Байланысты: Қалдықсыз технология тиімділік және сапа оқу құралы
Шламнан термиялық фосфор қышқылын алу ауаның артық мөлшерінде оны күйдіру арқылы табиғи газды қолда- нумен екі зоналы пеште жүргізіледі. Газды суытқаннан кейін фосфор ангидриді гидратацияланып жəне электросүзгі мен мұнарада түзілген қышқылды ұстап қалады.
Ағызынды суды тазарту цехынан, сары фосфор қоймасынан жəне термиялық фосфор қышқылын алудың дозаторлы цехынан алынған фосфор құрамды шламнан балқыған күйдегі фосфор қышқылын алу қыздырылған құбыр арқылы фосфор шламын сақтау-цистернасының дозаторлы бөліміне келіп түседі.
Сақтау-цистерналары гомогенді қоспа түзу жəне сыртқы бөлігін қыздыру үшін қалақшалы араластырғыштармен жабдық- талған. Сыртқы қабаты ыстық сумен қыздырылады. Қойма үнемі фосфор шламымен немесе сумен толтырылып отырады. Шлам цистернаға келіп түскенде судың артық мөлшері фосфор құрамды суды жинақтағышқа айдалады.
Фосфорқұрамды шламды қабылдау кезінде газдың бөлінуін азайту үшін жинағышқа азот келіп түседі. Қоймадан шламды беру цистерна-қоймасының түбіне дейін батырылған құбыр арқылы жүзеге асырылады. Конустық пеште арнайы орналас- тырылған құрал арқылы фосфорлы шлам біртіндеп төмен аға отырып конус қабырғаларына тарайды. Бұл пеште жүйенің ыдырау есебінен сорылған ауа ағынында күйдіріледі. Үрдіс 800- 1200оС температурада жүргізіледі. Фосфорқұрамды шламның екі зоналы пешке келіп түсуі жəне оның сығылған ауада шашы- рауы қақпақтың ортасына орналасқан пневматикалық форсунка арқылы жүзеге асырылады. Пештің жоғары бөлігіне тангенциалды екі қатарға жандырғыш орналастырылған. Осының есебінен балқытылған тотықтырғыш ағыны түзіліп, фосфордың тізбекті тотығуын жеделдететін қолайлы жағдай тудырады, яғни оның жануын жеңілдетеді. Балқытылған шлак жүк түсіретін тесік арқылы шлакқа арналған бакқа жіберіледі.
Өнеркəсіп қалдығы болып табылатын фосфор ангидриді бар пеш газдары футерованды газ тасымалдағыш арқылы күйдіру камерасына бағытталады. Оған газ жанама жолмен келіп түседі. Соның арқасында ол одан ары құйындалған ағынмен қозғалады. Бұл оның жағу камерасындағы жоғары температуралық шартты сақтауына мүмкіндік береді.
Жағу камерасындағы разрядталу 10-25 мм су бағанасының деңгейінде ұсталып тұрады. Содан кейін пеш газдары футеро- ванды газ жолдарымен гидратациялану мұнарасына келіп түседі. Онда айналымдағы фосфор қышқылы 1200оС температурадан 100оС-қа дейін суиды. Фосфор қышқылының берілуі мұнараның жоғары бөлігіне орналастырылған қайта құятын стакандар мен қышқылдық форсункалар арқылы жүзеге асырылады. 70-80оС температурада мұнарадан аққан қышқыл жинағышқа келіп түсіп, сорғыштар арқылы жылу алмастырғышқа салқындатуға жіберіледі. Одан ары қарай қышқыл коллектормен мұнараға
суғаруға келіп түседі, ал оның бір бөлігі дайын өнім ретінде сүзілмеген қышқыл жинағышқа жіберіледі.
Фосфордың тотықпаған формасының артық мөлшеріне бай- ланысты қышқылдың сапасы төмен болса, онда ол жылу алмас- тырғыштан кейін аралық жинағышқа жіберіледі, ол жерде сорғышпен аздаған бөліктермен жинағышқа қосылып отырады. Көп ретті циркуляциялау үрдісінен кейін фосфордың тотықпаған формасы біртіндеп фосфор қышқылына дейін тотығады, жинағыштан өнім қоймаға түседі.
Гидратациялану мұнарасында түзілген қышқылдың 70% ұсталып қалады. Оның қалған бөлігі шашыраған жəне тұман түрінде бөлінген газдармен бірге тазартуға электросүзгіге түседі. Содан кейін жоғары кернеудегі электр өрісінің əсерінен 60-70%-дық фосфор қышқылы түрінде тұнбаға түсіп, жина- ғышқа жиналады. Құрамында 12-17% оттегі бар электрсүзгіден шығарылған газ желдеткіш арқылы тартқыш құбыр арқылы атмосфераға шығарылады.
Ластанған ағызынды сулар сұйытылған фосфор қышқылын алу үшін қолданылады. Сонымен қатар, ағызындылардың ағын- ды суларды тазарту цехына түсіру жағдайлары қарастырылған. Осы мақсатта Жаңа Жамбыл зауытында барлық фосфор құрам- ды ағызынды суларды қайта қолданудың сызбасы енгізіліп жəне зерттелген.
Фосфорқұрамды ағызынды суларды тазартудың технология- лық сызбасы 12-суретте көрсетілген.
Сиымдылығы 600 м3 болатын екі ыдыстың əрқайсысында фосфор қоймаларындағы ыдыстардың қорғағыш қабаты ретінде, құбырларды, фосфор сақталған темір жол цистерналарын жуу үшін суды ысытады. Сиымдылығы дəл осындай екі ыдыста су қыздырылмай жалынды-сұйық шлакты (түйіршіктелген) сөндіруге, газ тазарту жүйесіне, гидрозатворларға жəне т.б. жібереді. Қайта қолдану мақсатында тазартылған ыстық жəне суық су үздіксіз сақиналы жүйе бойынша құбырларға жіберіледі, қажеттілікке сай оны кез келген сəтте алуға болады. Тұтынылған ағызынды сулардың бөлігі қайтымсыз түрде котрельді сүтпен, шламмен, тұтанып тұрған оттай ыстық сұйық шлакпен жанасу арқылы буланады жəне соңынан ылғалданады, ал қалған бөлігі ластана отырып қайтадан бейтараптау станциясына түседі.