Пікір жазғандар


Фосфор қышқылын фторсыздандырудың əдістері



бет17/73
Дата20.02.2023
өлшемі2,49 Mb.
#169403
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   73
Байланысты:
Қалдықсыз технология тиімділік және сапа оқу құралы

Фосфор қышқылын фторсыздандырудың əдістері


Қазіргі кезде Қаратау фосфоритінен алынған фосфор қыш- қылын фторсыздандырудың бірнеше əдістері зерттелген.

Олар тұндыру, сорбциялау жəне экстракциялау.


Тұндыру əдісі ерітіндіде сілтілік металдардың қатысында экстракциялық фосфор қышқылы мен нашар еритін кремний фторидтің түзілуіне негізделген. Тұндырғыштың түрі мен оның кеткен шығынына байланысты қышқылдағы фтордың мөлшері 0,02-0,4% дейін төмендейді. Фторсыздандыру дəрежесі тұндыр- ғыштың кеткен мөлшерімен анықталады. Қышқылға химиялық активті кремнеземдерді, мысалы баллаксты, кизельгураны немесе ақ күйені қосу арқылы тұндыру процесінің жылдамдығы артады. Бұл қышқылда натрий немесе калий кремнийфторидінің түзілуіне қажетті кремний қосылыстарының жетіспеуіне байла- нысты.
Сорбциялық əдісте – экстракциялық фосфор қышқылын фтордан немесе басқа қоспалардан тазарту үшін сорбент ретінде
АВ-17-10П, АВ-18-6, АВ-3-8П, АВ-17-18, АН-22, КУ-1, СГ-1,
ПН-22, КФ жəне т.б. ион алмастырғыш шайырлар зерттелген.
Ең тиімді аниониттер АВ-17-18, АВ-17-10П, АН-22 жəне катиониттер КУ-1, СГ-1 болып табылды. Сорбенттің таңдама- лығын арттыру үшін қоспаны кетіруде қышқылды сорбция үрдісіне кері əсер ететін əртүрлі реагенттермен шаймалайды. Сульфат иондарын кетіру үшін ерітіндіні кальций тұздарымен (фосфоритпен, бормен) шаймалайды. Десорбциялауға аммиак жəне аммоний тұздарының ерітіндісін қолданады.
Фтор мен басқа қоспалардың негізгі массасын бөліп алғаннан кейін тазартуды одан ары тереңірек жүргізу үшін сорбциялық əдісті фторсыздандырудың екінші сатысының басқа əдістерімен байланыстырады, мысалы тұндыру. Алынған таза фосфор қыш- қылын тек тыңайтқыш алу үшін ғана емес, сонымен қатар мал азығын алу үшін де қолдануға болады.
Құрамында фосфоры бар шламдардан элементтік фосфорды жою үшін фосфор зауыттарына қалдықсыз технологияны қамта- масыз ететін қондырғылар енгізілген. Олардың көмегімен қал- дықты фосфор қышқылына жəне құрамында элементарлық фос- форы жоқ шлактарға қайта өңдейді. Соңынан минералды тыңайтқыштар алынады. Мұндай шлам дайын өнім сақталатын қоймалар мен фосфор құрамды ағызынды сулардың жинақталып қалған жерлерінде түзіледі. Ондағы фосфордың мөлшері 20-80% жетеді, бұл фосфор шикізатынан да бай.
Фосфор қышқылын алу үрдісі фосфор шламын пеште күй- діру, гидратациялау мұнараларында фосфор ангидридін гидра- тациялау жəне соңынан электросүзгіде фосфор қышқылын газ тұманынан тазарту арқылы жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет