Республиканың ірі индустриалды-аграрлы аймағының бірі (Ақмола жəне Қарағанды облыстары) Орталық Қазақстан бо- лып табылады. Онда көмір, химиялық өнеркəсіп, түсті жəне қара металлургия, жеңіл жəне тамақ өнеркəсібі, ауыл шаруашылық салалары жақсы дамыған.
Облыстың ежелден келе жатқан маңызды саласының бірі көмір өнеркəсібі. Бұл көмір өнеркəсібі өндірістің басқа салаларын дамытуға мүмкіндік берді. Бұрынғы КСРО кезінде Қарағандыда Оралды, Орталық Азияны, Повольже мен Қазақстанды қамтамасыз ететін негізгі көмір базасы құрылған еді.
Қарағанды бассейнінде республика бойынша 37% тас жəне 100% кокстелген көмір өндіріледі. Республиканың тəуелсіздік алуына жəне өзінің жеке металлургия өндірісін құруына бай- ланысты бұл бассейннің кокстелген көмірін өндіру бірден өсті. Көмір өнеркəсібімен қатар бұл регионда еліміздің өндірістік күшіне үлкен əсер ететін қара металлургия саласы ерекше орын алады. Бұл саланың дамуы мына факторларға байланысты.
Біріншіден, Көктөбе-Тоқай жəне Атасу кен орындарында темір кенінің үлкен қорының болуы. Орталық Қазақстанның қара металлургия кəсіпорны Көктөбе-Тоқай жəне Атасу темір кен орындарынан əкелінген шикізатпен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар темірдің кен орындары осы аумақтың басқа да аймақтарында болуы мүмкін деген болжамдар бар.
Екіншіден,Солтүстік Қазақстанның көрші аудандарындағы темірдің ірі кен орындары Қарағанды металлургия комбинаты- ның ұзақ жылдар жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Үшіншіден, Ертіс-Қарағанды-Жезқазған каналын сумен қамтамасыз ету мəселесін, яғни ол металлургияның даму келе- шегін, экономикалық жəне экологиялық мəселелерді толығымен шешті.
Қарағанды облысында болат балқыту өнеркəсібі үшін флюс алуға болатын ізбесті өндіретін жəне қайта өңдейтін Оңтүстік- Топар кен басқаруорны жұмыс істейді.
Қарағанды металлургия комбинаты 100% шойын, қара металдың дайын прокатынан 94% болат өндіреді. Бұл метал- лургия өндірісі тек Қазақстанда ғана емес бүкіл ТМД бойынша ең ірі металлургия өнеркəсібі болып табылады.
Сонымен қатар Орталық Қазақстанның тағы бір ең үлкен өнеркəсіп салаларының бірі түсті металлургия өнеркəсібі, солар- дың ішінде мыс өндіру саласы жақсы дамыған.
Мыс кендерінен мыс концентраттары мен мыс рафинаттары алынады. Орталық Қазақстандағы ең ірі мыс өнеркəсіптері Жез- қазған жəне Балқаштау металлургия комбинаты болып табылады. Бұл өнеркəсіпке мыс шикізаты Орталық Қазақстан- ның мыс кендерінен жəне көршілес Жамбыл, Павлодар жəне Шығыс Қазақстан облыстарынан əкелінеді.
Орталық Қазақстан аумағында Жайрем қорғасын кен орныныңбазасында жұмыс атқаратын Жайрем қорғасын- мырыш кен өндіру комбинаты жұмыс істейді.