Пікір жазғандар


Аз қалдықты жəне қалдықсыз технологияны дамытудың негізгі бағыттары



бет35/73
Дата20.02.2023
өлшемі2,49 Mb.
#169403
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   73
Байланысты:
Қалдықсыз технология тиімділік және сапа оқу құралы

Аз қалдықты жəне қалдықсыз технологияны дамытудың негізгі бағыттары


Аз қалдықты жəне қалдықсыз технологиядағы дамыту төрт негізгі бағытта дамиды:

  1. Тазарту əдістерінде ағынсыз жүйенің əр түрін құру. Осыдан судың қажеттілігі бірден төмендейді де қатты қалдықтар жəне қаныққан ерітінділер түріндегі екіншілік ластану пайда болады.

  2. Өнеркəсіп жəне тұрмыстық қалдықтарын қайта өңдеу жүйе- сін экологиялық жүктеме түрінде емес, керісінше екіншілік материалдық ресурс есебінде енгізу жəне зерттеу. Су жəне газ тазартудың қазіргі заманғы жүйелерін эксплуатациялауда ластайтын заттардың күрделі концентрациялы қоспасы түріндегі қатты қалдықтар түзіледі.

  3. Қалдықтың көп мөлшері түзілетін технологиялық сатының немесе қайта өңдеу сатысының этаптарын қысқартуға мүмкіндік беретін өнімнің дəстүрлі түрін алудың жаңа принциптерін құру.

  4. Қоршаған ортаға қалдықты аз шығаратын аймақтық өнеркəсіптік кешенде (АӨК) шикізат пен қалдықтың материал- дық ағынының тұйықталған құрылысын құру жəне зерттеу.

Даму бағыты осы немесе басқа жолмен шешілген экономи- калық жағдайға, кейбір кездерде – осы аймақтың табиғи ерекше- ліктеріне тəуелді болады. Егер өнеркəсіп орналасқан ауданда су ресурстарының жетіспеушілігі байқалса, онда осы ауданның даму келешегінің көзқарасы бойынша ең алдымен су айналым- дық циклі енгізіледі.
Осыдан қатты қалдықтың мөлшері артып кетсе, соның ішінде су айналымының жинақталу мөлшері артып кетеді. Бұл жер асты жəне жер беті су көздерінің ластануына алып келеді. Сондықтан ағынсыз су жүйесіне қайта өңдеу немесе ең болма- ғанда, қатты қалдықтарды қауіпсіз сақтаудың жолдары енгізілуі қажет.
Қазіргі кезде өнеркəсіп қалдықтарын саудалық өнімге қайта өңдеп тазартудың əртүрлі əдістері зерттелген. Қара жəне түсті металлургия, жылу электр станциялары, фосфор өнеркəсібі сияқты өндіріс орындарының көптонналы қалдықтарын негізгі тұтынушылар құрылыс материалдарының өнеркəсіптері, ал кей- бір аймақтарда ауыл шаруашылық салалары болып табылады.
Дегенмен, кейбір химиялық өнеркəсіптердің қалдық түр- лерін тазарту мүмкін болмай отырғандығын айта кету керек. Тиімді аз қалдықты технологияны құрудағы кемшіліктердің негізгі себептері мыналар болып табылады:

  • өнеркəсіпті жобалау мен реконструкциялауда технология- лық циклге қалдықтарды қайта өңдеуге немесе оларды өнеркə- сіптің басқа салаларына қайта өңдеу үшін дайындауға арналған тазартқыш құрал-жабдықтар тең дəрежеде енгізілмейді;

  • Өнеркəсіпті жобалау мен реконструкциялауда техноло- гиялық циклге қалдықтарды қайта өңдеу мен өнеркəсіптің басқа салаларына дайындауға арналған тазартқыш құрал-жабдықтар тең дəрежеде енгізілмейді;

  • экологиялық талаптарды ескерген қалдықтарды тиімді қайта өңдеудің экономикалық есептеу əдістері, сондай-ақ эконо- микалық тиімділікке негізделген өнеркəсіптер жоқ;

  • түзілген қалдықтардың көлемі, физика-химиялық қасиет- тері мен олардың қолданылуы туралы шұғыл хабарламалардың болмауы.

Жаңа технология өнеркəсіптің осы даму кезеңінде жұмыс істеп тұрған технологиямен бəсекелесе алатындай ең заманауи техника-экономикалық көрсеткіштермен сипатталуы тиіс. Сəй- кесінше, қалдықтардың азаюына байланысты жаңа технология- лық процестерді құрудың қажеттілігі туындайды.
Шикізатты сары фосфорға қайта өңдеуде көп мөлшерде қосымша заттар түзіледі.
Қатты қалдықтар – шлак, феррофосфор, котрельді тозаң.
Сұйық қалдықтар – котрельді сүт, фосфоршикізатының тұндырмасының шламдары, шайынды сулар.
Газтəрізді қалдықтар – агломератты біріктіру кезіндегі газ тəрізді қалдықтар, фосфор алу кезінде түзілген пеш газы, феррофосфор қожын құю кезінде бөлінетін газдар. Яғни 1 тонна фосфор алу барысында 10 тоннадан көп шлак, шамамен 100 кг феррофосфор, сонымен қатар басқа ферроқұрамды тозаңдар, газдар жəне сұйық қалдықтар түзіледі.
Күкірт қышқылын темір колчеданынан алу кезінде күкірттің негізгі массасын алып алғаннан кейін ұнтақ – пиритті күйе түзіледі. Əрбір тонна күкірт қышқылы түзілгенде, шамамен 0,6 т күйе түзіледі. Күйенің құрамында 58% темір, 5% дейін мыс, кальций сульфаты, аз мөлшерде күміс жəне басқа түсті компо- ненттер бар.
Пиритті күйелер цемент, шыны жəне құрылыс материал- дарының өнеркəсібінде кеңінен қолдануы мүмкін. Күйені це- мент клинкерін күйдіру үшін қолданатын қоспалардың бір компоненті ретінде қолдану, кенді емес материалдарды өндіру мен өңдеуге, сонымен қатар қалдық қоймаларының құрылысына жұмсалатын қаражатты айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік
береді. Цемент өнеркəсібінде осы шикізатқа деген сұраныс үздіксіз артып отыр.
Пиритті күйелердің құрамында темірмен бірге түсті метал- дардың болуы оларды қара жəне түсті металлургияда қолдануға мүмкіндік береді. Оларды қайта өңдеудің бір жолы қайта флотациялаудағы концентраттан алынған күйені хлорлап, күйдіру болып табылады. Қалдықсыз технология сол саланың спецификасына байланысты дамиды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет