Пікір жазғандар


Қазақстанның полиметалды байыту комбинаттарының даму перспективалары



бет30/73
Дата20.02.2023
өлшемі2,49 Mb.
#169403
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   73
Байланысты:
Қалдықсыз технология тиімділік және сапа оқу құралы

Қазақстанның полиметалды байыту комбинаттарының даму перспективалары


Қазіргі таңда вольфрам-молибденді минералды шикізатта- рын (Жамбыл атындағы кеніш) өндіріп жəне қайта өңдейтін Ақжал полиметалды байыту комбинаты қатарға қосылды. Орта- лық Қазақстанның полиметалл концентраттарының бір бөлігі одан ары қайта өңделу үшін ауданнан тыс жерлерге жіберіледі.
Түсті металлургия саласының қарқынды дамуы бұл регионда экологиялық жəне экономикалық мəселелерді шешуге мүмкін- дік береді. Ең басты мəселелердің бірі жұмыс атқарып тұрған түсті металлургия өнеркəсібінің шикізат базасын күшейту. Соның ішінде ең алдымен Балқаш металлургия комбинаты. Себебі, Балқаш көлі Алматы, Талдықорған, Семей, Жезқазған облыстарының бір бөліктерін алып жатыр. Оған құятын Іле мен Балқаш маңына 42% гидроэнергетикалық жəне 22% су ресурстары, пайдалы қазбалардың ірі қорлары (мыс, қорғасын-мырышты, вольфрам-молибденді, құрылыс материалдары) шоғырланған.
Көл мен оның бассейні «Балқашмыс» өнеркəсібінің, Балқаш ЖЭС-ның, Балқаш балық шаруашылығынан шығарылған қал- дықтармен ластанады. «Балқашмыс» өнеркəсібі мен ЖЭС ағы- зынды суларының құрамы мыс, мырыш, титан, барий, никель, ванадий жəне басқа микроэлементтерінен тұрады. Балқаш қала- сының атмосфералық ауасы осы өнеркəсіптердің газды қалдық- тарымен ластанған. «Балқашмыс» өнеркəсібінің өзінен ғана 2005 жылы атмосфераға 289 мың т күкіртті газ, 394 мың т азот оксидтері, 3,0 мың т қорғасын шығарылған.
Технологиялық процестерді интенсификациялау рафинадтал- ған мыс өнеркəсібінің дамуына, түсті металдарды прокаттауға, күкірт қышқылын алуды кеңейтуге мүмкіндік береді. Өнеркəсіптің шикізат базасын нығайту Бозшакөл, Шатыргүл, Ақтоғай кен орындарын зерттеу мен барлауға жəне ұзындығы 180 км болатын Саяқ-Ақтоғай темір жолының құрылысын жасауға байланысты болады.
Екінші басқа мəселе шикізатты кешенді қолдану. Орталық Қазақстанның түсті металлургиясы көп компонентті кенмен
жұмыс істейді. Ол кеннің құрамы тек мыс қана емес, басқа да полиметалдарға бай. Қазіргі таңда аймақтың мыс балқыту зауыттары қорғасынның, мырыштың, молибденнің жəне басқа элементтердің айтарлықтай көп бөлігін жоғалтып отыр. Өнер- кəсіптің қуаты артқан сайын жоғалтуда қарқынды өседі. Бұл мəселені шешудің бір жолы металлургия өнеркəсібінің реконс- трукциясы негізінде мыс кенін қайта өңдеудің арнайы техноло- гиялық сызбасын зерттеу.
Полиметалл кендерін өндіруде жергілікті базаны кеңейту үшін осы аймақта жеке мырыш жəне қорғасын өнеркəсібін салудың экономикалық негізін зерттеу қажет. Полиметалл кенін өндірудің жергілікті базасын кеңейту үшін осы аймақта жеке мырыш жəне қорғасын өнеркəсібін құрудың экономикалық негізін зерттеуді талап етеді. Сонымен қатар Жезқазған өнеркəсіптік ауданын дамыту құрылыс өнеркəсібі мен құрылыс индустрия- сында материалдық-техникалық базаны нығайту мен капиталдық құрылысты ұйымдастыруды жетілдіруге байланысты болады.
Орталық Қазақстанның көптеген аймақтары, атап айтқанда Қарағанды, Жезқазған, Ақтөбе облыстары металлургия өнеркə- сіптерінің, əсіресе қара металлургия өнеркəсібінің қалдықтары- мен қатты ластанып отыр. Олардың қалдықтарының жалпы үлесі – 18,6%. Сонымен қатар бұл өнеркəсіп орындарының көбі санитарлық қорғау зонасы жоқ халық тығыз қоныстанған елді мекендерге жақын орналасқан.
Қара металлургия өнеркəсібінен шығатын қалдықтың төрттен үш бөлігі Қарағанды металлургия комбинатына тиесілі. Ол Теміртау қаласы мен Қарағанды облысының ауа бассейнін ластап отыр. Ондағы ластаудың негізгі көздері домна пештері, агломе- рация фабрикасының кокстеу батареялары. Аймақта атмосфе- ралық ауа, су, топырақ формальдегидпен, бензопиренмен, фенол- мен, шаң-тозаңдармен, азот диоксидімен, нитраттармен, сынаппен ластанады. Қазақстанның Оңтүстік Шығыс бөлігіне Алматы жəне Талдықорған облысының өндірістік аймақтары кіреді. Аймақтың шаруашылық профилі айтарлықтай кең. Онда машина құрылысы, түсті металлургия, жеңіл жəне тамақ өнеркəсіптері дамыған.
Қазақстанның оңтүстік астанасы Алматы қаласы республи- каның ірі кəсіпорынды орталығы болып табылады. Мұндағы негізгі өндірістік кəсіпорындар машина құрылысы, металл
өңдеу, ағаш өңдеу, жеңіл, тамақ, полиграфия өнеркəсіптері мен құрылыс материалдары өнеркəсіптері болып табылады.
Машина құрылыс кешеніне мынадай «АЗТМ» АҚ, «Электро- прибо», «Эталон», «Металлист» зауыттары сияқты ірі кəсіпорын- дар кіреді. Бұл өнеркəсіптердің негізгі өнімдері – металл кесетін станоктар, автоматтандыру жүйелерінің аспаптары, автокөлік пен тракторларға бөлшектер, жуғыш машиналар жəне т.б. тұрмыстық заттар. Бұл кəсіпорындардың спецификалық ерекшелігі өнеркəсіп салаларында қолданып жатқан шикізат базасы жергілікті ресурстардан емес сырттан келген шикізатпен қамтамасыз етіледі.
Жеңіл жəне тамақ өнеркəсіптері жақсы дамыған. Олар «АХБК- АҚ, «Озат» АҚ, «Жетісу» акционерлі аяқ-киім фабрикасы,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет