Пікір жазғандар



бет39/73
Дата20.02.2023
өлшемі2,49 Mb.
#169403
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   73
Байланысты:
Қалдықсыз технология тиімділік және сапа оқу құралы

ІС-ТƏЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР




№ 1 жұмыс Сұйықтың ағу режимін анықтау




Кіріспе
Бүгінгі таңда су туралы басты мəселелердің бірі өнеркəсіпте қолданған суды сыртқа шығару мен оларды тазарту, ағынсыз өнеркəсіпті құру болып табылады. Шайынды сулар табиғи судың 1/3 бөлігін ластап отыр. Судың химиялық ластануы аса қауіпті. Көбінесе көлдер мен өзендер оларға түсетін химиялық заттардан (тыңайтқыштар, қала құбырларының шайындылары, өнеркəсіп өндірісінің органикалық қалдықтарынан) зардап шегеді.
Тазарту сызбасын таңдау тазартылатын шайындылардың көр- сеткішімен, қоспаларды тазару жəне өнеркəсіптің қажеттілігіне байланысты тазартылған суды екінші қайта қолдану мүмкіндік- терімен, су қоймасының күйімен жəне судың сапасымен т.б. анықталады.
Сондықтан өнеркəсіптік шайынды суларды тазарту процесін рационалды жүзеге асыруда жұмысты сұйықтың ағу режимімен жүргізу үшін ең алдымен гидростатика жəне гидродинамика заңдарымен танысу қажет.
Химия өнеркəсіптеріндегі көптеген технологиялық үрдістер сұйық ортамен араласқан сұйықтың, газдың жəне будың қозға- лысына, сондай-ақ біртекті емес қоспаны тұндыру, сүзу жəне центрифугалау жолдарымен бөлуге байланысты болады. Осы үрдістердің барлығының жылдамдығы гидромеханика заңдарымен анықталады. Мұндай үрдістер гидромеханикалық үрдістер деп аталады. Гидромеханика заңдары мен олардың іс-тəжірибелік қолдануы гидростатика жəне гидродинамика деп аталатын екі бөлімнен тұратын ғылымда зерттеледі.
Гидростатика тыныштық күйдегі тепе-теңдік заңдарын, гид- родинамика сұйықтың жəне газдың ағу заңдарын қарастырады.
Гидравликада сұйық, газ жəне буды сұйық деп аталатын бір- дей атаумен атау қабылданған. Бұл сұйық пен газдың (буы) қозғалыстарының жылдамдығы дыбыс жылдамдығынан айтар- лықтай төмен болса, онда олардың қозғалыс заңдарының бірдей екендігімен түсіндіріледі. Сондықтан енді сұйықтар деп оған тіпті аздаған қозғалыс күшімен əсер еткенде ағу қасиетіне ие болған заттар аталатын болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет