Күкірт ангидридін сіңіру күрделі мəселе болып табылады. Қазіргі кезде күкірт ангидридін кетірудің бірнеше əдістері зерттелген: ізбесті, аммиакты-циклді жəне магнезитті.
Солардың ішінде ең қарапайым жəне кең тараған технология- лық əдіс – ізбесті əдіс болып табылады. Онда сулы ерітіндідегі ізбесті суспензия пайдаланылады. Күкірт ангидриді осы суспен- зиямен əрекеттесіп, кальций сульфиті мен сульфатын түзіп, ерігіштігі өте төмен болғандықтан қож түрінде сыртқа шығары- лады. Сондықтан жылу электр станцияларында жаңа қож жинағыш
орындар құрылу керек. Соған байланысты қолданбайтын қождарды сақтау үшін жаңа жер телімдері бөлінуі тиіс.
Аммиакты-циклдік əдіс.Бұл əдіс төменгі температурада аммоний сульфаты мен бисульфатының ерітінділерімен күкірт диоксидін сіңіруге негізделген. Соңынан концентрленген күкірт диоксидін қыздыру арқылы сыртқа шығарылады. Аммоний тұзының ерітіндісі суытылған түтінденген газ келіп түсетін сіңіру қондырғысы қыздырғанда күкіртті газ бөлінетін регенера- циялау қондырғысының арасында айналымда жүреді. Оны олеуммен құрғатып, күкірт қышқылын алу үшін кəдімгі жанасу қондырғысына жібереді. Осы процесс кезінде аммоний бисуль- фиті мен сульфатының ерітіндісі ыдырап, жүйеден сыртқа шығарылатын аммоний сульфаты мен тиосульфаты түзіледі. Аммоний сульфаты мен тиосульфаты ыдырағаннан кейін күкірт алынады.
Магнезиалдықəдіс. Бұл əдіс аммиакты-циклдік əдіс сияқты арнайы реагентпен күкірт диоксидін сіңіруге арналған. Арнайы реагент ретінде магний сульфиті қолданылады. Ол соңынан магний оксиді мен күкірт ангидридіне ыдырайды. Скрубберлі технология сəйкес параметрлерді іріктеуде газдың тазару дəрежесін 95-99% дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда газдың абсорбентке келу жылдамдығын, суғару тығыз- дығын, шыққан газдың температурасын жəне т.б.
Экономикалық есептеулердің көрсетуі бойынша жылу электр станцияларындағы қоршаған ортаға зиян келтіретін қалдық газдарды регенеративті газ тазартқыш қондырғылармен тауарлық өнімге, ең алдымен күкірт қышқылына айналдырудың шығыны аз уақыттың ішінде орнын толтыруы мүмкін (3-4 жыл). Отындағы күкіртті кетірудің басқа бағыты минералды шикі- затты қайта өңдеу процесінде күкіртті бөлу əдісімен байланысты болады. Сұйық отынның газификациялану процесі зерттеледі, яғни мазуттың жағу алдында газ фазасынан күкіртті бөлуі. Колчеданды күкіртті қатты отыннан сепарациялаудың техноло- гиялық əдісі ұсынылған. Бірақ күкірт органикалық қосылыс-
тардан былайша мүлдем бөлінбейді.
Жылу электрстанциялары шығарған газдарды күкірт диокси- дінен тазартудың жəне отыннан күкіртті бөлудің болашағы параллель бағытта дамуы мүмкін. Оның соңғы жетістігі
техника-экономикалық есептеулермен жəне күкірт қышқылы- ның жетіспеуімен анықталады.
Жылу электр станцияларының тағы бір қалдығы болып табы- латын ағынды сулардың бірнеше түрі бар: мұнайменластанған сулар, жуынды сулар, аймақтағы жауын сулары, гидрозоль кетіру жүйелерінің сулары, су дайындау жəне айналымдағы су жүйесін қамтамасыз ететін айдау қондырғыларындағы тұзды ерітінділер.