Пікір жазғандар



бет40/73
Дата20.02.2023
өлшемі2,49 Mb.
#169403
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   73
Байланысты:
Қалдықсыз технология тиімділік және сапа оқу құралы

Гидравликада негізгі заңдарды таңдауда гипотетикалық идеал сұйықтық ұғымы енгізіледі. Оның (тұтқыр) сұйықтықтан айыр- машылығы қысымның əсерінен сығылмайды, температураның өзгеруімен тығыздығы өзгермейтін тұтқырлығы жоқ сұйықтық.
Шынайы сұйықтықтар тамшылық жəне серпімді болып бөлінеді (газ бен бу).
Тамшылы сұйықтықтар мүлдем сығылмайды жəне оның кө- лемдік кеңею коэффициенті өте аз болады. Серпімді сұйықтық- тардың көлемі температураның немесе қысымның өзгерісімен қатты өзгереді.
Əдетте тыныштықтағы немесе қозғалыста жүзеге асатын хи- миялық технология процестерін есептеуде сұйықтықтардың келесі физикалық қасиеттері қарастырылады: тығыздық жəне меншікті салмақ, қысым, тұтқырлық.
Тығыздық жəне меншікті салмақ. Сұйықтық көлемінің масса бірлігі тығыздық деп аталып, былайша өрнектеледі:
= m/ V,
мұндағы, m – сұйықтық массасы; V – сұйықтық көлемі
Қысым. Сұйықтық өзі тұрған ыдыстың қабырғасы мен түбіне, сондай-ақ сол сұйықтыққа салынған заттың бетіне қысым түсіреді.
Тыныштықта тұрған сұйықтықтың ішкі көлемі F болатын қандай да бір ауданды қарастырайық. Берілген нүктедегі аудан- ның орнына тəуелсіз сұйықтық оған қандай да бір Р күшпен əсер етеді. Оны гидростатикалық қысым күші деп атайды. P/F қатынасы орташа гидростатикалық қысымды көрсетеді, F – O қатынасының шегі нүктедегі гидростатикалық қысым немесе жай ғана қысым деп аталады.
p  lim(P / F ).
F 0
Тұтқырлық. Шынайы сұйықтықтың қозғалуы кезінде онда қозғалысты тежейтін ішкі үйкеліс пайда болады. Бұл күштер бір-бірімен салыстырмалы қозғалатын сұйықтықтың көршілес тұрған қабаттарының арасында туындайды. Бөлшектің салыс- тырмалы қозғалысынан үйкеліс туғызатын сұйықтықтың қасиеті тұтқырлық деп аталады.
Газ бен сұйықтықтың қозғалысына байланысты технология- лық процестерді есептеуде ағын қозғалысының сипатын мін- детті түрде ескеру қажет.
Мысалы құбыр арқылы қозғалған сұйықтықтың ағысының екі режимі болады – ламинирленген жəне турбулентті.
Егер жылдамдық аз болса (құбыр диаметрлері тар) сұйық- тықтың ағындары бір-бірімен араласпай сырғанай өзара парал- лель ағады.
Мұндай ағыстар ламинарлы немесе қабатты (тұтқыр),
сонымен қатар ағынды деп аталады.
Сұйықтықтың жылдамдығы жоғары болғанда сұйықтықтың кейбір бөлшектері бір-бірімен параллельді емес, өзара араласып, көлденең бағытта құйын түзе ағады.
Жекелеген бөлшектердің мұндай ретсіз, хаосты қозғалысынан бір мезгілде сұйықтықтың барлық массасы бір бағытта қозғалады. Мұндай қозғалыс турбулентті деп аталады. Турбулентті ағында жылдамдық пульсациясы байқалады. Егер сұйықтық басты бағытта қозғалатын болса, ламинарлы ағысқа қарағанда сұйықтық қозғалысына үлкен энергия шығынын талап ететін ол да көлденең араласуға ұшырайды. Сұйықтықтың ламинарлы қозғалысында ағыс жылдамдығы сұйықтықтың əрбір нүктесінде тұрақты болады, ал турбулентті ағында – қандай да бір орташа мəннің төңірігінде тербеледі (пульсация есебінен, бағыт бойынша мəні мен уақыт өзгереді).
Ламинарлы ағыстың көлденең қима бойынша жылдамдық- тың таралуы парабола бойынша жүреді, мұндағы ағыстың орташа жылдамдығы максималды жылдамдықпен салыстырғанда 0,5 (ағыс осі бойынша) болады.
Турбулентті ағыста жылдамдықтың өзгерісі мейлінше қисығы- рақ өзгереді, орташа жылдамдық жоғары мəннің 0,8-0,9 құрайды.
Тəжірибелік мəліметтер бойынша сұйықтықтың қозғалысы сипаты мына шамаларға тəуелді болады:

  • ағыстың орташа жылдамдығына w, м/с;

  • құбырдың диаметріне d;

  • тұтқырлық;

  • сұйықтықтың тығыздығы (газдың).

Жоғарыда аталған физикалық өлшемдердің қозғалыс жыл- дамдығына əсері Рейнольдс критерийінің мəнімен анықталады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет