Қайта өңдейтін шикізаттың құрылысының өзгерісіне байланысты емес түзілген қалдықтардың мөлшерін анықтайтын формуланы келтіріңіз.
Апатитті концентратты күкірт қышқылымен ыдыратуда бөлінген фторсутегінің реакция теңдеуін жазыңыз.
Қалдықты материалдық шикізатқа (түйіршіктелген суперфосфатқа) химиялық қайта өңдеу мөлшерінің материалдық балансы қалай есептеледі?
Шыны қалдықтарын екіншілік қайта өңдеудің экономикалық тиімділігі қалай есептеледі?
Екіншілік материалдық ресурстарды қолданудың тиімділігін жоғары- латудың мысалын келтіріңіз.
ЕМР қайта өңдеудің экономикалық тиімділігін есептеудегі қалдықтарды тасымалдау мен жинақтауға байланысты шығынды ескерудің əдісін келтіріңіз.
Болашақта өнеркəсіпте қолдануға жоспарланған екіншілік материал- дық ресурстардың көлемін анықтаудың негізгі əдістерінің маңызын атаңыз.
Түйіршіктелген суперфосфатты алу процесінің негізгі технологиялық операцияларын сызба бойынша атаңыз жəне түзілген қалдықтардың негізгі түйіндерін қорытындылаңыз.