Байланысты: Қалдықсыз технология тиімділік және сапа оқу құралы
Материалдымеңгеругежəнеқайталауғаарналғансұрақтар Аз жəне қалдықсыз технологияны құру концепциясының негізгі жуық- тауларын атаңыз.
Экологиялық таза өнеркəсіп құруда қандай əдістер жинақталуы қажет?
Ресурс үнемдейтін аз қалдықты технологияда негізгі ұғымдар мен анықтамаларды атаңыз.
Табиғатты рационалды қолданудың жалпы инженерлік принциптерін құрыңыз.
Қалдықсыз өнеркəсіптің негізгі критерийлері мен принциптерін атаңыз.
Табиғатты қолдануға жүйелік жақындаудың негізгі орны қандай?
Аз қалдықты жəне қалдықсыз технологияны құруда тиімді əдістердің бірі мыналар болып табылады: жұмыс істеп тұрған базада ағынсыз жүйенің əр- түрлі əдістерін құру. Ағынсыз жүйелер құруға мысалдар келтіріңіз.
Аз қалдықты, ресурс үнемдейтін, экологиялық, қалдықсыз деген техно- логиялық ұғымдардың анықтамасын жəне ұғымын беріңіз.
90
Шикізат жəне энергетикалық ресурстарды кешенді қолдану деген нені білдіреді?
Өнеркəсіптің экологиялық төл құжатын құрудың мақсаты не?
Өнеркəсіптің материалдық жəне энергетикалық балансы қалай құрылады?
Пирит күйлері қайда жəне қандай өнеркəсіп орындарында екіншілік шикізат материалы ретінде қолданады? Оларды цемент, шыны өнеркəсіп- терінде жəне құрылыс материалдарын жасау өнеркəсіптерінде қолдануға бола ма? Қандай сызба бойынша?
Қалдықсыз технология құрудың негізі болып табылатын селективтігі жоғары химиялық процестерге мысал келтіріңіз.
Қандай химиялық реакцияларды біріктіруде қалдықсыз технологияны дамытуға септігін тигізетін қосымша реакцияларды төмендетуге жəне реагент- тердің айналу дəрежесін жоғарылатуға болады?
Аз жəне қалдықсыз технологияның мəселелерін шешуде катализдің қолдануына мысал келтіріңіз.
Мұнайды гидробессервирлеуге қандай катализаторлар қолданылады?
Шикізатты кешенді қолдануда тек мақсатты компонент қана емес, барлық қосымша компоненттер де бөлінетіндігі жайында мысалдар келтіріңіз.
Қазақстанның борөңдеу, фосфор өнеркəсіптерінде аз жəне қалдықсыз технологияны құрудың келешегі қандай?
Өнімдердің дəстүрлі түрлерін алудың жаңа принципиалды процестерін құру мүмкіндіктеріне мысал келтіріңіз (күкірт қышқылы, минералды тыңайт- қыштар, сары фосфор жəне т.б.).
Қалдықсыз технологияны дамыту үшін аймақтық өнеркəсіптік кешенді
(АӨК) құру мен зерттеудің негізгі принциптері.
Қалдықсыз технологияны дамыту мақсатында шикізаттың арзан жəне қол жетерлік түрін қолдануға негізделген альтернативті процестердің негізгі принциптері.