Пікір жазғандар


ДБАА-ДААА-ДОАА; ДБАА-ДБПА-ДБГА; ДЭГА-ДБГА; ДААА-ДАПА



бет20/73
Дата20.02.2023
өлшемі2,49 Mb.
#169403
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   73
Байланысты:
Қалдықсыз технология тиімділік және сапа оқу құралы

ДБАА-ДААА-ДОАА; ДБАА-ДБПА-ДБГА; ДЭГА-ДБГА; ДААА-ДАПА.


Қазақстанда жоғары концентрациялы (70-85%) суперфосфор қышқылы өндірілмейді, оны импортпен алады. Мұндай қышқыл пирофосфатты электролиттік мыспен қаптауда катализатор ретінде қолданылады, оған қоспа құрамы бойынша ерекше талап қойылады (мышьяк, темір, қорғасын, хлор жəне т.б.).
Осыған байланысты импорт сапасына жол бермейтін таза суперфосфор қышқылын алу айтарлықтай мəселе туғызады. Бұл мəселені шешудің бір жолы термиялық фосфор қышқылын органикалық еріткішпен тазарту болып табылады.
Бұл жағдайда экстрагентке ерекше талаптар қойылады. Экс- трагент өте концентрленген ерітіндіде (12-14 моль/л Н3РО4 жұмыс істеуі қажет, ал тазартылған ерітіндідегі еріткіштің қал- ған мөлшері өте аз болу керек.
/52-54/ жұмыстарында термиялық фосфор қышқылынан иондық қоспаны бөлу үшін экстрагенттердің мына қатары алын- ған: жоғары карбон қышқылдары, карбон қышқылының амиді, бензоилацетон, оксихинолин, циклогексанон, МИБК жəне т.б. сұйылтқыштармен жəне сұйылтқыштарсыз (парафин, хлороформ, жоғары техникалық спирттер).
Ең жоғары тиімділікті мына экстрагенттердің қоспасы көр- сетеді: бензоилацетон – нафталин, циклогексанон – парафин, МИБК-парафин. Бұл экстрагенттердің қоспасы бір рет экстрак- циялағаннан кейін таралу коэффициенттері айтарлықтай жоғары болатын бірнеше металдың иондарын бөледі (марганец, темір, кальций жəне магний).
М.Р. Танашеваның жұмыстарында /47-54/ фосфор қышқылын бөліп алуға негізінен жеке экстрагенттер қолданылды, ал экстра- генттердің қоспасы мүлдем аз қолданылды. Осыған байланысты олардың жұмыстарында негізгі экстрагент құрамында күкірт сульфоксидінің мөлшері 6,2% мұнайдағы сульфоксид болатын экстрагенттердің қоспасы алғаш рет зерттелді.
/45/ жұмыстың авторлары фосфор қышқылын темір ионда- рынан тазартуды сұйылтқыштардағы ди-2-этилгексилдатиофос- фор қышқылы жəне 2-этилгексанол қоспасымен жүргізді. Сұйылт- қыш ретінде қаныққан көмірсутектер (гексан, октан, декан) қолданылды. Экстракцияны 0,5:1 – 1:1 фазалар қатынасында жүргізеді. Бес рет өңдегеннен кейін темір иондарының бөліну дəрежесі 97,9 % жетеді [А.с., СССР, № 975570, заявлено 16.04.81, МКИ СОIB 25/238].
/42/ жұмыста фосфор қышқылын темір, кальций, магний, алюминий қоспаларынан тазарту органикалық реагент парафиндегі бензосульфоқышқылын қолдану əдісі ұсынылған. Бұл əдістің кемшілігі тазарту дəрежесінің төмендігі, бөлу үрдісінің жоғары температурада (50-70оС) жүргізілуі жəне үрдістің ұзақтығы.
Фосфор қышқылын тазартуда органикалық реагент ретінде қатты экстрагент ТВЭКС-тің қолданылған (дивинилбензолмен
жəне трибутилфосфатпен стирол сополимері). Үрдіс 1:(50-100) қатынасында 30-40оС температурада жүргізіледі. Тазартылған фосфор қышқылының талдауы ондағы металл иондарының мөлшерінің былайша төмендегендігін көрсетеді (%-бен): каль- ций оксиді 0,001; магний оксиді 0,120, темір оксиді 0,09,
алюминий оксиді 0,014.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет