Пікір жазғандар


V ТАРАУ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӨНЕРКƏСІП САЛАЛАРЫ ЖƏНЕ ШИКІЗАТТЫ



бет28/73
Дата20.02.2023
өлшемі2,49 Mb.
#169403
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   73
Байланысты:
Қалдықсыз технология тиімділік және сапа оқу құралы

V



ТАРАУ


ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӨНЕРКƏСІП САЛАЛАРЫ ЖƏНЕ ШИКІЗАТТЫ

ҮНЕМДЕУ МƏСЕЛЕЛЕРІ


Қазақстанның табиғи байлығын рационалды қолданудың қажеттілігі табиғи-климаттық жағдайға байланысты сипатталады. Ол су ресурстарының жетіспеушілігінің жоғарылауы, сондай-ақ химиялық, сода, түсті металлургия, мұнай өңдеу, мұнай химиясы жəне т.б. басқа салалардың қатарының көбеюі.


Өнеркəсіп қалдықтарының қоршаған ортаға лақтырылуының интенсивті өсуі, басқа да антропогенді əсерлердің нəтижесінде орман биомассаларының азаюы елдегі климаттық жағдайды төмендетті.
Қазақстан ширек ғасырдан көп уақыт басқа мемлекеттерге түсті металдар, мұнай, көмір, химиялық тыңайтқыш, ауыл шар- уашылық өнімдері сияқты шикізаттарды өндіруші ел ретінде дамыды. Табиғи ресурстарды рационалды емес қолдану Қазақ- стан территориясында жасанды биохимиялық мекеннің пайда болуына алып келді:

  • Шығыс Қазақстанда: қорғасын, мырыш, мышьякты;

  • Шымкент қаласының аймағында: фосфорлы-қорғасынды;

  • Тараз қаласының аймағында: фосфорлы;

  • Ақтөбе қаласының аймағында: хромды.



Солтүстік Қазақстанның магнитті темір кендері жəне оны өңдеу жолдары


Солтүстік Қазақстанда темір кенінің, отқа төзімді материал- дардың жəне алюминий мен полиметалдардың бай қоры жатыр.
Негізгі тау-кен кəсіпорындары Қостанай бассейніндегі темір кенінің бай қорына, Торғай бокситіне жəне Жетіғара асбестіне шоғырланған. Солтүстік Қазақстанның темір кені технология- лық өңдеуіне байланысты магнитті жəне фосфорқұрамды болып бөлінеді.
Соколов-Сарыбай кен байыту комбинатынан магнитті темір кені елдің металлургиялық кəсіпорындарына жіберіледі. Құрамында фосфоры көп темір кені арнайы технологиялық қайта өңдеуді талап етеді. Осы аймақта сала аралық металлургиялық- химия кешенін құруға жол ашады. Солтүстік Қазақстанның метал- лургия өнеркəсібі Соколов-Сарыбай комбинатына шоғырланған. Онда республика бойынша темір кенінің 65% үлесі сəйкес келеді. Бұл кəсіпорын өзінің энергия сыйымдылығымен ерекшеленеді.
Солтүстік Қазақстанда темір кені сонымен қатар Қашар кен орнында өндіріледі. Солтүстік Қазақстанның минералды-шикі- зат ресурстарын тиімді қолдану мен өнеркəсіпті кешенді дамыту машина жасау жəне химиялық өнеркəсіп сияқты салалармен қатар дамуы тиіс.
Химиялық өнеркəсіптер Қостанай облысына шоғырланған. Мұнда 25 мың тоннадан жоғары химиялық талшықтар мен жіптер, сондай-ақ 384 т синтетикалық жуғыш заттар өндіріледі. Ең ірі химиялық өндіріс «Химталшық» кəсіпорыны болып табылады. Бұл регионда аз тиражды автокөліктер үшін двигательдер өн- діретін Петропавл зауыты жұмыс атқарады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет