ІI
ТАРАУ
ӨНЕРКƏСІПТІК СУЛАРДЫ БӨЛУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ,
ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ. СУДЫ АЛУДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЗА
ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Су туралы басты мəселелер Жер бетінде судың жетіспеуіне немесе оның айналу механизміне байланысты емес. Мұндағы басты сұрақ адамдардың тұщы суды қалай қолдануында. Оны ең көп қолданатын орындар – кəсіпорындар, ауыл шаруашылық салалары. Ауыл шаруашылығында судың көп бөлігі суғаруға жұмсалады. Бұл атмосферадағы ылғалдың мөлшерін, өз кезе- гінде жергілікті жауын-шашынның мөлшерін көбейтеді.
Қазіргі кезде су туралы басты мəселе кəсіпорындарда пай- даланған суды сыртқа шығару мен оларды тазарту. Ағынды су қазіргі кезде өзендердің 1/3 бөлігін ластайды.
Судың химиялық ластануы аса қауіпті. Көлдер мен өзен- дердің көпшілігі оларға химиялық заттардың түсуінен құриды (тыңайтқыш, қала құбырларының ағызындылары, өнеркəсіп орындарының органикалық қалдықтары).
Теңіз жағасындағы көптеген мемлекеттер материалдар мен заттарды теңіздерде сақтауды жүзеге асырады. Мысалы, мине- ралды тыңайтқыштардың көптонналы қалдығы – фосфогипс бірден теңізге лақтырылады.
Органикалық заттардың көп мөлшері құрамында H2S, NH3, Me+ бар тұнбалы судың ерекше типтерін түзеді. Мұнай өнімдері- мен ластанған кезде ауа-су шекарасында газ алмасу бұзылады.
Гидросфераға жыл сайын шамамен 15 миллиард тонна ласта- ғыштар тасталады.
Химиялық өнеркəсіптердің ағынды сулары механикалық, физика-химиялық жəне биологиялық əдістермен тазарты- лады. Тазарту сызбасын таңдау ағызынды сулардың тазартылған көрсеткіштерімен анықталады, яғни қоспаларды тазартудың мүмкіндіктері жəне тазартылған суды қайта қолдану. Тазарту сызбасын таңдау тазартылған ағызынды суларды көрсеткіштеріне байланысты болады. Олар қоспаларды тазарту мүмкіндіктері жəне өнеркəсіптердің мұқтаждықтарына сай тазартылған суды қайта қолдану, су қоймаларының күйі жəне ондағы судың са- пасы жəне т.б. Əрбір қажет болған жағдайда қабылданған мұндай тазарту сызбасы оны одан ары қолдануды қамтамасыз етуі қажет. Қарапайым су айналым жүйесі 5-суретте көрсетілген.
Q Q+
сурет. Су айналым циклінің принципиалды сызбасы
Өнеркəсіп тəулігіне Q м3 сумен қамтамасыз етіледі. Соны- мен қатар судың біраз бөлігі дайын өніммен бірге немесе булану нəтижесінде тəулігіне Р м3 қайтымсыз жойылады. Сондықтан өнеркəсіпте суды тіпті толық тазартқан кезде тəулігіне Q = Р м3 су келіп түседі. Жүйеде судың қолдану мүмкіндігі ондағы химиялық қосылыстардың концентрациясына тəуелді болады, себебі əрбір өнеркəсіптік операциядан кейін қосымша жаңа ластағыштар қосылып отырады.
Жүйедегі жұмысты бағалау үшін келесі критерийлер ұсыны- лады:
Сі + Сі – енгізілген концентрация, Сі – шығу концент- рациясы.
аккумуляциялану факторы
R циклдену факторы, кəсіпорын жұмысының специфика- сына байланысты судың белгілі бір көлемі жүйеден неше рет өтетіндігін көрсетеді.
Барлық критерийлерді біріктіретін соңғы теңдеу
Келтірілген мəліметтер бойынша ағызынды судың айналым- дық өнеркəсіптік сызбасы қолданған су мөлшерінің қайту циклінің технологиясына байланысты болады.
Достарыңызбен бөлісу: |