Пікір жазғандар


Аз қалдықты жəне қалдықсыз технологияның маңызды құрамы – шикізатты кешенді қолдану



бет36/73
Дата20.02.2023
өлшемі2,49 Mb.
#169403
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   73
Байланысты:
Қалдықсыз технология тиімділік және сапа оқу құралы

Аз қалдықты жəне қалдықсыз технологияның маңызды құрамы – шикізатты кешенді қолдану


Мұндай технологияны реализациялаудың негізгі принципі шикізаттың бір түрінен өнімнің бірнеше түрін алуға болатын, көбінесе бір саланың шегінен шығып кететін, көптеген мақсат- тарға бағытталған қосымша шығындарды талап етеді. Сондық- тан жуықтаудың мұндай тиімділігін сала аралық деңгейде анықтауға болады.
Шикізатты кешенді қолданудың тиімділігін бағалауда шикізаттың сапасы сияқты көрсеткішті маңызды көрсеткіш ретінде ескеру қажет. Шикізаттың сапасы неғұрлым жоғары болса, оны толығымен кешенді жəне технологиялық жойылуы минималды деңгейде қолдану соғұрлым тиімді болады. Осы- лайша, мысалы құрамында сапасы өте жақсы май фракциясы көп болатын мұнайды жəне құрамында ароматты көмірсутектері көп болатын конденсаттарды қолдануға болады.
Қазіргі кезде 50%-ға дейінгі болат металл қалдықтарынан өндірілетіндігі белгілі. Бұл жүздеген миллион тонна темір кенін, коксты, ізбесті жəне басқа флюстерді үнемдеуге мүмкіндік береді. Металл өнімдерін шығару шегі жəне ғылыми-техника- лық прогресті жеделдетуге байланысты тозған жəне ескірген машиналарды, аспаптарды жəне қондырғыларды эксплуатация- лау жылдамдығы артады. Сондықтан болат, тіпті кейбір металдарды шығару өнеркəсібінде екіншілік шикізат ретінде келешекте амортизацияланған ломды қолданудың үлесі өсуде.
Екіншілік шикізаттан 1 т түсті металдарды алу үшін қажет болатын энергетикалық, еңбек жəне басқа ресурстар металдар- дың біріншілік өндірісіне қарағанда ондаған есе аз болады. Мысалы, екіншілік шикізаттан 1 т алюминий өндіруге кететін
энергияның шығыны 30 есе, мыс алуда 6 есе, мырыш алуда 3,8 есе, қорғасын алуда 3,2 есе аз болады. Екіншілік шикізаттан алынатын 1 т қара мыс пен алюминийдің өздік құны кен шикіза- тынан өндірумен салыстырғанда 4 есе төмен болады, сондай-ақ меншікті капиталдық салымы да сонша есе төмен болады. Қа- зіргі кезде түсті металл өнеркəсібінде екіншілік шикізаттың барлық ресурстарын мобилизациялауда, металлургиялық кешен- де тиімді қалдықсыз технологияны құру ең басты мəселе болып табылады.
Химиялық өнімдердің өнеркəсібінде (пластикалық масса жəне синтетикалық шайыр, минералды тыңайтқыш, резеңкеден жасалған бұйымдар жəне т.б.) қалдықсыз технологияны құру- дың тиімділігі қалдықтарды екіншілік қайта өңдеумен тығыз байланысты болады.
Полимерлі материалдардың қалдықтарының жыл сайынғы көлемі (одан ары тұтынуға жарамайтын пленкадан жасалған ыдыстар, құбырлар, фитингтер жəне т.б.) полимеризациялық пластмасса өнеркəсібінің жылдық көлемінің жартысына дейін жетеді. Өкінішке орай полимеризациялық материалдар өнеркə- сібі үшін екіншілік шикізатты қайта өңдеу мен жинақтау, жалпы алғанда, мүлдем ұйымдастырылмаған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет