Пікір жазғандар



бет10/73
Дата20.02.2023
өлшемі2,49 Mb.
#169403
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   73
Байланысты:
Қалдықсыз технология тиімділік және сапа оқу құралы

Суды тазартудың түрлері


Суды тазартудың үш негізгі түрі бар – локальдық, зауыт- тық, аудандық немесе қалалық. Локальдық немесе цехтық тазарту құралдары ең алдымен бағалы компоненттерді залалсыз- дандыратын технологиялық қондырғылар мен цехтардан кейін бекітіледі. Локальдық қондырғыларда алдын ала тазартпай жүйеге жіберуге болмайтын ағызындыларды тазартады. Көптеген ірі кəсіпорындар жалпы тазартқыш құралдармен жабдықталады. Олардың ішіндегі қазіргі заманға сай механикалық, физио-химия- лық жəне биологиялық тазартқыш сияқты қондырғылары болады. Аудандық немесе қалалық тазартқыш құралдары тұрмыстық жəне ауданның өнеркəсіптік ағызынды суларын тазартуға арналған. Өнеркəсіптік ағызындыларды бірігіп тазартуда шөккен жəне
қалқып жүрген заттардың, коммуникациялар жұмысын бұзатын немесе бітеп тастайтын, қопарылғыш жəне жанғыш заттардың құрамын, сонымен қатар температураны регламентирлеп (жүйе- леп) отыру қажет. Кейбір химиялық заттар микроорганизмдерге əсер етіп, олардың өмір сүруін бұзады. Мысалы, фенол, формаль- дегид, эфирлер жəне кетондар протоплазмадағы белоктарды денатурациялайды немесе жасуша қабықшаларын бұзады. Əсіресе ауыр металдардың улылығы өте жоғары болады. Олардан улылы- ғының төмендеу бағыты бойынша мынадай қатар құруға болады:
Hg, Sb, Pb, Cr, Cd,Ni, Zn,Cu, Fe
Осыған байланысты ағызынды сулардағы көрсетілген элемент- тер биологиялық тазартуға келіп түскенде шектеледі. Ағызынды сулардағы улы заттар көбінесе локальдық тазарту қондырғы- ларында жойылады, содан кейін биологиялық тотықтыруға келеді.
Ағызынды суларды механикалық тазарту ондағы ірі немесе ұсақ дисперсті шөккен қоспалардан (қатты жəне сұйық) тазартуға мүмкіндік береді. Ағызынды сулардағы ірі дисперсті қоспалар тұндыру немесе флотациялау арқылы, ұсақ дисперсті қоспалар – сүзу, тұндыру, электрохимиялық коагулияциялау, флокуляциялау арқылы бөлінеді. Олардың құрамындағы бейорганикалық заттар реагенттік əдіспен тазартылады. Реагенттік тазарту əдісі – бейтараптау (қышқылдар жəне негіздер), иондарды нашар еритін түрге айналдыру, минералдық қоспаларды тұздармен шөктіру, улы заттарды тотықтырғыштар жəне тотықсыздандырғыштармен улы- лығы төмен затқа дейін, ұшқыш заттарды қайтымды осмоспен, ультрафильтрациямен, ион алмасумен, иондық флотациямен, элек- трохимиялық тотықтырумен, электролизбен десорбциялау.
Ағызынды сулардағы органикалық қосылыстар былай тазар- тылады:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет