«Аллам» трикотаж бірлестігі, «Қыз-Жібек» «Надежда» тігін фабрикалары жəне басқалар. Тамақ өнеркəсіптері «Жігер» сүт, жеміс, ет консервілеу, темекі комбинаттары, шəй жəне маргарин зауыттары. Талдықорған аумағында таукен жəне агроөнеркəсіп жақсы дамыған. Текелі кен орнының полиметалл кенін өндіру негізінде құрылған «Казқорғасын» өндірісі тиімді жұмыс атқарып отыр. Бұл кəсіпорын Шымкент қорғасын комбинатына шикізат жеткізіп отырады.
Бұл аймақта қант жəне жеміс консервілеу кəсіпорындары маңызды роль атқарады. Қызылша өсіруді дамытумен көптеген кəсіпорындар отандық фирмалардың басқаруына енген.
Алматы мен Талдықорған сияқты ірі қалалардың ауа бас- сейндерін ЖЭС мен автокөліктерден шыққан улы газдар лас- тайды. Мысалы Алматы қаласы үшін автокөліктерден шыққан улы газдардың мөлшері 70%-ды құраса, Талдықорған қаласы үшін 60%-ды құрайды.
Қазақстанның мұнай-газ кешенінің өнеркəсіптік дамуы ОңтүстікБатыстың өнеркəсіптік аудандарына Атырау
жəне Маңғыстау облыстары кіреді. Бұл аймақ Қазақстанның
бірден-бір экономикалық региондарының бірі болып табылады. Мұнда өнеркəсіптің профирленген саласы болып табылатын мұнай мен газ өндіру салалары жақсы дамыған. Бұл салалардан басқа балық шаруашылығы мен мұнай химиясының өнеркə- сіптері де айтарлықтай дамыған.
Қазақстанның бұл аймағында мұнай мен газдың жаңа кен орындары ашылу жалғасуда. Ең ірі кəсіпорындары «Тенгиз-
Шеврон», «Тенгизнефть» бұрғылау скважиналары. Бұл компа- ниялардың негізгі профильдік саласы көміртек шикізатын өндірумен қатар құрылыс материалдарын өндіру, мұнай мен газ өнімдерін қайта өңдеу, қара жəне түсті металлургия өнімдерін өндіру, жаңа технологияларды, əсіресе ЖЭС салаларында сауда- саттық іскерлігінде маркетингтік делдалдық қызмет көрсетуді жетілдіру болып табылады.
Батыс Қазақстанның Каспий аймағындағы Атырау жəне Ақтөбе облысының батыс бөлігі мұнай жəне газ кен орындарымен ластанады. Тенгиз жəне Қарашаған газконденсаттарының кен орындарын игеруге байланысты қоршаған ортаға зиянды заттар- дың тасталуы бірден өсіп кетті. Азот, күкірт, көміртек оксидтері мен күкіртсутек жəне т.б. химиялық заттар тек өнеркəсіп орталық- тарының ғана емес, облыстың белгілі бір аймағын да ластап отыр.
Каспий мұнай газ кешенін құру аймағында су мəселесі туындап отыр. Қазіргі таңда жер бетінің суларының сульфатпен ластануы мөлшерден асып кеткен. Сульфат мөлшерлері Орал өзенінде 2, Ембі өзенінде 4 есе өскен, ондағы мұнай мен мұнай өнімдерінің орташа мөлшері ШРК 0,4-4 аралығында болып отыр. Қарашаған газ конденсаты кен орнындағы су көздеріндегі ластағыш заттарды ШРК бойынша нитраттың мөлшері 28,0, бор мен фенолдың мөлшері 2,0, хромдыкі 32,0 құрайды.
Ақтөбе хром қосылыстары зауытының өндірістік ағызынды сулары ауыз-су көздерін ластап отыр. Бұл аймақтағы халық денсаулығына əсер етеді. Ақтөбе мен Алға су құбырларындағы хром мен бордың мөлшері ШРК асып кеткен. Хром қосылыс- тарының айтарлықтай мөлшері тіпті Орал өзенінде табылған. Су көздерінің мұндай ластануы аудан халқын сумен қамтамасыз етудегі күрделі мəселені одан сайын қиындатып жібереді. Кенді Алтай аймағындағы табиғаттың ластануы шешімін таппай отырған ең күрделі мəселелердің бірі болып отыр. Онда түсті металлургияның 12 кəсіпорны шоғырланған. Өскемен жəне Зырянск қалаларының ауа бассейндерінің ластану деңгейі ШРК 7,4-7,8 есе артып отыр. Жағдайдың мұндай күрделенуі бұл ай- тылып отырған өндіріс орындарының қала маңына орналасуына байланысты туындап отыр.